Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2339 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 10:41

ҚМГ БӨ Жаңаөзен қаласында келіссөздер басталды деген ақпаратты жоққа шығарады

Астана, 2011 ж,  6 қазан. «Азат» ЖСДП таратқан баспасөз хабарламасына және осы партияның өкілдері жасаған мәлімдемелерге байланысты «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») заңсыз наразылық акциясына қатысып, еңбек шартын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылғандарды жұмысқа қайта қабылдау жөнінде Компания өкілдері ешбір келіссөз жүргізбегенін және жүргізіп отырмағанын мәлімдеуді жөн санайды.

«Азат» партиясының өкілдері Болат Әбілов пен Әміржан Қосанов ҚМГ БӨ басшылығының  Жаңаөзен қаласындағы өкілдерімен кездесуді сұрап,  Компанияға өтініш жолдаған болатын. Ашықтық қағидаттарын берік ұстанған ҚМГ БӨ диалогқа дайын, сондықтан тиісті келісім беріліп, аталған кездесу 2011 жылдың 4 қазанында орын алды. Компанияға «Өзенмұнайгаз»  өндірістік филиалының (ӨМГ) директоры, ҚМГ БӨ Басқармасының мүшесі Киікбай Ешманов өкілеттік етті. Кездесуге Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев те қатысты. Сонымен қатар, кездесуге заңсыз наразылық акциясына қатысқаны үшін жұмыстан шығарылған  жұмыскерлердің бірнешеуі қатысып отырды.

ҚМГ БӨ өкілдері заңсыз наразылық акциясына қатысып, еңбек шартын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылған 989 ӨМГ жұмыскерінің қайсыбірін жұмысқа қайта қабылдауға еш ниеті жоқ екендігін тағы бір шегелеп мәлімдеді. «Қаражанбасмұнай» АҚ басшылығы осы компанияның және еншілес екі көлік кәсіпорындарының («Арғымақтранссервис» ЖШС мен «Тұлпармұнайсервис» ЖШС) жұмысқа шықпағаныүшін жұмыстан шығарылған 993 жұмыскеріне қатысты ұстанымы да тура осындай. Бұл жұмыскерлерді ұзақ уақыт бойы - бірнеше тәуліктен үш айға дейінгі мерзім бойы - ешбір салмақты себепсіз жұмыс орындарында болмағаны үшін жұмыстан шығару ҚР Еңбек кодексінің талаптары қатаң орындала отырып іске асты. Шешімнің заңға сәйкес қабылданғанын Жаңаөзен және Ақтау қалаларының сот орындары   растап берді. Осы сот орындары ондаған адамның бұрыңғы жұмыстарына қайта алынуы туралы сотқа түсірген шағымдарын қанағаттандырған жоқ.

Компания тарапынан локаут[1] әрекеті болды деген айыптаулардың да еш негізі жоқ, өйткені ӨМГ кәсіпорнындағы ереуіл ресми түрде жарияланған жоқ және жұмысты тоқтатқандар заңда көрсетілген бітімгерлік процедуралардың ешқайсысын ұстанбады.

Демек, Компанияның жұмыстан шығарылғандарды бұрыңғы жұмыс орындарына қайта қабылдауға ниет танытпағаны заңға толықтай сәйкес келетін негізі бар шешім болып табылады. ҚМГ БӨ өзінің осы позициясын заңсыз наразылық акциясы басталған алғаш күндерден бастап берік ұстанып келеді және заңсыз наразылық акциясына қатысушыларға бұл жайында бірнеше мәрте хабардар етілген еді.  Заңсыз акцияға қатысқандардың қайтып жұмысқа қабылданбайтындығы туралы «Азат» партиясы өкілдерімен өткен кездесуде де анық әрі нақты мәлімденген болатын.

Аталған кездесуде «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы жұмыстан шығарылғандардың мердігер және еншілес компанияларға жұмысқа тұруына қолдау көрсетіп, барынша әрекет етіп жатқаны да мәлімденді. Атап айтқанда, жұмыстан шығарылғандарға ұңғымаларға жөндеу жұмыстарын жүргізіп, оларға қызмет көрсететін сервистік компанияларға жұмысқа тұру жөнінде бірнеше мәрте ұсыныс жасалды, алайда, жұмыстан шығарылғандар ондай ұсыныстарды қабылдаудаан бас тартып келеді.

Компания, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмыскерлердің немесе кәсіподақ секілді олардың заңды өкілдерінің талаптарын қарастыруға міндетті екенін атап көрсетеді. Заңға сәйкес жұмыстан шығарылғандар ендігәрі кәсіпорынның еңбек ұжымы құрамына кірмейді, сондықтан жұмыс берушіге ешқандай талап қоя алмайды. Дәл осы себепті олардың талаптарын, оның ішінде жұмысқа қайта алынуы жөніндегі талаптарын қарайтындай бітімгершілік комиссия құрыла алмайды.

P.S.[1] Локаут, ҚР Еңбек кодексінің 305-бабына сәйкес, -  ұжымдық еңбек дауына немесе ереуілге қатысқанына байланысты  жұмыскерлермен арадағы еңбек шарттарының жұмыс беруші бастамасымен өз күшін жойғанын білдіреді.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672