Сенбі, 18 Мамыр 2024
1954 2 пікір 10 Наурыз, 2020 сағат 10:56

Премьер-министр: Мемлекет өзінің барлық әлеуметтік міндеттемелерін қамтамасыз етеді

Қазақстан Үкімет әлемдік экономикада орын алған күрделі жағдайға қарсы әрекет етудің бірнеше нұсқасын әзірледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге мәлім, әлемдегі экономикалық жағдай күрделі болып тұр. Сыртқы экономикада коньюнктураның теріс серпіні байқалып отыр. Бірқатар ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен даму институттары биылғы жылы әлемдік экономика өсімі болжамының төмендегенін хабарлады. ОПЕК+ мұнайдың негізгі экспорттаушы елдері арасындағы мұнай өндіруді шектеу бойынша ортақ келісімге қол жеткізбеуі себебінен мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеуіне алып келді»,- деді Үкімет басшысы.

Дегенмен, оның айтуынша, ұлттық экономикадағы жағдай биылғы 2 айдың нәтижесі бойынша 3,3 пайыз деңгейінде сақталып отыр. Экономиканың шикізаттық емес салаларында өсім байқалуда. Өңдеуші өнеркәсіп 9,4, оның ішінде көлік жасау 72,2, жеңіл өнеркәсіп 12,4, мұнай өңдеу 9,8 және металлургия 8,2 пайызға өсті. Тау-кен саласы 4,7, соның ішінде металл кендерін өндіру 8,8 және табиғи газ өндіру 4,1 пайызға артты. Сонымен қатар құрылыс 11,9 және байланыс 10,7 пайызға өсім көрсетті. Инфляция нысаналы 6-8 пайыз шегінде сақталып отыр. Негізгі капиталға инвестициялар 11,6 пайызға, ал жеке инвестициялар 12,1 пайызға ұлғайды.

«Бұл ретте қалыптасқан жағдайды ескере отырып, Президенттің тапсырмасы бойынша Шұғыл әрекет ету штабы және барлық өңірлерде тиісті штабтар құрылды. Үкімет осы жағдай одан ары қарай дамуының бірнеше нұсқасын әзірледі. Әр нұсқа қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілген. Бұл шаралардың мақсаты халықтың әл-ауқатының сақталуын қамтамасыз ету болып саналады. Азаматтарымыздың ешқайсысын қиын жағдайда қалдырмаймыз», - деді Асқар Мамин.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2143
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2549
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2346
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1654