Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
14926 7 пікір 17 Наурыз, 2020 сағат 12:47

Төтенше жағдайға байланысты кредитін төлей алмағандарға айыппұл салынбайды

Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова тұтынушылық несие нарығында тәуекелдерді төмендету шаралары туралы айтып берді.

Төтенше жағдай кезінде тұтынушылық несие бойынша қарыз болса, өсімпұл мен айыппұл есептелмейді. Банктер кәсіпкерлерге қарызды кейін төлеуге мүмкіндік жасайды.

-Жеке және заңды тұлғалар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты төлемдерін кешіктірсе, қарыздар мен микронесиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмеуі тиіс. Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға, банктер ғана емес ломбардтарды және несиелік серіктестіктерді, қарыз беретін барлық кредиторды қоса алғанда барлық микроқаржы ұйымдары берген қарыздарға қолданылады, - деді ол.

Сондай-ақ,төтенше жағдай кезеңінде және тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарызы бойынша 90 күн өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады.

-Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтыну қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзім өткен кезде сыйақы есептеуге тыйым салынады,-деді агенттік төрайымы.

Сонымен қатар ол Қазақстандықтар қандай жағдайда несие тарихын түзей алатыны жөнінде айтып өтті.

-Жеке тұлғалардың несие тарихын қалпына келтіру үшін 50 пайыздан астам мерзімі өткен берешекті 12 айда өтеген және міндеттемелерді кейіннен орындаған жағдайда қарыз алушы үшін жағымсыз несие тарихын түзету бойынша мүмкіндік көзделеді, - деді Әбілқасымова.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін, ұлттық экономика министрінің орынбасары Жаслан Мәдиев елдегі күрделі жағдайды жеңілдету үшін бірқатар шаралар қарастырылып жатқанын айтқан болатын.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2077
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2501
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2129
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1612