Жұма, 26 Сәуір 2024
2637 1 пікір 30 Наурыз, 2020 сағат 13:58

Ақмола облысы карантинге жабылады

Елімізде таралған індетке байланысты Ақмола облысы карантинге жабылады. Бұл туралы Сoronavirus2020.kz сайты хабарлады.

Жедел штабтың отырысында қабылданған шешімге сай, карантин 31 наурыз сағат 19:00-ден бастап енгізілмек.

Ақмола облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 11 адамға жетті.

Мұның алдында Қазақстанның тағы алты қаласы карантинге жабылып, Ақтауда ерекше жағдай енгізілгені хабарланған еді. Алты қала тұрғындарының үйден шығуына тыйым салынды, тек азық-түлік, дәріхана, банк қызметтері мен жұмысқа баруы үшін шыға алады.

Abai.kz

1 пікір