Бейсенбі, 16 Мамыр 2024
Ақмылтық 3615 12 пікір 16 Наурыз, 2020 сағат 11:54

«Қазақстандағы орыс тіліне төніп тұрған қауіп жоқ»

Мына заман бізге «Қазақ тілін нашар білетін немесе мүлде түсінбейтін өзге ұлттың орыс тілді балаларын мектепте қалай оқыту керек?» деген заңды сұрақты алға тарта бастады. Өйткені 30 жыл бойы орыс мектебін бітіргендер бір ауыз қазақша білмей қазақ елінің азаматына айналып, шенді қызметте мемлекеттік тілімізді белден басып, отаршылар тілінде халыққа қызмет етіп келеді. Бұған тоқтау бар ма?! Болса қалай?! Солтүстіктегі көршіміз орыс тілі пайдасына, шығыстағы көршіміз қытай тілі пайдасына өз мемлекеттерінде осы аталған проблеманы өзге тілдегі мектептерді біржола жабу арқылы шеше білді. Біз неге осыны қазақ тілінің пайдасына шешпейміз. Оған не кедергі!?

Қазақ мектебін өз елінде жапқан Қытай мен Ресейдікі дұрыс. Өйткені, мемлекеттік тілден өзге тілде білім алу ұлттық қауіпсіздікке тікелей жікшілдік қатерін төндіреді. Араға іріткі салады. 

Иә, «Қазақстандағы орыс тіліне төніп тұрған қауіп жоқ». Бірақ бізге алып қос көршіміз Қытай мен Ресейдің білім беру жүйесінен үйренетін дүниелер көп. Орыстар барлық ұлттық федералдық округтерінде тегі орыс емес ұлттардың шәкірттеріне ана тілін тек факультетивтік негізде оқып үйренуді жолға қойып, барлық білім ошақтарын бірыңғай орыс тілінде білім беруге көшірді. Ал ұлты орыс шәкірттердің бұл сабақтарға қатысу-қатыспауы өз еркінде. Ешкімде оларды жергілікті ұлттың тілін оқуға міндеттей алмайды. 

Мысалы КСРО құрамына тек 1944 жылы ғана қосылған Тыва республикасында тек 9 мектеп қана тыва тілінде білім береді. Ал қалғандарында 1 сыныптан бастап тек орыс тілінде ғана оқытады. Саха елінде тек бір гимназия ғана саха тілінде білім беруде. Біздің елімізде қазір ұзаса 200 немесе бар болғаны 20-30 оқушылары ғана қалған Солтүстік пен Шығыстағы ірлі-ұсақты мектептерді 1 сыныптан бастап, бірте-бірте қазақ тілді мектепке айналдыруды 2021 оқу жылынан бастап қолға алу керек. Бірақ орыс тілді балалар қазақша мүлдем білмейді, не түсінгенімен өз ойын айта алмайды. Сонда қазақ билігі осыған байланысты не істеуі керек!? Әрине әрісі Қытай, берісі РФ тәжірибесіне сүйенуі керек. Орыс тілді шағын мектептерді жаппай біз біртұтас ұлттық мемлекет құра алмаймыз. Қазақ тілді мектепті керек ететін Оңтүстіктегі ағайынды онда аттап бастыра алмаймыз. Қазақтар Солтүстік пен Шығысқа қоныстануы үшін онда тек қазақша білім беретін мектептер болуы керек.

РФ ұлттық федралдық округтердегі жікшілдіктің алдын алып, өз мемлекеттік тұтастығын сақтап қалу үшін осы қадамға барып отыр. Біз неге осыны қолға алмаймыз. Сонда Қордайдағы сияқты оқиғалар орын алмайды. Әрі білім беру саласына түбегейлі реформа жасап, ұлтаралық қатынастағы 30 жыл бойы жіберілген қателіктерден арыламыз. 

Неге біз Тываны сөз етіп отырмыз. Енді соған түрік азаматы Zafer Dogan-ның сараптама мақаласы арқылы жауап берейік.

