Жұма, 26 Сәуір 2024
2588 5 пікір 7 Сәуір, 2020 сағат 11:01

Коронавирус: Ұлыбритания премьер-министрінің халі нашар

Борис Джонсон интенсивті терапия палатасына ауыстырылды. Британ ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбінің кешінде оның халі нашарлаған соң дәрігерлер науқасты жасанды тыныс алу аппаратына жақын жерге жатқызған жөн деп шешкен. Бұл туралы Би-би-си телеарнасы хабарлады.

SkyNews дереккөзінің мәліметінше, науқас есін біледі, дегенмен сағат 19 шамасында Борис Джонсонды жасанды тыныс алу аппараты бар бөлімге ауыстырды.

Джонсон премьер қызметін елдің сыртқы істер министрі Доминик Раабтың уақытша атқаруын сұраған.

Жексенбіде 55 жастағы Джонсонды Әлиев Фома ауруханасына жатқызды. Британ үкіметінің басшысы он күн бұрын ауырып қалды. Оның ыстығы көтерілген. Дәрігерлер премьер коронавирус жұқтыруы мүмкін деп қауіптенеді.

Abai.kz

5 пікір