Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2227 7 пікір 12 Наурыз, 2020 сағат 16:35

«Қоғамдық талқылаулар бейбіт жиындар туралы заң жобасын жетілдірді»

Саясаттанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ерлан Саиров қоғамдық талқылаулар барысында бейбіт жиналыстар туралы заң жобасы жетілдірілгенін айтты.

«Бұл заң жобасы бір жарым ай бойы қоғамда талқыланды. Осы орайда құжаттың бастапқы моделі мен қазіргі нұсқасын салыстыратын болсақ, елеулі өзгерістер енгізілді. Өйткені әртүрлі азаматтардың, азаматтық қоғам мүшелерінің ұсыныстары арқылы заң жобасы жетілді», - деді Е. Саиров тілшілерге берген сұхбатында.

Оның сөзіне қарағанда, құжат жобасындағы нормалар либерализация жағына ауысып отыр. «Мәжіліске түскен кезде заң жобасы халықтың мүддесі тұрғысынан тағы да ұштала түседі деген үміттеміз. Негізі, бұл құжаттың қабылдануы біздің еліміздегі адамдардың еркіндігінің жаңа моделін алып келіп отыр», - деп тоқталды саясаттанушы.

Бұл Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде ұсынылған заң жобасы екеніне тоқталған ол «осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары бірінші пакетінің ең негізгі бөлігі деп айтуға болады. Бұл - елімізде қоғамдық процестерді жетілдіруде үлкен прогресс», - деді.

Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы таныстырылды.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2166
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2569
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2444
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1670