Жексенбі, 19 Мамыр 2024
3315 0 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 11:38

Қазақстан мен Қырғызстанның таласы ДСҰ-ға жетті

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас кеңесінде Қазақстанның сауда шектеулері мен транзиттік жүк алып өтуге тосқауылдар бойынша Қырғызстанның шағымы қаралды.

Ұйымдағы Қырғызстанның тұрақты өкілі Данияр Мұқашев Қазақстан халықаралық сауда ережелерінің талаптарын бұзғаны жөнінде баяндама жасады. Онда ол 2019 жылдың наурыз айынан бері Қырғызстаннан үшінші елге баратын жүк көліктерін негізсіз тоқтатылып, тексерілетінін атап өткен.

Сол себептен Қырғызстан экспорты 2019 жылы 24,4 процентке азайғаны айтылады.

Қазақстан тарабы болса, бұл дәйектерді теріске шығарды. Қазақ тарабы келтірген деректерге сүйенсек, Қырғызстаннан өтетін тауарлар контрабандалық жолмен өтіп, салықтар төленбей, мемлекет қазынасына зиян әкеліп жатыр.

Қазақстанның Кірістер комитетінің өкілі Олжас Отартың айтуынша, үшінші елге өтетін тауарлар көбінде Қазақстан аумағында қалып, сатылатынын айтқан.

"Мысалы, соңғы үш ай ішінде 601 заң бұзу фактісі анықталды. Олардың құжаттарында жүкті Қазақстан арқылы Ресейге жеткізетіні көрсетілген. Бірақ бұл тауарлар Қазақстан аумағында сатылған. Жалпы бағасы 5 млрд теңге болатын бұл сауда жүктерінен 600 млн теңгеге жуық салық алынуы керек еді. Осындай көріністер жол берілмес үшін, біз жүк көліктерін тексеруге мәжбүрміз", - деген Олжас Отар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2145
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2355
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1658