Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
46 - сөз 3459 2 пікір 3 Наурыз, 2020 сағат 15:40

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына қосылдым!

Тілдің байлығы ондағы сөздің санымен емес, ақпараттың көлемімен өлшенетін заман. Осы тұрғыдан келсек, тіл - құрал.

Егер тілде бар ақпарат адамның даму қажетін өтей алмаса, кез келген құрал сияқты тіл де тартымдылығынан айырылады.

Гарвардта оқығанымда "Қазақстан дамыған елдерге қосыла ала ма?" деген тақырыпта тезис қорғап, көзім жеткен бір шындық: Мемлекеттің дамуы тілдің дамуынан басталады.

Тілдің мазмұнын арттырам деген талабым жай-жай жүзеге асып келе жатыр. Бастапқыда таңдаулы кітаптардың саммарилерінен бастап едік, қазір халықаралық 100 бестселлердің лицензиясын алып, аударып жатырмыз. Сонымен қатар, түрлі әлеуметтік дағдылар бойынша тренингтер өткізудеміз. Жалғасын тапқай.

Ерлан Қарин мырза ұсынып, Кеңеске бүгін мүше болдым. Ұлттық кеңес мен үшін қазақ тілінің мазмұнын сәл де болса арттыратын құрал. Ал мемлекеттік тіл, жоғарыда айтқанымдай, мемлекетті дамытатын бірден-бір құрал.

Шыңғыс Мұқанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1981
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2370
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1944
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1571