Сенбі, 27 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2809 0 пікір 3 Қазан, 2011 сағат 06:03

Сергек Ерқосай. Волонтер – қайырпаз. Немесе Әкім неге сайлануы керек?

Соңғы кездері кірме сөз  -  «волонтер» ауызға да, құлаққа да  көп ілігуде. Алайда, оның  мәнісіне көп адамдар назар аудара бермейді.

Елімізге демократиялық дәстүрлердің ене бастауына орай, бұл ұғым да күнделікті  өмірімізден орын ала бермек. Волонтерды біз «ерікті» деп қазақшалай салып жүрміз, сонда еріксізіміз кім болғаны? Орыстың «доброволецін» жартылай ұғып, жартылай аударған сықпытымыз ғой! Қайырпаз (волонтер)- мәжбүрлеусіз, өз еркімен, ақысыз түрде  белгілі бір  игілік қабылдаушының мүддесіне негізделген әлеуметтік маңызды  қызмет  көрсететін адам.

Қайырпаздық қызметтің қоғамдық ортадағы көріністері  сан алуан болып келеді. Елде талай атқарылып жүрген қоғамдық ұйымдар мен қайырымдылық жұмыстарда да, қайырпаздардың  маңызы турасындағы семинарда да мемлекеттік қызметкерлер «біз бұған соншалықты  бұрын мән бермейтінбіз» - деп тегін қайыр тигізу шараларын біздің  халықтың бойына сіңген қасиет ретінде немқұрайлы айта салады. Алайда, нарықты  экономика мен  тірлік күрделенген демократиялық қоғамда әр нәрсеге мән беріп, өз алдына дамытуды керек ететін жағдай қалыптасатыны белгілі. Қанша дегенмен, халықтың  салты мен өмір сүру  үлгісі  өзгере  бастады. Адам өз  еңбегінің ақысынсыз аттап баспайтын  заманға тірелдік. Міне, осындай  жағдайда қайырпаздық құрылымды жаңа дәуірге  лайықтап дамыту қажеттігі туындауда.

Қайырпаздықты еркін қоғамда  дамытып өрге бастыратын басты  күш қоғамдық ұйымдар болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар қайырпаздарды біріктіріп белсендіруде алдарына  басқа  ұйымды салмайды. Сол себепті қайырпаздықтың  дамуымен қатар тіпті, қоғамдық ұйымдардың  да  даму деңгейін  бағалауға  болады. Әр ауылдағы әркімнің ісі «асар», «үме»(батыста осылай аталады) аталғанымен, қайырпаздықты қазақ ауылымен де, руымен де бірге атқарған. Қазақтың әр туырлығы қайырпазсыз басылмаған! Ауылдың қатын-қалашы мен жігіт-желеңі жиналып, ет асылып, дастархан жасалып, ұмар-жұмар атқарылған.

Бірақ әр заманның өз заңы мен таңы бар. Кәзіргі таңда қайырпаздықты дамытуға мемлекет пен қоғамдық сектор атсалысуы керек, алайда, мемлекеттегілердің ол турасындағы түсінігі таяз. Жуырда Қарағанды да мүрдеханада үйіліп қалған өліктерді қоярға жер таппай қиналған жағдай жария болды. Әрине, қайрымсыздық жайлаған елдің мүрдесі де көмілмей қалатыны ма деген ой сумаңдайды. Егер жалғызілікті қарттарды қарауға жергілікті әкімдіктер қайырпаздар шығарып, оған азын-аулақ төлеп, өлгенше күттіруге болады. Өлгесін, марқұмның атындағы пәтерді (әрине, өлмес бұрын көрсетілетін қызметте ол жағы көрсетіліп, қарияның өсиеті ретінде  жазылуы керек) муниципалдық меншікке алып, кезектегі баспанасыздарға берсе ше?! Қаншама қараусыз қалған қазақ емес қарттар одүниеге арам өліп, итше көміліп жатыр?! Тіпті, кейбіреулері адамның қарақшылығынан өліп, мүлкі тартып алынуда... Көрдіңіз бе, бір қайырым келесісін тудырады.Қайырсыздық та солай... Екеуіне де ұрдақайт (бумеранг) таяқтың сипаты тән: ұрылатын нәрсе болса, ұрып береді, болмаса қайтып келіп өзіңді ұрады дегендей...

