Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2725 0 пікір 4 Қазан, 2011 сағат 05:48

Онжылдықтың соңына қарай үкімет өнеркәсіп өндірісінің қуат пайдалануын 25% азайту үшін жағдай жасамақшы – Мәсімов

Астана. 4 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан үкіметі өнеркәсіптің қуат сыйымдылығын 2015-ші жылға қарай 10%-ға, ал онжылдықтың соңына қарай 25%-ға азайту үшін жағдай жасамақшы, деп ҚР премьер министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. Бұл туралы ол сейсенбі күні «Қазақстан: 20 жыл тұрақты даму, инвестиция мен ынтымақтастықтың жаңа белестері» атты KazEnergy-дің VI Евразиялық форумында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

Үкімет басшысының айтуынша, ауа райының өзгерістері ғаламдық қауіп төндіріп отыр және бұл қауіпті еңсеру үшін ғаламдық ауызбіршілік керек. Бұл ретте К. Мәсімов Қазақстанның жасыл даму Декларациясына беріктігін растай отырып өсу және даму саясатын әр кез қолдап отыратындығын растады.

«Біз экономикамыздың қуат тұрғысынан тиімділігін арттырып қайта қалпына келетін қуат көздерін игеруге ұмтылудамыз. (...) Біз парниктік газдың тасталымын азайту үшін алдыңғы қатарлы технология мен жабдықтарды енгіземіз», - деп атап өтті ол.

0 пікір