Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2586 3 пікір 12 Наурыз, 2020 сағат 12:18

Парламентаризм институттарын кезең-кезеңімен дамыту керек

Әлемдік нарықта мұнай бағасының күрт құлдырауы себепті туындаған экономикалық дағдарысты еңсеру үшін Үкімет бірқатар шаралар қабылдаған болатын. Мемлекет басшысы мен Үкіметтің жаһандық ахуалдағы өзгерістерге дер кезінде жедел реакция танытуы мен Елбасы бастамашылығымен құрылған Ұлттық қордың қауіпсіздік имунитеті Қазақстанға дағдарыстың негативті әсерін едәуір төмендетуге, сондай-ақ, қоғам алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің орындалуына кепілдік берді.

Осы ретте Қазақстан Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты («Ақ жол» фракциясының депутаттық тобы) ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің атына қараты депутаттық сауал жолдап, жедел әрекет ету штабының жұмысын қолдайтындарын білдірген.

Осыған дейін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен мәлімдеме жасап, қабылданған шараларды ел-халыққа таныстырған болатын. Мәлімдемеде:

1. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың, қызмет түрлерінің бағасын негізсіз өсірмеу;

2. Қызметкерлердің, еңбек адамдарының негізсіз қысқартылмауын қамтамасыз ету;

3. Ұлттық банктың базалық мөлшерлемесін 5,25 пайыздан 12 пайызға дейін өсіру туралы айтылған.

«Ақ жол» депутаттары аталған шаралар өз кезегінде шағын және орта бизнеске теріс ықпалын тигізетінін айтады.

Жұмысшылардың қысқаруына жол бермеу үшін қатаң бақылау Қазақстанның табиғи ресурстарын пайдаланатын шикізат алпауыттарына қатысты өте маңызды шара болып табылады.

Алайда, барлық салаларға, оның ішінде шағын және орта бизнеске бірдей көзқарастың таралуы, әсіресе біздің шенеуніктердің «қатаң бақылау» дегенді қалай түсінетінін ескерсек, қиындық туғызуы мүмкін.

Әуелі халықтың сатып алу мүмкіндігі төмендейтіні анық. Бұл обьективті баға. Демек, халықпен жұмыс жасайтын кәсіпорындардың кірісі азаяды. Оларға бағаны көтеруге тыйым салынады. Жалақы төлеуге қатысты да келеңсіздіктер туындауы мүмкін. Ол жұмыскерлерді қысқарта алмайды. Өйткені қатаң бақылау бар. Содан, бизнестің жабылып қалмауы мен жұмыскерлерді шығармау үшін жалақыны азайтуға мәжбүр болады.

Бұл шағын және орта бизнестің күші, егер жағдай нашарласа, шығындарды азайтып, импульс қалпына келтірілсе, ол қайтадан жылдамдықты көтере алады. Егер сіз шағын және орта бизнесті осы мүмкіндіктен айырсаңыз, ол тек қана құлдырауға ұшырайды. Себебі, оның қауіпсіздік деңгейі әлсіз.

Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін көтеру туралы айтар болсақ, бұл шешім экономиканың өсуі кезінде пайыздық өсуді белгілейтін контрциклдік ережелерді ескермейді, ал дағдарыс жағдайында, керісінше, несиелерді арзандатады.

«Қазіргі жағдайда инвестицияны шектемеу керек, керісінше шикізаттық емес индустрияландыру бағдарламасын жеделдету, қосымша қаражат бөліп, Индустриялық даму қорының жұмысын іске қосып, дайын өнімді, ең алдымен тұтыну тауарларын өндіруге арзан және ұзақ мерзімді қаражат ұсыну керек», - дейді депутаттар.

Болашақта заманауи әртараптандырылған экономика құру үшін шұғыл шаралар қажет. Үкіметтің және оның қоғам алдындағы шешімдерінің ашықтығы – мұның ең жақсы құралы болмақ.

«Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік республиканың институттары мен қағидаттарын кезең-кезеңімен жүзеге асырмай экономикалық реформалар жүргізу мүмкін емес деп санайды.

Тақырыпқа тұздық ретінде айта кетейік, биыл Қазақстандағы президенттік институттың құрылғанына 30 жыл толады. 1990 жылдың сәуірінде Қазақстанда алғаш рет «Президент» лауазымы енгізілген. «Қазақ КСР Президенті қызметін тағайындау туралы» Заң қабылданған. Басым көпшілік дауыспен Тұңғыш Президент болып - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сайланған.

Ал Қазақстандағы Парламентаризм Тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық демократиялық жүйенің нық кепілі бола білді. Елбасы қазақстандық парламентаризм модельін қалыптастырды. Және ол Тәуелсіздіктің 29 жылында елдегі демократиялық жаңарулардың бастамашысы болды.

Бүгінде Қазақстан Парламенті өңірлік кеңістіктегі көп партиялы Парламенттің біріне айналды. Парламенттің төменгі палатасы саналатын Мәжілісте үш саяси партиямен қатар Қазақстан Халқы Ассамблеясынан тоғыз депутат еніп отыр. Қазақстан Халқы Ассамблеясы елішілік тұрақтылық пен татулықты, ұлтаралық дискуссиясы реттеуші негізгі модератор, азаматтық - қоғамдық институтқа айналған.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының ресми тіркеуінде тұрған 6 саяси партия бар. Олар: «Нұр Отан», «Ақ жол», «Ауыл», «Бірлік», «ЖСДП» және «Қазақстан коммунистік халықтық партиясы».

Аталған алты саяси партияның ішінде Мәжіліске  «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Қазақстан коммунистік халықтық партиясы» депутаттар кіргізген.

Парламентаризм институтының бір элементі - көп партиялылық. Ол өз кезегінде мемлекеттік басқарудың демократиялылығын айқындаушы фактор болып табылады. Қазақстан Папрламенті 2012 жылы көп партиялы формаға ауысты. Мәжілістің бесінші шақырылымына 7 партия сайлауға түсті. Дәл сол жылы Тәуелсіз Қазақстанның Парламенті көп партиялы Парламентке айналды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2169
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2447
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672