Сәрсенбі, 27 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 9304. Жазылғандар — 4669. Қайтыс болғандар — 37
46 - сөз 954 0 пікір 9 Сәуір, 2020 сағат 12:31

Ел басына күн туғанда мұғалім мен дәрігердің қадірі білінді

Халық осынау нәубеттен қандай сабақ алу керек? Бұл жөнінде көп нәрсе айтылды. Айтылып та жатыр.

Өз басым ел басына күн туса халық әлпештеп аспанға көтерген, сол халықтың арқасында қалтасын қампитқан ешқандай да "интернет әулие" мен жұлдыз әншінің сол халыққа қамқор бола алмайтынын түсіндім. Басқалар да түсінсе екен деймін.

Әлгі "әулиелерден" гөрі мұрнымызды шүйіріп қарайтын қарапайым мұғалімнің қаншалықты қажет екенін ұғынсақ болар еді. Солардың қадірін білейік.

Өмірімізді аспандағы жұлдыз әнші емес жердегі дәрігер ғана құтқаратынын санамызға сақтап қойсақ жақсы. Соларды аялайық.

Дәрігер қазір өмірін қатерге тігіп коронавируспен арпалысып жатыр. Әнші мен әулиелер инста ордаларында әлі аңқау жұртты әлдебір сыйлықтарымен алдауды жалғастыруда. Карантин де өтер, ел де есін жияр. Қазақтың тойы қайта басталар күн туар.

Сол кезде елі қиналған сәтте өз пайдасын көксеген әлгі "ойын ойнатқыштарды" сіздер тағы тойға шақырып, уыс-уыс ақша ұстатасыздар ма?

Мен шақырмаймын!

Арман Сқабылұлының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

0 пікір