Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2902 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 17:34

Таңатар ТАБЫНҰЛЫ. Ауылды көтерудің бір жолы - ет нарығын дамыту

Ет өндірісі қай уақытта болса да еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі және басым бағыттардың бірі болып келеді. Кеңес Одағы заманында Қазақстанда мал шаруашылығы қарқынды жолмен дамыды. Тіпті біздің жалпыодақтық қорға ет өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі болғанымыз да рас. Ал тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы мал шаруашылығының даму барысын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - 1990-1999 жылдар аралығы. Бұл - орталықтандырылған экономика принциптеріне негізделген мал шаруашылығы саласының нарыққа көшкендегі құлдырау сәті. Реформалаудың бұл кезеңінде жаңа жағдайларға бейімделе алмаған шаруашылықтар ұсақталып кетті.

Ет өндірісі қай уақытта болса да еліміздің ауыл шаруашылығындағы негізгі және басым бағыттардың бірі болып келеді. Кеңес Одағы заманында Қазақстанда мал шаруашылығы қарқынды жолмен дамыды. Тіпті біздің жалпыодақтық қорға ет өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі болғанымыз да рас. Ал тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстандағы мал шаруашылығының даму барысын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - 1990-1999 жылдар аралығы. Бұл - орталықтандырылған экономика принциптеріне негізделген мал шаруашылығы саласының нарыққа көшкендегі құлдырау сәті. Реформалаудың бұл кезеңінде жаңа жағдайларға бейімделе алмаған шаруашылықтар ұсақталып кетті.

