Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
46 - сөз 5271 14 пікір 2 Наурыз, 2020 сағат 12:20

Асад Ресеймен бірлесе отырып, түрік сарбаздарына соққы жасады

Сирияда 33 түрік жауынгері оққа ұшты. Асад Ресеймен бірлесе отырып, түрік сарбаздарына әуеден соққы жасаған. Бұған дейін бір күнде мұнша түрік жауынгері шығынға ұшырамаған еді.

Дәп қазір Түркия зымырандар мен әуе күштерін іске қосып, Асад әскерилері мен орыстардың Вагнер жалдамалы жендеттерін төпелеп, атқылап жатыр. Мыңдаған жанның жанын алар қанды шайқас басталып кетуі ғажап емес.

Түркия үшін Идлиб аймағын өзінің бақылауында ұстау аса маңызды. Біріншіден олар сол аймаққа Түркияда босып жүрген сириялықтарды кері қайтарып, қоныстандыруды ойлап отыр. Өйткені Түркияда сириялықтар қоныстанған өлкелерде ұрлық, қылмыс, этникалық қақтығыстар мен жұмыссыздық саны артқан. Оның үстіне есі дұрыс елдер миллиондаған өзге ұлтты өз еліне кіргізіп, талтаңдатып қоймасы анық. Ну, ол жағынан есі дұрыс емес елдер де бар әрине)

Екіншіден Сириядағы күрд жасақтарын талқандап, Түркия шекарасынан алыс қашықтыққа шегіндіріп тастау үшін де Идлиб қажет. Сондағы күрдтер мен Асадқа қарсы соғысып жатқан жасақтарды Ердоған сол үшін жан аямай қолдап келеді. Былайша айтқанда ұлттық һәм мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі ғой.

"Үлкен соғыс болуы мүмкін" дейді сарапшылар. Менің ойымша ірі әскери операция болады, бірақ соғысқа ұласа қоймас. Әскери қақтығыс болады. Осы қақтығыста түрік ағайындар диктатор Асад пен жалдамалы Вагнерді талқандап тастауын қалар едім.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1453
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1299
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1056
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1105