Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2694 0 пікір 28 Қыркүйек, 2011 сағат 04:37

Сәрсенбі күні Қазақстанның оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28 градусқа дейін ысиды

Астана. 28қырқүйек. ҚазТАГ -  Сәрсенбі күні Қазақстанның батысы, шығысы және оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады; оңтүстік-шығыста ауа температурасы +28 градусқа дейін ысиды. Республиканың қалған бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінде болып, осыған байланысты жел күшейіп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Сәрсенбі күні Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жаумайды, батыстан 9-14 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +18+20°С.

Алматыда аздап бұлт шығады, жауын-шашынсыз, 0-5 метр/сек жел тұрады. Ауа температурасы +22+24°С.

Синоптиктердің хабарлауынша, солтүстікте жаңбыр жауады. Ақмола және Қостанай облыстарында жаңбыр жауады, 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +15+20 және +10+15°С. Солтүстік Қазақстан облысында күн ашық, +12+17°С. Павлодар облысында жаңбыр, ауа температурасы +16+21°С.

Қарағанды облысында аздап жаңбыр жауады, 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +16+21°С. Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, кейбір аудандарда тұман түседі, ауа температурасы +16+21°С.

Республиканың оңтүстік өңірлерінде - Оңтүстік Қазақстан облысында жауын, 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +20+25. Қызылорда облысында жаңбыр жауады, 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +15+20. Алматы және Жамбыл облыстарында жаңбыр жаумайды, ауа температурасы +20+25, +23+28°С.

Қазақстанның батыс облыстарында жауын-шашынсыз, Ақтөбе облысында ғана аздап жаңбыр жауады, 15-20 метр/сек жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы +12+17, таңертең кей жерлерде тұман түседі. Маңғыстау облысында жауын аумайды, кей жерлерде тұман түседі, ауа температурасы +20+25. Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында ауа  температурасы +14+19, +15+20.

Метеоқызметтің хабарлауынша, түнде Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 0-5 градус аяз түседі.

Қазақстанның оңтүстігінде кей жерлерде өрт туындау қаупі жоғары болады.

Алдағы тәуліктерде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында таулы өзендерде судың деңгейі құбылмалы болады.

0 пікір