Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2880 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 08:47

«КТК» арсыздықты насихаттай береді ме?

«КТК» арсыздықты насихаттай береді ме?

ҚР Бас прокуроры А.Қ. Дауылбаев мырзаға,
ҚР Байланыс және ақпарат  министрі А.Қ. Жұмағалиев мырзаға,
«КТК» АҚ бас директоры А.Т. Шораев мырзаға

Ашық хат

«КТК» арсыздықты насихаттай береді ме?

ҚР Бас прокуроры А.Қ. Дауылбаев мырзаға,
ҚР Байланыс және ақпарат  министрі А.Қ. Жұмағалиев мырзаға,
«КТК» АҚ бас директоры А.Т. Шораев мырзаға

Ашық хат

2011 жылдың 2 қазанында, сағат 19:00-де «КТК» телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасында жыныстық қатынасты ашық «насихаттаған» бейнесюжет көрсетілді. «Семей қаласында 56 жастағы әйел адам жерленген қабірді бірнеше мәрте қорлады деген күдікпен 50 жастағы тұрғылықты орны жоқ қала тұрғыны ұсталған болатын. Белгілі болғандай, ұсталған азамат шілде айының орта тұсында жақында ғана қайтыс болған әйелдің (өзінің танысының) мәйітін жер астынан алып шығып, онымен жыныстық қатынаста болып, қайта жерлеп, оқиға орнынан қашып кеткен. Мұндай қылмыстық әрекеттер тамыз айы мен қыркүйек айларының орта тұстарында қайта қайталанған». «Астарлы ақиқат» бағдарламасындағы сюжет осы оқиғаға байланысты еді.

Халық бала-шағасымен теледидар алдында отырған прайм-тайм уақытында бағдарлама жалаңаш біреудің өлі мәйітті аймалап жатқанын көрсетті.
Азғындық жайлаған Батыстың өзі мұндай дүниелерді «мозаикамен» жауып көрсеткенді жөн санайды. Ал «КТК» жасырып-жапқан да жоқ, жалаңаш тәнді аймандай қып, ашықтан-ашық «дәріптеді». Бұған дейін де бұл хабардың талай «астарсыз ақиқатты» көрсетіп жүргені зиялы қауымның наразылығын тудырған еді.
«ҚР Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңының «Бұқаралық ақпарат құралдарын тарату» атты 3-тарауы, 14-бабында «Порнографиялық және арнаулы сексуалдық-эротикалық сипаттағы радио, теледидар бағдарламаларының эфирге шығарылуына, сондай-ақ кино және бейне өнiмiнiң көрсетiлуiне, қатiгездiк пен зорлықты насихаттауға тыйым салынады», - деп тайға таңба басқандай жазылған.

«Ел болам десең, экраныңды түзе» дегендей (С.Елубай), бүгінгі ақпарат дәуірінде телевизияның күш-қуаты алапат екені жаңалық емес. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетер тәрбие көзі де телеэкран болып отыр. Ендеше, сол экраннан көрсетілетін дүниелер қашанғы бақылаудан тыс қала береді?
Қазақ мәйітті ақ кебінге орап, арулап көмеді. Жер қойнына тапсырғанда жүзін ашық қалдырмайды. Ал қазір марқұмның жүзін көрсетпек түгілі, өлі денесін жалаңаш біреу қорлап жатса, соны экран арқылы дәріптейтін болдық. Ділі өзгеше деген Батыс елдерінде де мұндай дүниелер көмескіленіп көрсетілетінін жоғарыда айттық. Ал біздегі «рейтингқұмар» арналар тыржалаңаштар, некрофил, педофил, гомосексуалистер мен зорлық-зомбылықтың нешеме түрін жарыса көрсетіп, сонысын тағы мақтан ететінді шығарды.

Құрметті Бас прокурор! Құрметті министр мырза! Құрметті «КТК» АҚ басшылығы! «КТК» телеарнасының «Астарлы ақиқат» бағдарламасының анайы көрсетілімдері қаншалықты «БАҚ туралы» Заңға сай? Аталған жағдайға байланысты тексеру жүргізіп, тиісті шара қолдануларыңызды сұраймыз.

«Жария» журналистер клубының мүшелері:

Самат Сүлеев, Нұрлан Қабдайұлы, Мақпал Мадиярова, Алтын Ерғазиева, Бақыт Аманжолқызы, Аида Хаметжанова, Жігер Сәрсенов, Қанат Базылханов, Эльдар Бақпаев, Серік Үсенбеков, Берік      Үсенбеков, Д.Әбдуакит, А.Сейтмамыт, Мұрат Есжан, Мөлдір Нұрлан, Нұртас Салтанұлы, Есболат Айдобосын, Әуесбайдың Қанаты, Нұриддин Бидосов, Бейнегүл Абауова, Ержан Жүнісов, Жадыра Мүслім, Сәуле Мешітбаева, Нағашыбай Қабылбек, Құрманбек Жұмағали және т.б.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672