Сенбі, 27 Сәуір 2024
2589 0 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 20:33

Шымкентте 80 адам карантинге жатқызылды

Шымкентте қауіпті вирус тараған елдерден келген 80 адам карантинге жатқызылды. Бұл туралы Тауар қауіпсіздігі және бақылау сапасы департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"80 адам ауруханада карантинде жатыр. Барлық басқа елдерден келгендер", - делінген хабарламада.

Ресми ақпаратқа сенсек, карантинге жатқызылған барлық 80 адам 1А категориясындағы елдерден келген.

"Олар сап-сау адамдар. 63 адамның барлығы түрлі борттардан түсті, Шымкентке қонды. 17 адам Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшып келді", - деді Тауар қауіпсіздігі және бақылау сапасы департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 49 адамға жетті.

Abai.kz

0 пікір