Жексенбі, 5 Мамыр 2024
Жаңалықтар 4107 0 пікір 2 Қыркүйек, 2011 сағат 16:47

Коммуналдық саланы жаңғыртуға бетбұрыс

Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыланды­рылып келді. Ел экономикасы төрт аяғын тең басып, қарқынды дамудың сара жолына түскенше бұл салаға мемлекеттің де көп ретте көңіл бөлуге мұршасы келмеді. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде елімізде тұрғын үй саласы бұрын-соңды болмаған қарқынды қадаммен дамыды. Тек өткен соңғы 10 жылдың ішінде ғана еліміз бойынша 30 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көптеген қазақстандықтар қоныс тойын тойлады. Бірақ кешегі Кеңес дәуірінен мұраға қалған, тұрғындардың меншігіне берілген көп қа­батты үйлерді жөндеу, коммуналдық инфрақұ­ры­лымдарды жаңғырту мәселесі жылдар өткен сайын өткірленіп, күрделене түсті. Соның салда­ры­нан 2008 жылдары коммуналдық жүйелердің 72 пайызы шұғыл жөндеуді немесе толық ауыс­тыруды қажет ететін жағдайға жетті. Бұл салада­ғы осындай күрделі жағдайды жете түсінген Мемлекет басшысы әлемдік дағдарысқа қарсы елімізде қабылданған бірлескен іс-қимыл бағдар­ла­масының аясында арнайы, «Жол картасы» бағ­дарламасын өмірге енгізіп, 2009 және 2010 жыл­дары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы са­ла­сы нысандарын күрделі жөндеуден өткізу мәсе­лесіне бұрын-соңды болмаған бетбұрыс жасады.

Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы қалған-құтқанды бөлу қағидаты бойынша қаржыланды­рылып келді. Ел экономикасы төрт аяғын тең басып, қарқынды дамудың сара жолына түскенше бұл салаға мемлекеттің де көп ретте көңіл бөлуге мұршасы келмеді. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде елімізде тұрғын үй саласы бұрын-соңды болмаған қарқынды қадаммен дамыды. Тек өткен соңғы 10 жылдың ішінде ғана еліміз бойынша 30 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, көптеген қазақстандықтар қоныс тойын тойлады. Бірақ кешегі Кеңес дәуірінен мұраға қалған, тұрғындардың меншігіне берілген көп қа­батты үйлерді жөндеу, коммуналдық инфрақұ­ры­лымдарды жаңғырту мәселесі жылдар өткен сайын өткірленіп, күрделене түсті. Соның салда­ры­нан 2008 жылдары коммуналдық жүйелердің 72 пайызы шұғыл жөндеуді немесе толық ауыс­тыруды қажет ететін жағдайға жетті. Бұл салада­ғы осындай күрделі жағдайды жете түсінген Мемлекет басшысы әлемдік дағдарысқа қарсы елімізде қабылданған бірлескен іс-қимыл бағдар­ла­масының аясында арнайы, «Жол картасы» бағ­дарламасын өмірге енгізіп, 2009 және 2010 жыл­дары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы са­ла­сы нысандарын күрделі жөндеуден өткізу мәсе­лесіне бұрын-соңды болмаған бетбұрыс жасады.

Азаматтарымыздың тұрмыс жағдайының жо­ғары болуы тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғы (ТКШ) саласының сапасы мен деңгейіне тікелей байланысты екендігі белгілі. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев өзінің биылғы жылғы «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші - тұрғын үй жайлылығының деңгейі» деп атап көрсеткен болатын. Осы Жолдауда Мемлекет бас­шысы ел Үкіметінің алдына жедел түрде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаң­ғырту бағдарламасын қолға алуды міндеттеген болатын. Осыған байланысты Үкімет үстіміздегі жылы ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасының жобасын жасап бекітті. Бүгінде бұл бағдарламаны іс жүзіне асыру жөніндегі кешенді жұмыстарды атқару үрдісі басталып та кетті.