Мұндай жағдай мал шаруашы­лығының жекелеген азаматтардың қолына көшіп, саланың ұсақ тауар­лы күйге түсуіне әкеліп соқ­тырды. Мал мен құстың саны күрт азайып, табынның генетикалық әлеуеті құлдырап, осының әсері­нен мал шаруашылығы өнім­дерінің барлық түрлерінің өндіріс көлемі кеміді. Соның нәтижесінде еттің әр жан басына шаққандағы тұтыну көрсеткіштері де төмен­де­ді. Бұл жылдарда мал басы орташа алғанда 56,4 пайызға, өндіріс көлемі 86,5 пайызға қысқарды. Тұқымдық шаруашылықтардың саны 85 пайызға, табындағы тұ­қым­дық мал басының үлестік сал­мағы 80 пайызға азайды. Елі­міздегі 62 құс фабрикасының 34-і жабылып қалды. Ет тұтынудың әр жан басына шаққандағы орташа жылдық көрсеткішіне келсек, ол 71 келіден 44 келіге, сүт - 307 литрден 236 литрге, жұмыртқа - 222 данадан 102 данаға кеміді. Яғни еліміз өзінің экспорттық ет әлеуетінен айрылып, құс еті жө­ні­нен импортқа тәуелді болып қалды.
Екінші кезең - 2000-2009 жыл­­дар аралығы. Бұл - саланың қайта өрлеуінің басталған кезі. Бұл кезеңде Ауыл шаруашылығы министрлігі қыруар іс-шараларды қолға алды. Біріншіден, ауылдың нарықтық экономика жағдайын­дағы дамуының заңнамалық негізі құрылды. Бұл саладағы қарым-қатынастарды реттейтін барлық негізгі заңнамалық және норма­тив­тік-құқықтық актілер қабыл­данды. Екіншіден, мал шаруа­шылығын қолдауға мемлекет бөлетін қаржылық ресурстардың көлемі ұлғайды. Атап айтарлығы, осы 9 жылда ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін қаражат көлемі 10 есеге дейін өсті. Қазіргі кезде мемлекет тұқымдық өнімнің құ­нын арзандату жолымен селек­ция­лық-тұқымдық жұмыстарды қолдап, мал шаруашылығы өнім­дері өндірісінің шығындарының жартысына жәрдем ақша жұмсап отыр. Алайда бұл бағытта су­б­сидиялау нормативтерін диф­ферен­циациялау тәсілі қол­да­нылады. Яғни текті тұқымда мал өсіретін субъектілерге жәрдем ақша көбірек беріледі.
Үшінші кезең - 2009 жылдан бүгінге дейінгі уақыт. Бұл жерде мал шаруашылығының қазіргі хал-күйіне үңілу үшін, статис­ти­калық деректерге көз жүгіртейік. 2011 жылдың 1-қаңтарындағы жағ­дайды 2010 жылдың 1-қаң­тары­мен салыстырсақ, төмен­де­гідей көрсеткіштерді көреміз. Яғни бір ғана жылдың ішінде мүйізді ірі қараның саны 1,1 па­йызға көбейіп, 6160,4 мың басты құрапты. Сондай-ақ қой мен ешкі 17840,3 мың басқа (2,7 пайызға); шошқа 1356,1 мың басқа (2,3 пайызға); жылқы 1482,9 мың басқа (3,1 пайызға); түйе 160,2 мың басқа (3,1 пайызға); құстар 33036,3 мың басқа (1,1 пайыз) көбейген көрінеді. Мал өнімдері өндірісінің көлемі де артып, мысалға, ет өндірісі (тірі сал­мақтағы) 3,0 пайызға өсіп, 1646,0 мың тоннаны; сондай-ақ сүт өндірісі - 5341,2 мың тоннаға (1,4 пайызға өскен); жұмыртқа - 3700,9 млн данаға (12,6 пайыз), жүн 36,2 мың тоннаға (3,4 пайыз) ұлғайған. Бұл жерде 2010 жылы барлық ет түрлерінің өндірісінің көлемі (сойылған мал еті) 930,0 мың тоннаны құрағанын, соның ішінде ауыл шаруашылығы құры­лымдарының үлесі 22,5 пайыз болғанын атап айтуымыз керек. Ал 90-жылдары шаруашылық­тар­дың барлық санаттарында 1547,6 мың тонна ет өндірілсе, соның ішінде ауыл кәсіпорын­дарының үлесі 67,1 пайызды құра­ды. Осыған қарамастан, біздің елі­міздегі ет өнімділігінің деңгейі әлі төмен. Дәлірек айтсақ, 1990 жылдан бері сойылатын малдың орташа тірі салмағы 12,3 пайызға төмендеп, қазіргі кезде 310 келіні құрап отыр. Ал әлемдік нарықтағы стандартты салмақ - 500-520 келі. Мұндай жағдайға себеп болғаны, бізде малдың жем-шөп базасы әлі әлсіз. Сондай-ақ бордақылана­тын малдың арасында ет емес, тек сүт беретін жануарлар көп.
