Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2300 0 пікір 11 Сәуір, 2020 сағат 11:40

Өзбекстан коронавирусты анықтайтын сынама жүйесін жасап шығарды

Өзбекстанның Инновациялық даму министрлігі жанындағы Заманауи технологиялар орталығының қызметкерлері коронавирусты анықтайтын сынама жүйе жасап шығарды. Бұл туралы "Өзбекстан 24" телеканалы хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, айдың соңына дейін аталған жүйені тіркеуден өткізіп, алғашқы 50 мың сынаманы іске қосады.

"Министрлік коронавирус инфекциясын анықтау бойынша бірқатар инновациялық жобаларға байқау жариялаған. Соның аясында біздің ғалымдар коронавирусты анықтайтын өздерінің тәсілдерін ойлап шығарды. Бұдан бөлек халықаралық әріптестерімізбен бірге Өзбекстанға қол жетімді дәрілердің антивирустық нәтижелерін зерттеп жатыр" деді елдің инновациялық даму министрі Ибрагим Абдурахманов.

Соңғы мәліметтер бойынша Өзбекстанда коронавирус жұқтырып алған адамдардың саны 624-ке жетті. Олардың үшеуі қаза болып, 38-і жазылып шықты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2147
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2552
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2372
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661