Бүгінде қалыптасқан жағдай бойынша, еліміздегі жылу жүйелері мен қондырғыларының 63 пайызы, электр тарату желілері мен жабдықтау қондырғыларының 73 пайызы және газбен жабдықтау жүйесінің 54 пайызы шұғыл жөндеуді қажет етеді. Көп пәтерлі тұрғын үйлердің жағ­дайы да жетісіп тұрған жоқ. Кондоминиум ны­сандарының (көп пәтерлі тұрғын үй) 32 пайызы немесе 50 миллион шаршы метрі күрделі жөндеуді немесе түбегейлі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді. Ал қолданыстағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің 3,8 миллион шаршы метрі немесе 2 пайызы толықтай бұзып тастауды қажет ететін апаттық жағдайда тұр.

ТКШ-НЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Осыған байланысты ТКШ-ны жаңғырту бағ­дар­ламасы негізгі үш бағытты қамтиды. Бірінші, «Жол картасы» қағидаттары шеңберінде жылу, электр және газбен жабдықтау жүйелерін модернизациялау. Бұл бағыттың басым бағыты жүйе­лер­дің апатты жағдайын жойып, оларды жаң­ғырту арқылы жүйелерде болатын жылу және электр шығындарын болдырмау. Екінші, көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізуді қамтамасыз ету. Үшінші, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының тиімділігін арттыру болып табылады.

Коммуналдық саланы модернизациялау кезінде қаржыландырудың мынандай жобалары ай­қын­далды. Бірінші, мемлекет меншігіндегі инженерлік жүйелерді жаңғырту бюджет қаржысы есебінен және тарифтік реттелу негізіне сүйенген кәсіпорындардың инвестициялық бағдарлама­лары есебінен жүзеге асырылады. Екінші, жеке меншік қолындағы инженерлік жүйелерді жаң­ғыр­ту тариф есебінен жүргізіледі. Үшінші, коммуналдық қызметке тұрғындардың қатысуын қамтамасыз ету үшін салынған жаңа инженерлік жүйелердің құрылысы бюджет есебінен атқары­лады. Осы ретте тариф есебінен құралатын кә­сіпорындардың бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсайтын шығыны 10 жыл ішінде 452 миллиард теңге болады деп белгіленген. Кәсіпорындар­дың бұл шығынына қосымша белгіленген мақ­сатты жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 166 миллиард теңге қаржы бөлінбек. Бұған қосымша жергілікті бюджеттерден тағы да 18 миллиард теңге бөлінеді деп күтілуде. Сөйтіп, 2011-2020 жылдары атқарылатын коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау мақсатына барлық қаржыландыру көздері бойынша 636 миллиард теңге қаржы бөлінеді. Осы жерде айта кететін бір мәселе, барлық шығындар көлемінде бюд­жеттен бөлінетін жалпы қаржы 29 пайыз болады.

КӨП ПӘТЕРЛІ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ЖӨНДЕУ

Көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу жұмыстары да екі бағытта атқарылатын болады. Атап айтқанда, көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізуді қаржыландырудың екі жолы белгіленген. Бірінші жолы, ӘКК-ні мамандан­дырылған инвестициялық (қаржылық) ұйым ретінде пайдалануды білдіреді, ол терможаңғырту элементтері бар көп пәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдарға нысаналы түрде бөлінетін бюджеттік қаражаттар есебінен қаржы­ландырылып отырады.

Жергілікті атқарушы органдар (ЖАО) респуб­ликалық бюджеттен трансферттер алады.

ПИК, пәтер иелері, мердігерлер мен ӘКК өз араларында келісімдер жасайды. Пәтер иелері жөндеу жұмыстарының жалпы құнының кем дегенде 15 пайызын құрайтын өз қаражаттарын құю арқылы қатысады. Бұл қаражаттар мердігер жасайтын жөндеу жұмыстарының ақысын төлеу үшін пайдаланылады.