Бүгінгі таңда Қазақстан мал шаруашылығы өнімдері өндірісі­нің көлемін ұлғайту, сапасын арттыру және бәсекеге қабілеттілігін көтеруді ынталандыру мақсатымен бірнеше іс-шараларды жүзеге асы­руда. Соның ішінде, мал ша­руашылығының екі бағытына рес­публикалық бюджеттен жәр­дем қаражат бөлінуде. Бірі - тұқымдық мал шаруашылығын дамыту, екіншісі - мал шаруа­шы­лығы өнімдерін өндіру және сату. Онымен қоса, «Қаз Агро» ұлттық холдингінің еншілес компания­лары арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге (АШТӨ - Т.Т.) лизинг және жеңіл­детілген несие беретін бағ­дарламалар жүзеге асырылуда.
Мал шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін негізгі төрт бағыт таңдап алынды. Біріншісі - мал басын өсірудегі ірі көлемдегі селекция бағдарламасы. Түсінікті етіп айтсақ, үй жануарларының барлық түрлерінің тұқымдық және өнімдік сапасын арттыру үшін, селекциялық үдеріс бір жер­ден басқарылады. Екінші ба­ғыт - аса жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті сиыр етін дайындап шығару үшін, отандық тұқымды (мысалы, қазақтың ақ бас сиыры, әулиекөл, жетісу) шетелдік тұ­қым­мен будандастыру, импорт­тан жоғары өнімді мал әкелу. Үшінші бағыт - тұқым өсіру жұмыстарын уақыттың талаптарына сәйкес­тендіру. Яғни тұқым өсіруді ха­лықаралық тәжірибеге сай рефор­малау. Бұл бағытта қазір қол­­­­­­даныстағы заңдарымызға қа­жетті түзетулер мен өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Төртінші бағыт - мал шаруа­шы­лығының мықты жем шөп база­сын құру. Құзырлы министрліктің жоспарына сәйкес, бұл бағыттағы мәселелер үш блокпен шешіледі. Әрине, жоғарыда айтылған іс-шараларды толық жүзеге асыруға қосымша қаражат пен қолдау қажет. Мемлекет ондай қолдауды көрсетіп отыр. Біріншіден, Үкімет АШТӨ сатып алатын тұқымдық өнімнің құнының 50 пайызына дейін жәрдем ақша бөледі. Алай­да субсидия бөлу жүйесі аздап өзгерді. Бұдан былай, мемлекеттің демеу ақшасы малдың тірі сал­ма­ғына емес, әр мал басына төленеді. Екіншіден, биылдан бастап ірі көлемдегі селекция жұмыстарына қатысушыларды субсидиялау жө­ніндегі жаңа бюджеттік бағдарлама енгізіледі. Соның аясында мал өсіретін шаруашылықтар біртұтас электрондық базаға енгізілген әр бас малды асырауға жәрдем қаржы алады. Үшіншіден, АШТӨ-лер бұрынғыдай мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділі­гін арттыруға бюджеттен субсидия алады.
Қазақстан Үкіметі ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін да­мытуға арналған жобаны жүзеге асыруда. Тіпті нақты міндеттер, мақсаттар, іс-шаралар, жауапты ведомстволар анық жазылған 2011-2015 жылдарға арналған ке­шенді жоспар да бекітілді. Қазіргі кезде бұл жобаны іске асыратын жаңа несиелеу бағдарламасы әзірленуде. Кешенді жоспарды орындау шеңберінде ірі қара етін өндіретін өнеркәсіп инфрақұры­лымын салу қолға алынуда. Биыл­ғы жылы бір мезгілде 18 мың бас сыятын мал бордақылайтын алаң­қайлар желісін салу жоспарланған. Соның ішінде 12,1 мың орындық 2 мал бордақылайтын кешен пай­далануға берілді. Онымен қоса, тағы да 4 кешеннің құрылысын қаржыландыру қосымша мақұл­данды. Аталған жобаның шең­берінде биыл шетелден 10 мың бас тұқымдық таза мал әкелу ойластырылуда. Соның ішінен 816 бас ірі қара мал әкелінді. Егер салыстыратын болсақ, 2010 жылы бар-жоғы 2,4 мың бас мал сатып алдық. Олардың барлығы біздің климаттық жағдайларымызға тез бейімделуіне мүмкіндік жасалған. Сонымен қоса, биыл аталған жобаның аясында 40 мың бас мал асырайтын фермерлік шаруа­шылықтар жүйесін құру жос­пар­ланған. Қазірдің өзінде «Сыбаға» бағдарламасының шеңберінде фермерлік шаруашылықтар 35,7 мың бас ірі қара мал сатып алды.
