Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 2577 10 пікір 20 Наурыз, 2020 сағат 12:26

Індетті көңілге алмай жүрген қаншама халық ойлану қажет

Италияда бір күнде коронавирустан 427 азамат қайтыс болды. Ел бойынша жалпы саны 3405 азамат өмірімен қош айтысты.

Бізде Алматы мен Астанадан асып Қарағандыға жетті.

Осы орайда елде тараған ақпараттардың ішіндегі екі нәрсеге назар аударғым келеді:

1. Коронавирус Қытайдан алғаш шыққанда "Бұл жаратушының Қытайға мұсылмандарды қырғаны үшін жіберген жазасы" деді.

2. Қазір елімізге коронавирус келгенде "Бұл енді биліктің арнайы әрекеті. Жақында президент ауысады" деген сарапшылар шықты.

Осыған сенетін, індетті көңілге алмай жүрген қаншама халық бар. Осы тектес ақпарат таратушы аналитиктерден мен сұрағым келетін бір ғана сұрақ бар. Бастарың істей ме сендердің? Қайдан шығады осындай аналитиктер?

Басқа-басқа елде төтенше жағдай орын алып жатқанда саяси өзгеріс болмайды. Төтенше жағдай уақыты біткен күні қозғасаңдар бір сәрі. Елді бейқам ұстауға сендіретін жалған ақпарат тарату халыққа қарсы қылмыс деп білемін. Коронавирустың қауіпті екенін сезу үшін Италиядағыдай күніне 427 қазақ кетуі керек пе? Құдай айтқан жерден аулақ қылсын.

Негізі екінің бірі аналитик болған заманда өмір сүріп жатырмыз ғой. Бірақ бұл деген сөз әркімнің сандырағына еру дегенді білдірмейді. Ақылға тоқтап есімізді жинауымыз қажет.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1426
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1267
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1081