ӘКК жөндеу жұмыстарының жалпы құнының 85 пайызын төлейді.

Біріккен қаржыландыру есебінен мердігер үй­дің барлық жөндеу жұмыстарын орындап шы­ғады. Келісімде көрсетілген мерзім ішінде пәтер иелері жинақтау шотына ай сайынғы салымдарын салып отырады. Жинақтау шотында жиналған қаражатты орын­далған жұмыстың ақысы ретінде ӘКК шотына аударады.

Екінші жолы, жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін жүргізу үшін облыс әкімдіктеріне республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлуді қарастырады.

Әкімдік мамандандырылған уәкілетті ұйым - 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен жүретін ЖШС немесе АҚ құрады, не дәл осылай әрекет етуші ЖШС және АҚ-ты жұмысқа тарта алады. 2011-2012 жылдары әкімдіктер ЖШС-ларды қаржыландырады. Одан кейінгі жылдары әкім­дік ЖШС-ға несие береді. Тапсырыс беруші болып табылатын ПИК пен ЖШС өз араларында келісім жасайды.  Пәтер иелерінің жалпы жиналысын­дағы келісім бойынша, уәкілетті ұйым күрделі жөндеу жұмыстарының жекелеген түрлерін жүргізетін қосалқы мердігерді таңдап алады.  Уәкілетті ұйым өз күшімен және қосалқы мердігерлерді тарта отырып кондоминиум ны­санының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жұмыс­тарының жекелеген түрлерін жүргізеді.

Пәтер иелері өз қаражаттарымен жөндеу жұ­мыс­тарының құнының кем дегенде 50 пайызын қаржыландыруға қатысады. Осы қаражат уәкілет­ті ұйым (қосалқы мердігер) жүргізетін жөндеу жұмыстарын төлеу үшін пайдаланылады. Келісімде көрсетілген мерзім ішінде пәтер иелері жи­нақ­тау шотына ай сайын қаржы салымдарын салады.

Осы ретте ерекше атап өтетін мәселе, кондоминиум нысандарының ортақ мүлкін жөндеу кезінде термомодернизация әдістеріне барынша басымдық берілетін болады. Бұл дегеніміз, нысандардың қабырғаларын, төбесін, терезе және есік жақтауларын жылу сақтайтындай термо жылыту әдісімен бекіту болып табылады. Көп пәтерлі тұрғын үйлерді осындай әдіспен ағым­дағы жөндеуден өткізгенде 10 пайыз, күрделі жөндеуден өткізгенде 30 пайыз жылу энергиясын сақтап қалу мүмкіндігі болады.

ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ ТИІМДІЛІГІ

Қазіргі күнде анықталған деректер бойынша, елімізде өндірілетін барлық электр қуатының 20 пайыздан астамын коммуналдық шаруашылық саласы тұтынатын көрінеді. Сондықтан ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасын жүзеге асырған кезде электр энергиясын үнемдеуге және тиімді пайдалануға барынша басымдық беріледі. Нақты деректер көрсетіп отырғандай, қазір Қазақстан­дағы тұрғын үй секторында жылудың орташа салыстырмалы тұтыну мөлшері 1 шар­шы метрге 273 кВт/сағатты құрап отыр. Са­лыстырмалы түрде айтатын болсақ, Еуропаның дамыған елдерінде бұл көрсеткіш -Германияда 120 квт/сағат, Францияда 126 кВт/сағатты құрайды. Ауа райы жағдайы бізбен ұқсас, тіпті кейбір ретте аязы өте қатты болатын Швецияда бұл көрсеткіш 82 кВт/сағатқа тең. Бұл біздің еліміздегі тұрғын үйлердің 1 шаршы метріне жұмсалатын электр қуатынан 3 есе төмен. Әрине, бұл біздің еліміз үшін қол жетпейтін тиімділік. Бірақ сарапшылар ТКШ-ны түбегейлі жаңғырту бағдарламасы аясында алдағы уа­қытта тұрғын үйдің 1 шаршы метріне жұмсала­тын жылу энергиясын 170 кВт/сағатқа дейін төмендетуге болатындығын болжап отыр.

