Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3099 0 пікір 10 Сәуір, 2020 сағат 17:03

Google мен NASA Zoom жүйесіне тыйым салды

АҚШ сенаты қауіпсіздік шараларына байланысты өз қызметкерлеріне Zoom бейне байланысын қолдануға тыйым салды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Сонымен қатар, Google корпорациясы да өз компьютерлерінен Zoom бағдарламасын бұғаттады. Бұл туралы Google-дың қызметтік хатына сүйеніп BuzzFeed сайты жазған. Аталған хат өткен аптада компьютеріне Zoom орнатылған Google қызметкерлеріне  жолданған. Оның себебі - қауіпсіздік ережелеріне байланысты болған.

«Біз ұзақ уақыттан бері қызметкерлерге корпоративтік желімізден тыс жұмыс істеуге рұқсат етілмеген қосымшаларды пайдалануға тыйым салатын саясат жүргізіп келеміз», - дейді Google өкілі Хосе Кастанеда.

Одан бөлек, тағы бірқатар ірі корпорациялар да Zoom қосымшасын пайдалануға тыйым салды. Алғаш бас тартқан компаниялардың бірі - Илон Маск негізін қалаған SpaceX. Олар байланыстың баламасы ретінде смартфондарға салынған электрондық пошта және бейне қоңырауларды пайдаланады. Одан кейін Zoom-ға NASA тыйым салды.

Бұрын хабарланғандай, қызметкерлердің жаппай қашықтан жұмыс істеуіне байланысты Zoom-ды пайдаланушылар саны үш айда 20 есе өскен. Күн сайын 200 миллион адам Zoom қолданады. Ал, компания жетекшісі Эрик Юанның айтуынша, негізгі ресурстар тұрақты жұмысты қолдауға бағытталғандықтан, компания тиісті деңгейдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады. Олар бұдан бұрын Zoom қателіктерінің артуы Қазақстанға қауіп төндіруі мүмкін деп жазған болатын.

Интернетте іскерлік кездесулер, мектептегі іс-шаралар мен жеке әңгімелер туралы жазбаларды қосқанда бірнеше мың бейне қоңырау жазбалары қол жетімді болды. Кейбір пайдаланушылар зомбомбинг деп аталатын шараларды ұйымдастыруды үйренді. Қауіпсіздік шарасы сақталмағандықтан, олар басқа адамдардың конференцияларына қатысып, әдепсіз істер жасай бастаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2149
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2555
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2377
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661