Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2287 0 пікір 7 Қазан, 2011 сағат 04:48

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ, философ-публицист. Ұлт тағаны − отанды сүю (патриотизм)

«Егер билiк жүргiзiп отырған саясат ұлттың (мемлекеттiң) ұлы мұратын мақсат етпесе, бүгiн өзекті (актуалды) болып тұрғанымен, ертең  мәнiн жоятын өткiншi эпизодтық жалған құндылықтардан тұрса, онда, бұл елде ұзақ мерзiмге бағытталған, халықты жұдырықтай жұмылдыруға қабiлеттi идеология өмiрге келедi деп үміттену бос қиял болып қала береді. Кез келген мемлекеттік идеология билік жүйесінің «ұлттық арманға» (национальная идея), ұлттың түпкiлiктi мақсатына арқа сүйегенде ғана түзiледі, немесе, түзiлуi мүмкiн» - (Әбдірашит Бәкірұлы).

Ұлт өкілдерінің - ұлтына, мемлекет азаматтарының - мемлекетiне деген патриоттық сезiмiнiң қалыптасуы - кез келген қоғамның, мемлекеттің іргетасы. Бірақ патриотизм  адамның маңдайына туа бітер қасиет емес. Адам есею барысында  қай тілде сөйлесе, қандай жұрттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірсе, қай жердің ауасын жұтып, суын ішсе  - сол ортаның патриоты болып қалыптасады.  Осы қағидаға сүйенер болсақ - қазақ жерінде туып- өскендердің барлығын да осы елдің және осы жердің патриоттары деп айтса болады екен, ә? Бірақ олай деп кесіп айтуға жүрек дауаламайды...

«Егер билiк жүргiзiп отырған саясат ұлттың (мемлекеттiң) ұлы мұратын мақсат етпесе, бүгiн өзекті (актуалды) болып тұрғанымен, ертең  мәнiн жоятын өткiншi эпизодтық жалған құндылықтардан тұрса, онда, бұл елде ұзақ мерзiмге бағытталған, халықты жұдырықтай жұмылдыруға қабiлеттi идеология өмiрге келедi деп үміттену бос қиял болып қала береді. Кез келген мемлекеттік идеология билік жүйесінің «ұлттық арманға» (национальная идея), ұлттың түпкiлiктi мақсатына арқа сүйегенде ғана түзiледі, немесе, түзiлуi мүмкiн» - (Әбдірашит Бәкірұлы).

Ұлт өкілдерінің - ұлтына, мемлекет азаматтарының - мемлекетiне деген патриоттық сезiмiнiң қалыптасуы - кез келген қоғамның, мемлекеттің іргетасы. Бірақ патриотизм  адамның маңдайына туа бітер қасиет емес. Адам есею барысында  қай тілде сөйлесе, қандай жұрттың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін бойына сіңірсе, қай жердің ауасын жұтып, суын ішсе  - сол ортаның патриоты болып қалыптасады.  Осы қағидаға сүйенер болсақ - қазақ жерінде туып- өскендердің барлығын да осы елдің және осы жердің патриоттары деп айтса болады екен, ә? Бірақ олай деп кесіп айтуға жүрек дауаламайды...

Шығыстың бiр мақалы: «халуа, халуа деп қанша айтқанмен, оның дәмi аузыға келмес» дейді. Сол айтқандай, егер әрбір адам, қоғам, мемлекет өз ұрпағын мейірім шуағына бөлей алмаса, оның көкірек көзіне өзінің дәстүрлі құндылықтарын құя алмаса, мәртебелі өмірін қамтамасыз ете алмаса - ол өскіннен қандай сүйіспеншілікті күтер едіңіз? Яғни, адамның өз ошағына деген сүйіспеншілік сезімінің нақты өмiрде нақты тиянағы болмаса - ондай сезім ешқашан қалыптаспайды...

Осының бәрiне саралай келе - отаншылдық сезiм (патриотизм) патриоттық ұрандарға, онсыз да үнi шықпай (немесе, шығартпай) жатқан зиялы қауымның бiр-екi ауыз сөзiне қарап қалмағанын көреміз.  Патриотизм туралы күнiне мың рет қайтала, оны сөзі өтер зиялының аузына олай да сал, былай да сал - нәтижесi нөл болады.  Ол үшін,  Оралхан Бөкеевтің сөзімен айтқанда: «қазақ билігінің халықтың арқасына аяғын тіреп, атқа мініп шіренгені қажет емес, ол үшін - биліктің «халқыма үзеңгі болып, оны қалайда атқа мінгізіп, шірентемін» деген әрекеті қажет!

Мысалы, қазiр ақсақалдарымыз «Отан үшiн аянбай еңбек етіңдер» дейдi.  Дұрыс - жастардың да аянғысы келiп тұрған жоқ. Бiрақ қайда сол «еңбек»?  Базардағы тәшке сүйреу ме, әлде, аяусыз қанайтын құрылыс па? Қазiр кез келген жұмыскер Отан мүддесi үшiн еңбек етiп жатырмын деп ойламайды: бiр олигархтың байлығын еселеу үшiн жұмыс iстеудемiн деп ойлайды. Сондықтан жұмысты «елiм үшiн» деп үлкен партиоттық сезiммен рахаттанып iстемейдi, кiжiнiп iстейдi. Анау Атырау мен Ақтаудағы мұнайшылар да, Қарағанды-Темiртау-Жезқазғандағы шахтерлер мен темір құюшылар да, қазақ жерін аяусыз қанап жатқан латифундистердiң «жалшылары» да...