Осы бағдарламаға сәйкес елімізде 2020 жылға дейін өнеркәсіп өндірісінде және ТКШ-да тұтынылатын энергия көлемін кем дегенде 25 пайызға азайту көзделеді. Яғни, энергия үнем­дейтін технологияларды барынша кеңінен пайда­ланып, жоғары нормативті шығындарды қыс­қарта отырып, энергия тұтынуды оңтайландыру керек. Энергияны үнемдеу мәселесінде бұған мүд­делі барлық тараптар, атап айтқанда, респуб­лика­лық және жергілікті билік органдары, энергия өндіретін, энергия тарататын және энергия үнем­дейтін ұйымдар, шағын және орта бизнес саласы, ПИК және барлық тұрғын үй меншігіндегі азаматтар қатысуы керек. Энергияны үнемдеу үдерісіне қатысушылардың санының көп­тігін ескере отырып, энергия тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге, энергия үнемдеудің кешенді бағдарламасын әзірлеу және оны орындаудың басқару жүйесін құру арқылы қол жеткізуге болады. Қазақстандағы тұрғын үй және әлеу­меттік нысандардағы энергия қуатын мөл­шерден тым көп пайдаланудың негізгі себебі, ғимарат­тардың жылу сақтау тиімділігінің төмен болуына байланысты. Яғни, бұл нысандар нашар термоизоляция, жылу энергиясын есепке алу аспабының болмауы, бүгінгі заманның энергия үнемдейтін жабдықтарының орнатылмауы және басқа кешенді шараларға байланысты болып отыр.

Осыған байланысты жүзеге асырылатын бағ­дарламада коммуналдық саланың энергия пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында әлеуметтік объектілердің: мектептердің, ауруханалардың, балабақшалар мен көп пәтерлі тұрғын үйлердің энергия пайдалану тиімділігіне тексеріс жүргізу жоспарлануда. 2011 жылы әлеуметтік нысандарға осындай тексерістер жүргізуге 150 миллион теңге және көп пәтерлі тұрғын үйлерге тексеріс жасауға 210 миллион теңге бөлінді. 2011 жылдың басында энергия пайдалану тиімділігін тексеру Павлодар, Ақтау, Қызылорда, Алматы және Қарағанды қалаларында жүргізілетін болады. Сонымен бірге келесі жылдың наурыз айының аяғына дейін мамандар Петропавл, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Қостанай, Орал және Өскемен қалаларындағы нысандардың энергия пайдалану шығынының деңгейін тексерістен өткізеді.

ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасына сәйкес тұтынылатын жылу энергиясын нақты үнемдеу үшін нысандарда жылумен жабдықтаудың авто­мат­тандырылған жүйесін кеңінен қолдану көз­делген. Сонымен бірге автоматтандырылған жы­лу қондырғыларын енгізу тұрғындардың тұ­ты­нылған жылу энергиясына төлейтін өтем­дерін азайтып, жаңа жылу көздерін салуға бюджет қаражатын үнемдейді. Көп пәтерлі орташа бір тұрғын үй жылына 600-700 Гкал. жылу энергиясын пайдаланады. Егер, автоматтан­дыр­ған жылу қондырғысы орнатылса, бір үйде жы­лына 100-130 Гкал. жылу энергиясын үнемдеуге болады. Бұл бір жылда 190-260 мың теңгеге дейін қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді. Мәселен, Астанадағы Кенесары көшесінде орналасқан 9 қабатты үйдің тұрғындары 2009-2010 жылғы жылу маусымы кезеңінде автоматтандырылған жылу қондырғысы торабын орнату нәтижесінде 637 мың теңге үнемдеген.