АҚШ та қайырпаздарды кеңінен мемлекет ісіне пайдаланады,тіпті мемлекеттік қызметке қайырпаздық еткен еңбек өтіліне қарап қабылдайтын тұстары да бар. «Бейбітшілік корпусы» аталатын халықаралық ұйымда істейтін қайырпаз америкалықтардың 100 пайызына елдеріне барғасын мемлекеттік мансапқа ие болатындай мүмкіндік туылады. Олар елімізге келіп түрлі қызмет етіп жүр: біреуі ағылшын тілін үйретеді, біреуі семинар өткізеді, біреуі дәрігерлік кеңес береді дегендей. Алайда, қайырпаздық  қызмет өңкей тегін деген түсінік - бұрыс, оны коммерциялық еңбекпен бағаланбайтындай, бергенге қанағат ете жүріп қызмет ету деп түсінген жөн.

Қайырпаздардың ісі тіпті ел экономикасында да өзіндік  үлесі  барлығы  сезілуде. 2001 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстанның  ішкі ұлттық табысының 3,8% - ы қайырпаздардың еңбегінен құралған көрінеді. Өкінішке орай, бұл қызмет елдегі қоғамдық секттордың шынайы дамымауына байланысты өз орнын алып отырған жоқ. Әрине, жастарды тегін жұмыс күші мен еріксіз түрде қайырпаз етудің үлгісін кейде Жоғарғы оқу мекемелеріндегі студенттерді мәжбүрлеу арқылы бас партия да көрсетіп жүреді, оны жергілікті жерлерде әкимат-сәкиматтар сықитып «ұйымдастырады».

Алайда, қайырпаздық әрекетті билікше емес, адамдарды қызық та тартымды шара ретінде  ұйымдастырудың маңызы зор. Қазіргі кезде қаланы тазартуға қайырпаздарды тарту  жүріп жатады. Алайда, құр шақырудан гөрі оны арнайы  жоба ретінде  жүргізсе, одан келер  нәтиже көп, қайырпаздық ерікті-мәжбүрлеу  түрінде емес, адамдардың нағыз еркіне сүйенген бұқаралық шараға айналар еді. Мәселен, елдің бас «экологы» Мэлс ағай бір сайды қоқыстан тазартуға жастарды тартса, ол нағыз қайырпаздық! Бірақ оларға тегін қолғап пен қапшық үлестіруге тура келеді дегендей жағы бар, яғни әрбір қайырпаздық қызмет белгілі нақты ұйымдастыру шараларынан тұрады. Ол болмаса қайырпаздық нағыз ойбайпаздыққа ұласуы мүмкін.

Мәселен, Ақтөбе облысында бір қоғамдық ұйымның  Халықаралық Каунтерпарт Консорциум ұйымынан 5 мың АҚШ доллары көлеміндегі алған грантқа құрылыс материалдарын сатып жеткізіп бергені бар. Содан кейінгі  жұмыс  жергілікті тұрғындарды қайырпаздық іске  белсендіру  болды. Соның  нәтижесінде әрбір жанұя 300 кірпіш әзірлеумен айналысып қоймай, ауық-ауық үме үлгісімен  жиналып құрылыс  жұмыстарын қолға алған. Ақырында небәрі 5000 АҚШ долларына  татитындай жұмысты ауылдық волонтерлар атқарып шығып, кезінде 5000 теңгеге сатылып кеткен ауылдық клуб қайта қалпына келтірілді. Кәзір сол клубта, пошта, медпункт, кітапхана жайғасқан.Мұндай жолмен қираған ауылдық нысандардың талайын 2-3 жылда орнына келтіруге болар еді.

Ал, осы нысандарды мемлекеттік бюджет пен оған жегілетін мемлекеттік тапсырыс тетігі арқылы бітіріп көріңізші, қаржының жартысы жемқорлық жұтқынына кетеді және әлгі нысан бірнеше есе қымбат бағаға салынып, ұзақ  уақытқа созылар еді. Ол үшін мемлекеттік сектордағы лауазымдылардың санасында демократиялық құрылым туралы аздаған саңылау болуы керек және дікеңдеген шолақ белсенділердің бойында халыққа деген шынайы қамқорлық пен мемлекетке берілген сезім болуы керек.Ал, ол үшін әкім қаралар халық арқылы сайлануы керек.Сонда ғана олар сайлаушыларға жағынуы үшін де, мемлекетке амалсыз қызмет етеіп, талай қайырпаздыққа барар еді. Қарап тұрсаңыз, бірі бәріне, бәрі біріне байланып тұр... Сонда олар Әбунасыр Әлфараби атамыз жазған «Қайырымды қаланың билеушілері» боларлық қасиет дарып, Қыдырдан бата алар еді...

«Абай-ақпарат»

0 пікір