Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3726 0 пікір 6 Қазан, 2011 сағат 08:11

Сұмырай хан

(ертегі)

Ертеде бір хан болыпты. Ханның аты Сұмырай екен. Ол: «Елде жоқ зат өзімде бар болса екен, менде бар зат ешбір адамда болмаса екен», деп ойлапты. Осы мақсатын іс жүзіне асыру үшін Сұмырай хан кімнің жақсы аты, асыл жиһазы, қымбат мүлкі болса, барлығын да  тартып алып, өз қазынасына  сала беріпті, сала беріпті. Сонда да көзі тойып, көңілі толмапты.

Ол бір күні жалғыз отырып:

- Осы мен мал, жиһаз, қазынаны қанша алсам да халықтың малы, жиһазы, қазынасы бір бітпей қойды. Құлақ естіген жердегі жақсы ат, асыл кілем, қыран бүркіт, жүйрік тазы, асыл жиһаздың бәрін де жинап алдым. Енді мұндай асыл қазына тек жалғыз менде ғана шығар деп талай рет ойладым. Бірақ жақсы ат та, асыл зат та бір таусылар емес. Менде бар зат халықта да бар болып шыға келеді. Мен құралайды құрықпен ұстайтын бәйге атын алып қойсам, оның орнына тағы сондай бір қарапайым адам ұшқан құсты құтқармайтын тұлпар өсіріп мінеді. Қысқа күнде қырық үйрек ілген сұңқарды тартып алсам, оның орнына тағы бір қарапайым адам қысқа күнде қырық емес, жүз үйрек ілетін қаршыға баулып салады, мен алтынын тартып алсам, гауһары шығады. Қысқасы, мен әлі де кедеймін. Менде бардың бәрі де халықта бар.

Хан өз ойының тап осы бір кезеңіне келгенде оның ызаланғаны соншалық өкіріп-бақырып, өз шашын өзі жұла-жұла  алдындағы алтын тұғырға маңдайының қалай сарт етіп тигенін де аңғармапты.

(ертегі)

Ертеде бір хан болыпты. Ханның аты Сұмырай екен. Ол: «Елде жоқ зат өзімде бар болса екен, менде бар зат ешбір адамда болмаса екен», деп ойлапты. Осы мақсатын іс жүзіне асыру үшін Сұмырай хан кімнің жақсы аты, асыл жиһазы, қымбат мүлкі болса, барлығын да  тартып алып, өз қазынасына  сала беріпті, сала беріпті. Сонда да көзі тойып, көңілі толмапты.

Ол бір күні жалғыз отырып:

- Осы мен мал, жиһаз, қазынаны қанша алсам да халықтың малы, жиһазы, қазынасы бір бітпей қойды. Құлақ естіген жердегі жақсы ат, асыл кілем, қыран бүркіт, жүйрік тазы, асыл жиһаздың бәрін де жинап алдым. Енді мұндай асыл қазына тек жалғыз менде ғана шығар деп талай рет ойладым. Бірақ жақсы ат та, асыл зат та бір таусылар емес. Менде бар зат халықта да бар болып шыға келеді. Мен құралайды құрықпен ұстайтын бәйге атын алып қойсам, оның орнына тағы сондай бір қарапайым адам ұшқан құсты құтқармайтын тұлпар өсіріп мінеді. Қысқа күнде қырық үйрек ілген сұңқарды тартып алсам, оның орнына тағы бір қарапайым адам қысқа күнде қырық емес, жүз үйрек ілетін қаршыға баулып салады, мен алтынын тартып алсам, гауһары шығады. Қысқасы, мен әлі де кедеймін. Менде бардың бәрі де халықта бар.

Хан өз ойының тап осы бір кезеңіне келгенде оның ызаланғаны соншалық өкіріп-бақырып, өз шашын өзі жұла-жұла  алдындағы алтын тұғырға маңдайының қалай сарт етіп тигенін де аңғармапты.