Қазіргі қалалардағы тұрғын үй қорының негізгі проблемасы көп пәтерлі тұрғын үйлердің шамамен 70 пайызында жылу сақтау мүмкіндігі жеткіліксіз. Осының салдарынан ғимаратқа жіберілген жылудың бір бөлігі қабырғалардың қиылысқан жері арқылы, төбе жіктері арқылы және есік-терезелердің жақтаулары арқылы ысырап болып жатады. Сондықтан көп пәтерлі тұрғын үйлерде жылу энергиясын үнемдеудің басты мәселесі - терможаңғырту. Бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылатын терможаңғырту жұмыстары арқылы қоршаудың жылу-техникалық сипаттамаларын жақсарту арқылы шатырларды жөндеу, сыртқы қабырғаларды жөндеу, автоматтандырылған жы­лу реттеу жүйелерін орнату, жертөлелердегі негізгі арматураларды ауыстыру және жылу тарататын құбырларды оқшаулау болып табылады.

ҚАНАТҚАҚТЫ ТӘЖІРИБЕ

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң­ғырту бағдарламасын қабылдау алдында қанатқақты тәжірибе ретінде Өскемен қаласында тозығы жеткен көп пәтерлі тұрғын үй жөндеуден өтті. Бұл үйде негізінен зейнеткерлер тұрады екен. Жарты ғасырға жуық қолданыста болған көп қабатты үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін 13,5 миллион теңге қаржы керек болған. ТКШ-ны жаңғырту бағдарламасы аясында бұл қаржы пайызсыз несие ретінде 7 жыл мерзімге бюджеттен бөлінді. Ай сайын көп пәтерлі тұрғын үйдегі пәтер иелері коммуналдық өтемге қосымша осы несиені өтеу үшін 2-3 мың теңге төлеп тұрады. Осы қанатқақты жоба барысында нысанды жөндеуге қатысқан барлық тараптар өзара іс-әрекеттерін айқындап, қаржыландыру тетіктерін тәжірибеден өткізді. Көп қабатты тұрғын үйлерді пайдалану және жөндеуден өткізу жөніндегі нақ осындай тәжірибе Батыс Еуропа және Балтық жағалауы елдерінде кеңінен қолданылады.

Бағдарлама шеңберінде Өскемен қаласында жаңғыртылған көп қабатты тұрғын үйдегі пәтер иесі, зейнеткер Валентина Плегузова былай дейді: «Мен бұл пәтерде бүкіл саналы ғұмырымды өткізіп келемін. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері бұл көп пәтерлі үйге мұндай кешенді жөндеу жұмысы жүргізіліп көрген жоқ. Төбемізден тамшы ағып, жертөледен сасық иіс кетпеуші еді. Қазір үйіміз қайтадан салынғандай құлпырып, көз сүйсінтеді». Осы үйдің ПИК жетекшісі Татьяна Ежицкаяның айтуынша, бұл тәжірибе тұрғындар үшін өте қолайлы. Көп пәтерлі тұрғын үйдің әрбір пәтер иесі 7 жыл ішінде бар болғаны 270 мың теңге қаржы шығындайтын болады. Бұл барлық тұрғындар үшін қолжетімді тәсіл дейді.

Осы бағдарлама шеңберінде Өскемен қа­ласында 20 көп қабатты тұрғын үй жөндеуден өткізіледі. Бұл мақсат үшін бюджеттен 400 миллион теңге қаржы бөлінген. Мамандар жөндеуден өткізілген нысандарды тұрақты бақылауда ұстайтын болады. Егер пәтер иелері тарапынан жөндеу сапасына сын айтылатын болса, осы жұмысты мердігер ұйым өз қаржысы есебінен кемшіліктердің орнын толтыратын болады.

