Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2531 0 пікір 27 Қыркүйек, 2011 сағат 07:43

МЕКТЕПТЕРДЕ "ҰЛТТЫҢ ДӘСТҮРЛI МӘДЕНИЕТI" ПӘНI ҚАШАН ЕНГIЗIЛЕДI?

Бiз өзiмiздi қоршаған ортадан тыс өмiр сүре алмаймыз. Өзiмiздi қоршаған әлеммен күнделiктi қарым-қатынастамыз. Таңертең бiрiмiз сабаққа, ендi бiрiмiз жұмысқа бара жатып, автобусқа мiнемiз. Ұйқысы қанбаған жүргiзушi сергу үшiн бе, жас "жұлдыздардың" мазмұны мағынасыз, жанры белгiсiз әндерiн айқайлатып қойып қояды. Автобуста сығылысып, әзер тұрғаныңда мағынасыз әндер жүйкеңдi шаршатады. Оған адамдардың бiр-бiрiмен бажылдасып ұрсуы мен айқайы қосылады. Мысалы бүгiн автобуста мынандай "ән" тыңдадық. "Мен сенi сүйiп едiм, сен маған қарамай қойдың... Артыңнан барып едiм, бiр жiгiтпен отырсың...". Бұл не? Ән бе? Жо-жоқ! Өткенде автобуста "Сен менi тастаған күнi өлем, өлем" деген әндi естiп шошып кеттiк. "Әннен" бiр қорықтық, ән авторы қызы тастап кеткен күнi өзiне қол жұмсап қояр ма екен" деп тағы қорықтық. Қазақ эстрадасында "жаңалық" ашып жүрген әншiлердiң әнiнiң "жаңалығын" тiптi бiр күн айтып бiтпеспiз. Тыңдармандарын талғамсыздыққа ұшыратып жатқан әндер мен көрерменнiң жүйкесiн шаршатып жатқан фильмдер, өкiнiшке қарай, аз болмай тұр.

"Жабайы саудамен" айналысатын сатушылардың сөзiне сенсек, "Қайрат-чемпион" фильмiнiң дискiсiн жастар көп сатып алыпты. Әрине, сатып алады. Жарнамасы жер жарды емес пе? Басты рөлде ойнаған актерлер "өнер жасағандарын" айтты. Бiздiңше, өнер ұлттық болмыс пен мәдениеттi "саудаға" салып жасалмаса керек-тi. Ұлттың менталитетiн "сызып тастап" түсiрiлген кино  кино емес. Талғамы жоғары әрбiр көрермен жаңа кинодан режиссердiң ешкiмге ұқсамайтын қолтаңбасын iздейдi, жаңалық күтедi. Бiрақ ол "жаңалық" "жалаңаш әлемдi" көрсетiп, ұлының алдында ананы, қызының алдында әкенi ұялтпауға тиiс. Өкiнiштiсi, бiз өзiмiздiң дәстүрлi мәдениетiмiзден, ұлттық құндылығымыздан алыстап бара жатырмыз.

Ұлтқа пайдасы бар жаңашыл шығармаға қазақ тосырқай қарамайды. Жазушы Төлен Әбдiктiң шығармаларын неге iздеп жүрiп оқимыз? Режиссер Болат Атабаевтың спектакльдерiне неге ағылып барамыз? Себебi Төлен Әбдiктiң әңгiме, хикаяттарында дәстүршiлдiк пен жаңашылдық қатар өрiлген. Ұлттың бүгiнi туралы өткiр пiкiр айтып жүретiн Болат Атабаевтың спектакльдерi ешкiмдi қайталамайды. Тiптi өзiн-өзi. Жаңа форма. Тың идея.
Бiздiң ұлттық құндылығымыз әдебиет пен мәдениетте, кино мен театрда, балалар киносы мен мультфильмдерде көрiнiс табуға тиiс. Себебi бiздiң ұлттық мәдениетiмiз бiзден басқа ешкiмге керек емес. Оның иесi  бiзбiз.

Саясаттанушы Ерлан Сайыровтың "Түркiстан" газетiне берген сұхбаты қоғамдық пiкiр туғызып, көпшiлiкке ой салды. Ол: "Еуропа және Түркияның өзiнде дәл бiздегiдей проблема бар. Олар да өздерiнiң дәстүрлi мәдениетiнен бiртiндеп айрылып барады. Оны қалпына келтiру үшiн, арнайы механизмдер ойлап табуда. Олардың қолға алғаны мектеп бағдарламасына 1 кластан 11 класқа дейiн "Ұлттың дәстүрлi мәдениетi" деген сабақ енгiзуде. Бұл бағдарлама арқылы бала бүкiл ұлттық мәдени қазынаның барлығын бойына сiңiрiп өседi. Бiздiң де ұсынарымыз осы  "Қазақтың дәстүрлi мәдениетi" атты арнайы пәндi бала-бақшадан бастап, мектеп бағдарламасына енгiзу қажет",  дейдi. Ерлан Сайыровтың бұл пiкiрiн көптеген ғалымдар қолдап отыр.

Мәдениеттанушы Ақтолқын Құлсариева бiздiң "Қазақ мектептерiнiң оқу бағдарламасына "Ұлттың дәстүрлi мәдениетi" атты пәндi енгiзу керек пе?" деген сауалымызға: "Әрине, қажет. Мектеп түгiлi, жоғары оқу орындарында да "Қазақтану" сынды ұлтымыздың салт-дәстүр, иман-әдебi, жөн-жоралғысы  жалпы, мәдениетi жайында оқылатын пәндi енгiзу  рухани қауiпсiздiк тұрғысынан алғанда болсын, мемлекетшiлдiк рух қалыптастыру тұрғысынан болсын маңызы зор екенi анық",  деп жауап бердi.
Иә, жаһандануда жұтылып кетпеу үшiн түрiктер секiлдi бiзге де бiр амалын табу қажет. Жастардың өз ұлтына деген сүйiспеншiлiгiн ояту үшiн де мұндай пәндi енгiзудiң маңызы зор.

P.S. Ұлттық болмысынан алыстаған адам  өзiн-өзi жоғалтады. