Сенбі, 27 Сәуір 2024
46 - сөз 3506 9 пікір 13 Наурыз, 2020 сағат 10:35

Олардың миллиардтары ешкімнің ызасын келтірмейді

Ручир Шарма деген экономист өз еңбегінде әлемдегі барлық миллиардерлерді жақсы және жаман миллиардерлер деп екіге бөледі.

Жаман миллиардерлер дегеніміз - xалықтың байлығы есебінен жағдай жасағандар. Яғни қазақша айтқанда жер қойнауындағы байлықты игеруді жекешелендіру немесе үкіметтегі танысы арқылы тендермен ұтып миллиардер атанғандар. Форбс тізіміндегі Қазақстандық миллиардерлердің барлығын осы категорияға жатқызуға болады. Олар ешқашанда xалықтың ілтипатына ие болмаған.

Ал, жақсы миллардерлер дегеніміз - өзінің білімі мен қабілеті арқылы жетістікке жеткен тұлғалар. Олар басқаша ойлауының арқасында қоғамға пайдалы инновация әкеліп жақсы миллиардер атанды.

Елімізде осы категорияға жатқызуға болатын тұлғаны білмейді екенмін. Ал әлем бойынша оларға Фейсбуктің негізін салушы Цукерберг, Али Баба интернет дүкенінің негізін қалаушы Джек Ма, Тесланы нарыққа әкелген Илон Масктарды жатқызуға болады.

Бұл миллиардерлерге қоғамның пікірі көбінесе позитивті. Олардың жыл сайын байлығының көбейгені ешкімнің ызасын келтірмейді. Жастар солардың өмірбаянын оқып үлкен мотивация алады.

Сондықтан, елдің тұрақты дамуын мақсат қойған кез-келген үкімет жақсы миллиардерлердің қалыптасуына лайықты жағдай жасайды.

Жасұлан Күшебаевтың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

9 пікір