ТКШ-ның қазіргі жағдайы көрсетіп отырған­дай, бұл сала технологиялық жағынан артта қалған. Энергия ресурстарын үнемдейтін шаралар мен инновациялық техноло­гияларды қолдану мүмкіндігі төмен. Еліміздегі үдемелі индус­триялық-инновациялық даму бағдарлама­сын басшылыққа ала отырып, ТКШ-ға жүйелі түрде жаңа технологиялар енгізіп, бұл саланың тиімділігін арттыруға қол жеткізу керек. Осыған бай­ланысты бағдарлама аясында жүйелі түрде ғы­лыми-зерттеу және тәжірибелік қолдану жұмыс­тарын жүргізу жоспарлануда.

Сөйтіп, 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарла­масы шеңберінде барлық қаржыландыру көздері арқылы 10 жыл ішінде 81 мың шақырым жылу жүйелері, электр тарату және газ тарату желілері жаңғыртылатын болады. Оның ішінде 24,4 мың шақырым коммуналдық жүйе 2015 жылға дейін модернизацияланады.

Елімізде қабылданған тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатындағы «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2015 жылға дейін 5 мың шақырым сумен жабдықтау құбырлары және 2 мың шақырым су тарату құбырлары жаңғырты­латын бола­ды. Міне, осылай Мемлекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес 2011 жылы жалпы алғанда елімізде 31 мың шақырым коммуналдық желілер жүйесі жаңғыр­тылады.

ТКШ-ны жаңғырту бағ­дарламасы шеңбе­рінде жүзеге асыры­латын көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында да оң жетістіктерге қол жеткізілмек. Ел Үкіметінің 2020 жылға дейінгі тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғын модернизациялау бағдарламасы көп қабат­ты тұрғын үйлердің тұрғындарына мемлекет та­ра­пынан қомақты қаржылай көмек алуға мүмкін­дік береді. Кейін тұрғындар бұл қаржыны комму­налдық қызмет төлемі ретінде біртіндеп қайтара­тын болады. Яғни, тұрғындарға өз меншігіндегі көп қабатты үйлердің ғимараттарын жаңғыртуға пайызсыз несие беріледі деген сөз. Тек бұл үшін көп қабатты тұрғын үйде тұратын барлық тұр­ғын­дар ортақ келісімге келіп, нысанды күрделі жөн­деуден өткізу мәселесінде бірауызды болуы керек.

Міне, мемлекет тарапынан көрсетілетін осын­дай қаржылық көмектің нәтижесінде он жыл ішін­де еліміз бойынша 11 624 көп қабатты тұр­ғын үй күрделі жөндеуден өткізілмек. Осы кешенді шаралар Мемлекет басшысының тапсырмасы­на сәйкес 2015 жылға таман еліміздегі күрделі жөндеуді қажет ететін көп қабатты тұрғын үй нысандарын 32 пайыздан 22 пайызға дейін қыс­қар­туға мүмкіндік береді. Жалпы, елімізде қолға алынған осы бір маңызды да кешенді бағдар­ламаның шеңберінде 2020 жылға дейін күрделі жөндеуді қажет ететін көп қабатты тұрғын үй­лердің көлемі 10 пайызға дейін азаятын болады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаң­ғыр­тудың 2020 жылға дейінгі бұл бағдарла­масы осы саланың инфрақұрылымын жақсарту­дың бірден-бір тиімді жолы болып табылады. Қазақстанның қазіргі әлеуметтік-экономикалық даму үрдісінде ұлттық экономикамыздың барлық салаларында модернизациялау жұмысы қызу жүргізілуде. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғы саласын жаңғырту осы мақсатты жұмыс­тың маңызды салаларының бірі болып табы­лады. Сондықтан жұртшылықтың мұны түсініп, жан-жақты қолдау көрсеткені абзал. Көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу негізінен мемлекет тарапынан несие алу арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін көп қабатты үйлердегі пә­тер иелерінің басым көпші­лігінің ортақ келісімі керек. Пәтер иелері ортақ мүлікті тиімді де сапалы жаң­ғыр­ту мақсатында мұн­дай бастамадан қа­лыс қалмайтынына сенім мол.

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1254
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1151
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 888
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1021