Сенбі, 11 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2144 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:10

Қорғаныс министрлігі күзде жедел қызметке 14 мыңнан аса азаматты шақырады

Астана. 6 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан қорғаныс министрлігінің әскерге шақыру бойынша күзгі науқаны кезінде ҚР Қарулы күштеріне жедел қызметке 14 мыңнан аса азаматты шақыруды жоспарлап отыр.

«Биыл күзде қарулы күштердің қатарына 14 мыңнан аса адамды шақыру жоспарланған», - делінген қорғаныс ведомствосының бейсенбі күні таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Министрліктің еске салуынша, ҚР президентінің жарлығы мен үкімет қаулысының негізінде әскерге 1 жыл мерзімге «Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кейін өтеуге немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18-27 жас аралығындағы ер-азаматтар» шақырылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, отан қорғаушылардың жеке істерін зерттеу барысында шақыру комиссияларының өкілдері олардың біліміне, физикалық және әскери дайындығына, моральдық-іскерлік қасиеттеріне назар аударады.

«Психологтар мен дәрігерлер әрбір әскери мамандық, әскерлер түрі үшін іріктеу критерийлерін мұқят қадағалайды. Сонымен қатар, болашақ жауынгер барлық критерийлер бойынша сәйкес келсе, оның әскери қызметті белгілі бір әскерлердің қатарында өтеу ниеті ескеріледі», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, жиын және шақыру пунктерінде арнайы сауалнама жүргізіліп, оның барысында жігіттердің қай жерге әскери қызметке барғысы келетіндері зерттеледі.

Шектеулер денсаулық жағдайына ғана байланысты болуы мүмкін. Медкомиссиялардың дәрігерлері әскерге шақырылғандарға қоятын диагноздар үшін жеке жауап береді, делінген ақпаратта.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1935
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2120
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1760
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1532