Хан сол жатқаннан мол жатты. Сарай маңына, ханның алдына ешбір пенде  аяқ басып жақын келе алмапты. Ханның қырық уәзірі - хан ойланып жатыр, сарай маңына жан баласы жоламасын, - деп хабар салады. Бұл хабарды естігенде кейбіреулер:

-Қорқар Құдайынан,

Қайтар райынан,

Зорлық-зомблығын қояр,

Бір жақсылық болар, - деп үміт етсе, халықтың көпшілігі:

«Ханнан лақ дәметкенше,

Қасқырдан құлақ дәмет»,

«Ел жыламай, хан кұлмес»,

«Хан құламай ел күлмес»,

«Құста сүт жоқ,

Жылқыда өт жоқ,

Ханда қайғы жоқ,» - деген екен.

Ханның оңаша ойлануынан жақсылық жоқ. Тағы қандай қанішерлік лаң болар екен, - деп шуласыпты.

Отыз күн ойланып, қырық күн толғанған хан, ақыры бір күні ой түбіне де жетіпті.

Қан сасыған қарағаш,

Хан жарлығы дар ағаш,

Кісі өлтіргіш жендеттер,

Бас шабатын дөңбектер, - барлығы да майдан басына әзір болды. Халықты жинап, хан жарлығын жариялады:

-Көкте Құдай бұйырығы,

Жерде хан бұйрығы, - деп бастады хан жарлығын оқыған бас уәзір: - Жер бетіндегі барлық теңіздер, көлдер, өзендер, құдықтар мен бұлақтар - ұлы дәрежелі ризық иесі Сұмырай ханның меншігі. Кімде- кім ханның рұқсатынсыз бір тамшы су алатын болса, басы шабылады.

Хан жарлығы екі емес. Сусыздықтан  адам да, мал да, үй құстары да қырыла бастады. Өліп бара жатқан сәбиіне бір тостаған су алып ішкізген талай ана сәбиімен бірге дарға тартылды, талай ер балтамен шабылды, қара аған қан сасыды, дардың түбінде өлген адамдардың денесінен ондаған маялар тұрды.

Жер бетінен су татуға еркі болмаған халық, мал сойып, құрбан шалып көктегі «Құдайдан» жаңбыр сұрады. Қарайған халық, қыбырлаған жан қанша жылап, зар тіленсе де көк «тәңірінен» жәрдем ала алмады.

Көзі аршылмаған бұлақ, түбі тазартылмаған құдық, балығы тулап, батпағы шайқалмаған көл, дариялардың көзі бітеліп, құрып кетті. Жан-жануар қырғынға ұшырады, жер беті тозаңға толды, өсімдіктердің тамыры күйді. «Сұмырай келсе, су құриды» деген мақал осы қасіреттің қайғылы ызасынан қалыпты.

Тартылған көлдің жағасында,

Тарыққан елдің арасында,

Сұлулығы ай мен күндей,

Адамгершілгі - баршаға бірдей,

Он беске келген жасы бар,

Он бұрым өрген шашы бар,

Әрі шешен, әрі шебер,

Райхан деген қыз бар екен.

-Сұмырай ханға барайын,

Бар өнерді салайын,

Он саусақты ойнатып,

Тіл семсерін бойлатып,

Керегіне өлімнің

Құрбаны болып жарайын, - депті де Райхан Сұмырай ханның ордасына келіпті. Келгенде бос келмепті, жібек жіппен кестелеп, асыл таспен түймелеп, атласпен әдіптеп, құндызбенен жұрындап, тамаша бір қамқа тон тігіп әкеліпті де ханның иығына жауыпты.

Дүние құмар, озбыр хан сұлу қыз мен қамқа тонды көргенде есінен тана қуанып, жас балаша жұбаныпты.

- Бұл өнерің үшін қандай тілегің болса да орындаймын. Бірақ алдымен менің  үш түрлі сұрағым бар, соған жауап бересің,- депті хан.

Райхан: «Алдияр тақсыр, бірақ сұрақ-жауап болған соң, сын болғаны ғой, сынға түсер болған соң, шын болғаны ғой. Сіз бен екеуміздің сынымыз бен шынымызды тыңдап отыратын бір қария адам отырсын», дейді қыз. Мұны жөн көрген патша сол елде екі жүз елу жасқа келген бір қария бар еді, соны алғызыпты да сұрақтарын қоя бастапты.

