Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2579 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 19:05

«Бiрлiк» атты бастамашыл топ азаматтарды соттағы жемқорлықтан арашаламақшы

Алматы. 6 қазан. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. «Бiрлiк» атты бастамашыл топ мүшелері азаматтардың  соттағы құқықтарының сақталуын бақылауға алмақшы, деп бейсенбі күні бастамашыл топ өкілдері мәлім етті.

«Бірлік» атты бастамашыл топ сот ісінің барысын бақылауға алып, мемлекеттік органдармен жұмысы туралы тыңғылықты есеп дайындап, адамдарға қатысты құжаттарды қадағаламақшы», - делінген топтың таратқан хабарында.

Бастамашыл топ мүшесі Федор Напалковтың айтуынша, Қазақстанның ірі 16 қаласында жүргізілген әлеуметтік сауалнама мәліметтерінше Қазақстан азаматтарының басым көпшілігі өздерінің істерінің сотта әділ қаралатынына сенбейді екен.

«Сұралғандардың 70,6% Қазақстанның қарапайым азаматы өз ісінің сотта әділ қаралады дегенге күмәнданады, немесе сенбейді. Сотқа толығымен сенетіндер үлесі - 10,6%. Сенгісі келітндері - 37,3%, сенгісі келмейтіндері - 33,5% екен.

Орташа есеппен респонденттердің 77% сот органдарындағы жемқорлық фактілерден хабардар, 53,2% жеке өздері сот органдарындағы жемқорлық фактілерімен ұшырасқан. Сауалнамаға барлығы 1400 адам қатысыпты», - деді Ф. Напалков.

Топ мүшесі Юрий Закарлюктің айтуынша, бастамашыл топтың заң тұрғысынан әзірге мәртебесі жоқ.

«Заңдық тұлғаға айналу туралы әзірге әңгіме жоқ. Біз әзірге мемлекеттік органдарға сот отырыстарына қатысуға рұқсат беруін сұрап өтініштер жазудамыз. Мемлекетте оған рұқсат бермеуге ешқандай негізі жоқ», - дейді К. Закарлюк.

Сонымен қатар топ мүшесі Әсел Ұмышеваның айтуынша, азаматтарға көмек тегін болады.

«Қаражат жағы біз үшін басты мәселе емес. Көп жағдайларда азаматтар білмегендіктен процессуалдық мерзімдерін жіберіп алады, ал білікті адвокаттың қызметін олар ала алмайды. Енді олар бізге жүгінулеріне болады және біздің топ нақты көмектен басқа олардың проблемаларын жан-жақты жариялы ете алады, оның ішінде БАҚ өкілдерін жұмылдыра отырып та», - деді ол.

Бастамашыл топ қазірдің өзінде ҚР президентінің жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияға хат жазып, «адамдардың конституциялық құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету негізінде судьялар жүйесінің азаматтарға қатысты озбырлығын тоқтатуды» сұрапты.

«Бірлік» бастамашыл топта 30-ға жақын мүшесі бар. Олар өз жұмыстарын Алматы мен Алматы облысының аумағында жүргізіп, интернет және телефон арқылы республиканың басқа аймақтарындағы тұрғындарға да көмек көрсетпекші. Мұның алдындағы «Свобода» («Еркіндік») атты құлдыққа қарсы бағдарламаны «Бірлік» бастамашыл тобы 2009 жылы Алматы әкімшілігінің және дағдарысқа қарсы күрес орталығының қолдауымен жүргізген.

0 пікір