Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
2272 1 пікір 27 Наурыз, 2020 сағат 11:01

Мәжіліс "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

26 наурызда мәжіліс "Бейбіт жиын өткізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

Заң жобасын мәжілісте таныстырған ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "қазіргі заңмен салыстырғанда жобаның бірқатар жаңа тұстары бар" деді.

Министрдің айтуынша, жобадағы елеулі өзгерістердің бірі - "ескерту сипатында" бейбіт жиын өткізуге рұқсат беру және әкімдіктен жауап болмаған жағдайда өтініштің "қанағаттандырылған" болып есептелетіні. Абаев жалғыз адамдық пикеттерді арнайы орын емес - пикетке қатысы бар нысан маңында өткізу туралы депутаттардың ұсынысын қарастыруға келісті. Ол сонымен бірге митинг кезіндегі журналистерге жүктелген міндет туралы бірқатар нормалардың алынуы мүмкін екенін айтты.

Ал жобадағы бейбіт жиын тек арнайы белгіленген орындарда өтуі тиіс деген пункт өзгеріссіз қалған.

Абаев талқылау кезінде атқару органы бейбіт жиын өткізу туралы өтініштердің бәрін мұқият қарап, жауабын беруі тиіс, егер өтінішті қанағаттандырмаса, нақты себебін көрсетуі тиіс деді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айындағы сайлаудан кейін бейбіт жиын туралы заң қабылдауға уәде беріп, митинг өткізу үшін ескертуді ғана талап ететін құжат қабылдауға уәде берген. Ақпан айында ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бейбіт жиын туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Құжатпен танысып шыққан құқық қорғаушылар мен белсенділер қазіргі заң сияқты ондағы ережелердің халықаралық стандартқа сәйкес келмейтінін айтты.

Құжатқа сәйкес, Тоқаев уәде еткен “ескерту сипатындағы” митингілер қатысушылар саны 250-ден аспайтын кішігірім жиындарға ғана қатысты. Ал ірі митингілер үшін биліктен рұқсат алу керек. Құжатта сонымен бірге митингіні арнайы белгіленген орындарда ғана өткізу керек деген талап бар және бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзғандар бұрынғыдан қатаңырақ жазаланады.​

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1457
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1307
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1061
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1112