Ал жұмыс беруші сол алпауыттардың өздерiнде отаншылдық сезiм бар ма?  Бар болса - неге жұмысшылардың әлеуметтiк жағдайын, олардың мәртебесiне сай жалақысын, өмiрiнiң қауiпсiздiгiн өз еркiмен, қалауымен қамтамасыз етпейдi. Неге қарапайым еңбек адамы лайықты өмiр сүруге құқы бола отырып, аштық жариялауға, өмiрiн қиюға, төбелесiп-соттасуға т.с.с. баруы тиiс?..

Мысалы, бүгiнде «бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi» туралы айтыла бастады (бiрақ оған құлақ асып жатқан кім бар?). Билiк осы уақытқа дейін осы мәселені  мемлекеттiк идеология деңгейіне көтерiп, оны (әлеуметтік жауапкершілікті) бизнестi жүргiзудiң жалғыз әрi ең басты шарты ретiнде неге қоймады? Оны іске асыруға мемлекеттің толық мүмкіншілігі қашанда болды, әлі де бар.

Мұндай шара жұмыс берушi (шет елдiк, болмаса, өзiмiздiң алпауыт) мен  жұмыскердiң өзара жауапкершiлiгiн арттыр еді. Олардың мақсатын бiр арнаға, яғни, қазақстандықтардың мәртебелi өмiр сүруiне: бiлiм алуына, денсаулығына және т.с.с. бұрып, ерен байлықтың егесі (заң бойынша - мемлекеттiкi, құдайшылығында - халықтікi) саналатын елдiң еңсесi көтерер едi. Қазақстан Республикасы мемлекетінің іргетасын нығайтар еді...

Көршi Ресей жетi-сегiз жылдың көлемiнде өз елiндегі iрiлi-уақты бизнес құрылымдарының «әлеуметтік жауапкершілігін» қалпына келтiруге кірісті. Ол ережені қабылдамағандарын шетелге асырып жіберді, не, түрмеге тоғытты. Орыс билiгi халықтың түпкiлiктi мақсатына, ұлттық арманына бет бұрғанын байқаған соң, «демократ» капиталистердің ауызына құм құйылып қалды (орыстың табиғи байлығына тәуелдi болғаннан емес деп ойлаймыз). Демократия - халық мақсаты мен мұратын алға шығару болса,  Ресейге кiм қарсы бола алады, АҚШ па?..

Қазақстан халқы әртiлдiлер, түрлі мәдениет ықпалына және дінге енгендер және байлар мен кедейлер болып үздiксiз бөлiнуде. Әсiресе,  байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ұлғаюда. Дәл осындай жағдайда  елiмiздiң шiрiген байлары шет елдерден миллиондаған доллар тұратын зәулiм сарайлар сатып алып жатуы - олардың бойында ешқандай да патриоттық сезiмнiң жоқтығын, саналарын табан астында қол жеткiзген байлық құрсаулап тастағанын анықтайды.

Мәселе өз халқының ырысына «жұмыс істеуі» тиіс капиталдың «шетке қашып» жатуында емес, одан тереңде: байлардың бұл «қылығы» бүкiл қазақстандықтардың отансүйгiштiк сана­-сезіміне нұсқан келтiруде. Өзіміз ғасырлар бойы бодан болған орыста «временщик» деген ұғым бар. Бiздiң байлардың, яғни, қолдарында мемлекет қауқарын арттыратын тетік бар азаматтарымыздың осыған сай әрекетiне, «менен кейiн күл болмаса бүл болсын» дейтіндей ниетіне қалай күймейсің... әрі, бұл кесел күннен күнге дендеп барады емес пе?

Неге сол миллиардтарға отандастарға кәсiпорын ашып беруге, тауар өндiруге, тегін оқытуға, тегін емдеуге және т.с.с. ізгі істерге жұмсауға болмайды? «Көгерсең ел-жұртыңмен бiрге көгер»демеуші ме еді, бабалар! Ал, бүкіл капиталды шетке шығарып, бөтен елдің, бөтен мемлекеттің қазынасына қазына қосу - патриотизмнің қай түріне жатады? Оны олардың өздері білмесе, біз - білмейміз!  Есесіне - қазаққа Англияда, Австрияда, Швейцарида т.с.с. көгерiп көктеу жоқ, жем болу бар. Бұл - анық.  Осы қарапайым даналықты өз халқы есебінен «болып-толған» азаматтардың ұға алмай жүргені өкінішті­-ақ...

Ал еңсесi түсiп езiлiп жатқан ауылға «отаншыл бол» деудің өзі ұяттау. Өйткені, олардың «отаншылдығы» декорация емес - жүрегінің түпкірінде жатыр. Бұл жүректің қылын шертерлік жағдайды әлі көріп отырғамыз жоқ...

...Асанқайғы бабамыз бүкіл ғұмырын халқына жерұйық іздеумен желмаяның қомында өткізді.  Қорқыт бабамыз халқына мәңгілік өмірді қалай тапсам екен деп қобызын сарнатты, ...тірідей көрге кірді. Осыларды ойлағанда: «қазіргі заманның «асанқайғылары мен қорқыттары» қайда кетті?» деп, ішің өртенеді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1928
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2084
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1733
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1525