- Әкем айтушы еді, «Адамның алдынан қара мысық жол кесіп өтсе, жаман ырым», - деп, кеше дардан қайтып келе жатқанымды, бір қара мысық жолымды кесіп өтті, бұл қандай ырым болады?

- Тақсыр, мысықтың алдынан өткені, не артынан өткені адам үшін ешбір ырым емес, бірақ қаптесер мен тарақ құйрық үшін жаман-ақ ырым екен.

- Өзің тігінші екенсің. Менің денемнің ауыр, етімнің семіз екенін көріп те отырсың. Маған қандай түсті киім ұнайды деп білесің?

- Мысалы, қоянға ақ, түлкіге қызыл, құндызға күрең жарасады. Семізде шошқа семіз, олардың қарасы да, ағы да, ала-құла теңбілі де өздеріне жарасып тұрады ғой. «Байға тай мінсе де жарасады», дегендей, тақсыр, сізге қандай түсті киім кисеңіз де хандығыңызға ұнасып тұрады деп айтар едім.

- Әкемнің тағы бір сөзі есіме түсті, «Ер адамның алдынан бос шелек ұстаған әйел кездессе, жаман ырым» деуші еді о кісі. Біраздан бері қайда барсам да алдымнан бос шелек ұстаған әйелдер кездесе беретін болды, ол қандай ырым?

-Менің әкем: «Жаман адам ырымшыл болар, жаман жылқы арыншыл болар», - деуші еді. Бірақ қазіргі жағдайда сіздің әкеңіз білгір адам екен, тақсыр! Ол шелектерді кептірген өзіңіз ғой.

Дәл осы араға келгенде, манадан бері үндемей тыңдап отырған қария күліп жіберіпті. Бұған ашуланған хан: «Сен, қақбас, неге күлесің? Сөзім мазақ па, өзім мазақ па саған!», - деп ақырыпты.

Сонда қария:

- Сен хан болсаң, мен - қариямын. Сен зындан болсаң, мен - дариямын. «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген екен ата-бабаларымыз. Өзің берген сұрақ та, қызым қайтарған жауап та қайырымсыз, қанішер ханды тез құртудың ырым-нышаны екен. Мен соған қуанып күлдім. Бұл да жақсы ырым. Көп ұзамай көзіңді жоғалтып, халқым күлкіге бөленеді екен, - депті.

Қатты ашуланған хан қарияның басын алыпты да, Райханның оң жақ қолын білегінен шауып тастапты.

***

Қарияның өнер іздеп жолаушы кеткен жүз қызы, олардан өрбіген немере, шөберелері, жиендері бар екен. Халқының  қайғылы хабарын естіп, хан сарайына келіп түссе, қан-жоса қырғыншылықты көреді. Қарияның ұрпақтары ханды өлтіріп, сарайын өртеді де өздері барып бітеліп қалған бұлақ, құлап қалған құдық, батпақ басып тартылып қалған өзен, көлдерді аршып, көздерін тазартыпты.

Ел де, жер де, малдар мен аңдар да жауыз ханнан құтылып, суға тойып құлпыра түсіпті.

Сонда Жер-анамыз асыл қызының халық үшін шабылған бес саусағын жер бетіне бес жапырақты гүл қылып өсіріпті.

Жер-ана мұндай мирас белгі жасағанда, ел-анамыз да бос қалмапты. Ол жауыз ханға қарсы су алу үшін болған қырғынды ризық үшін қырғын деп атап, халықтың ою-өрнек, әшекей өнерін де «су» деген өрнекпен мәңгі қалдырыпты.

Қаптаған су, қаулаған өсімдіктен неше түрлі дәру жасап, басы алынған қарияны тірілтіп, Райханның шабылған қолын орнына салып, халық мұратына жетіпті.

(«Қаңбақ шал», тұрмыс-салт ертегілері, Алматы, «Жалын», 1983 жыл)

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2167
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2570
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2446
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1671