«Орыс тілін нашар білетін немесе мүлде түсінбейтін тыва балаларын мектепте қалай оқыту керек?» деген заңды сұрақ туындайды.

Тыва өзге ұлттық республикалардан мүлдем өзгешеленіп тұрады. Бұл ел ұзақ уақыт бойы моноұлтты болып келді, оның себебі Ресей құрамына енгеніне сексен жылдан аз-ақ асып отыр.  Бұл уақыт екі ұрпақ ауысуына дөп келеді. Сол себепті орыс тілін нашар білетін тыва балалары басқа да өз құрбылары сяиқты орыс сыныптарына арналған бағдарламаға сәйкестендірілген оқулықтармен білім алуға мәжбүр. Олар бұл орайда өздерін тым ыңғайсыз сезініп, оқуға деген құлықтылықтарын жоғалтып алады.

Оның үстіне Тыва мектептерінде ана тілін оқытуға бөлінген сағат саны да қысқартылды. Осыған орай ұстаздар жаппай дабыл қағуда. Тыва әдеби тілін оқытуға бөлінген сағат саны жетімсіз. Олар әдеби тілде көсіле өз ойын білдіре алмай, тек ауызекі сөйлеу мәнерін ғана қанағат тұтатын болады.

Бұлан бөлек тағы бір шетіндік бар. Кейбір ата-аналар өз балаларын тыва тілін оқытатын сабақтардан бостатуын сұраған өтініштер жазуда. Бұндай ата-аналар ана тілін оқытудан баланы ажыратушылық олардың өз қағынан жеріп, бір кездері өздерімен тыва тілінде сөйлесіп, ертегі айтып берген атасы мен әжесіне жаттанып, өзге ұлттың өкіліне айналып шыға келетіндігін ұғына ма екен!?

Бұл арада қайғыра еске алатын дүние – Итжекен мен Қиыр Шығыстағы ұлыстарды бірте-бірте ана тілінен айырып, орыс тілді халыққа айналдыру үрдісі. Нәтижесінде аталған ұлыстар рухани-мәдени мәңгүртке айналып шыға келді».

Түйін. Орыс тілді азшылық осы уақытқа дейін өз дербестігін ҚР саясат, білім беру және қоғамдық-әлеуметтік салаларда сақтап келді. Еліміздің моноұлттық сипаты бұған өз өзгерісін енгізе бастады. Соның бірі – өзін ақтамаған «ұштұғырлы тіл» саясаты. Бұл саясат өз жемісін еліміздегі өзбек, ұйғыр және тәжік мектептерінде ғана бере алады. Отарлық дәуірден мұраға қалған орыс тілінде білім беру саласын «қазақи бір тілділікпен» 1 сыныптан бастап 2021 жылы біржола алмастыратын кез келді. Қазақстанда ең өзекті мәселе бала саны 200 жетпейтін білім ошақтарын бірте-бірте сатылай қазақ тілінде білім беруге көшуі керек деген талапты қабырғасынан қоятын кез келді. Біз ана тілімізде білім алған диаспора өкілдері арқылы ғана Тәуелсіз мемлекетімізді сақтап қала аламыз. Осы бағытта қазақ тілді электоратының талап-тілегін ескерген саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар кең көлемді кешенді насихаттық-ақпараттық жұмыс жасауға көшуі шарт. Олай етпесе, онда бізге санда бар, санатта жоқ ондай партиялар мен қозғалыстардың не керегі бар, өзі!?

Балама ретінде қазір білім беріп жатқан Қазақстандағы толық кешенді орыс мектептерін қазақ ұлтының аймақтағы үлес салмағына орай 70-30% немесе 50-50% қос тілді білім беруге көшіруді саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстар қазақ билігінен талап етуі керек. Ал, 200 баладан кем шәкірттері бар мектептерді біржола қазақтандыратын кез келді. 

Орыс тілін керек еткен шәкірт ешкімнің көмегінсіз өзі-ақ үйреніп ала алады. Неге оған қазақ ақшасын қор қылып шашуымыз керек!?

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2091
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2506
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2167
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1616