Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
4565 9 пікір 9 Сәуір, 2020 сағат 15:38

42500 теңге шотын ашу үшін банкке барудың қажеті жоқ

Михаил Ломтадзе жаңа сервисті іске қосқаны туралы хабарлады. Kaspi Gold шотын үйден шықпастан ашуға болады.

Төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік төлем шотын ашу үшін қазақстандықтар банктерде кезекке тұруда. Көпшілік қазіргі жағдайда мұның қауіпсіз еместігін түсінеді. Алайда шот нөмірі керек, сондықтан адамдар үйінен шығып, банк бөлімшесіне баруға мәжбүр.

Халыққа көмектесу үшін Kaspi.kz компаниясы рекордтық мерзімде жаңа, ерекше сервисті іске қосты. Енді қазақстандықтардың Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Gold шотын ашып, 42 500 теңге әлеуметтік төлемге шот нөмірін үйден шықпастан алуға мүмкіндігі бар.

«Қазақстандықтардың карантин кезінде жәрдемақы алу үшін шот ашуға банктердің бөлімшелеріне баратыны бізді қатты алаңдатып отыр. Біздің командамыз заманауи технологияларды қолданып, инновациялық қызметті рекордтық қысқа мерзімде іске қосты. Енді біздің сүйікті клиенттерімізге бөлімшеге барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Енді үйден шықпай-ақ, тікелей Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Gold шотын онлайн ашуға және жәрдемақы алу үшін шот нөмірін пайдалануға болады», - дейді Михаил Ломтадзе.

Kaspi Gold шотын ашқан соң клиенттер тек 42 500 теңге мемлекеттік әлеуметтік көмекті ғана емес, Kaspi.kz-тің барлық қызметін қолдана алады. Мысалы, кез-келген Kaspi Gold-қа ақша аударып, Kaspi.kz-тегі 5 000-нан астам қызметке комиссиясыз төлеп, Kaspi.kz-тегі Магазинде зат сатып алады.

Қажет болған жағдайда Kaspi Банкоматтан Kaspi QR немесе ЖСН  арқылы комиссиясыз ақша шешіп, шотты кез-келген Kaspi Банкомат немесе Терминал арқылы толықтыра алады.

Ал карантин біткен соң шот иелері Kaspi Gold пластикалық картасын кез-келген  Kaspi.kz бөлімшесінен алып, дүкендерде карта арқылы зат сатып алуына болады.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1469
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1329
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1080
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1125