Еттің экспорттық әлеуетін да­мытуға арналған жобадан күтетін нәтижелер де айтарлықтай. Мәсе­лен, Қазақстан 2016 жылға қарай тұқымдық жануарлардың үлесін ірі қара мал бойынша - 14 пайыз­ға, қой мен ешкіні - 22 пайызға, жылқыны - 11 пайызға, түйені -13 пайызға, шошқаны - 19 па­йызға, құс етін - 22 пайызға дейін өсірмекші. Сондай-ақ таза және сапалы ет беретін мал басын 700 мыңға дейін ұлғайтуымыз керек. Үшіншіден, сиыр етінің өндірісін 600 мың тоннаға және оның экспорттық әлеуетін 60 мың тоннаға дейін арттыруға тиіспіз. «Ресей жыл сайын 1,5 млн тонна етті импорттан алады. Соның ішінде Ресейдің ет өнімдері на­рығында Қазақстанның өз кеңіс­тігі бар, - дейді «Қазагромарке­тинг» АҚ-ның еттің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын үйлес­тіру және бағалау басқармасының бастығы Айнаш Шапенова. - Бұл жерде Қазақстан премиум және ВИП-кластарға арналған өнім шығаруға құлықты. Яғни бұл - мейрамханалар мен өзге де тамақ­тану кешендеріне үлкен сұранысқа ие тоңазытылған және жаңадан мұздатылған ет. Әрине, алдағы 5 жылдың ішінде 60 мың тонна көлемінде ет өндіруіміз үшін, көп­теп мал бордақылайтын алаң­дар, тұқымдық репродуктор-ша­руашылықтар, фермерлік шаруа­шылықтар салуымыз керек. Мы­са­лы, 2015 жылға дейін жылы­на бір мезгілде 150 мыңнан 300 мың басқа дейін мал сыятын мал бордақылайтын алаңдар желісін салу жоспарланып отыр. Бұл мақ­сатқа жету үшін, маманданды­рылған мал шаруашылығын жақ­сылап дамытуға тиіспіз. Яғни са­палы ет беретін малдың үлесін кем дегенде 4 млн басқа жет­кі­зуіміз керек. Бүгінге дейін еліміз­дегі сиыр етінің негізгі бөлігін кәрі және арық сиырлар беріп келді. Ал тығырықтан шығамыз десек, өзіміздің сапалы сиырлары­мызды жоғары өнімді бұқалармен будандастыруымыз керек. Бұл мін­детті өзіміздің ішкі мүмкіндік­терімізбен шеше алмайтынымыз анық. Сондықтан алдағы 5 жылда әлемдік ең үздік тұқымдардан 72 мың бас тұқымдық мал әкелуіміз қажет. Сол кезде отандық ірі қа­раның тұқымдық сапасы жоғары­лап, 2020 жылға қарай экспортқа шығарылатын мал етін 61 пайызға жеткізе аламыз».
«Қазагромаркетинг» АҚ-ның Сараптамалық зерттеулер және маркетинг департаментінің бас маманы Әсел Ержанованың ай­туын­ша, отандық сиыр еті өндірісі іс жүзінде ішкі қажеттілігімізді толықтай жапқанына қарамастан, ет өңдеу өнімдерінің импортқа тәуелділігі бұрынғыша жоғары (50 пайызға жуық) болып отыр. «Қа­зіргі кезде Қазақстанға негізінен сиыр етін экспорттаушылар - Польша, Австралия, Аргентина. Өткен жылы осы елдерден им­портталған сиыр етінің жиынтық көлемі 73,7 пайызды құрады, - дейді Әсел Қамзақызы. - Мұндай жағдайда импорттың орташа бағасы еттің әрбір келісіне 2,1 АҚШ долларын құрады деген сөз. Ал шошқа етінің импорты 2010 жылы 8,68 пайызға қысқарды. Бұл өнімді негізгі импорттаушылар АҚШ (37 пайыз), Польша (27 пайыз) және Канада (25 пайыз). Импорттың орташа құны әр келіге 1,79 АҚШ долларын құра­ды. Қой етінің импортына келсек, оның көлемі 2009 жылғы 138,78 тоннадан 2010 жылы 68,02 тоннаға дейін азайғанын атап айтуымыз керек. Яғни қой етінің импортын 54,6 пайызға қысқарта алдық. Оның орнына, 2010 жылы қазақ­стандық қой етінің экспортын 324,5 тоннаға өсірдік. Соңғы 10 жылда отандық өнім өндірушілер қой етін Ирак, Иран және Катар сияқты елдерге экспорттады. Соның ішінде, Иран мен Иракқа қой еті жаңа және тоңазытылған тұтас күйінде, ал Қатарға - қатты мұздатылған тұтас ет күйінде жіберілген».

Таңатар ТАБЫНҰЛЫ

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=10256&Itemid=2

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672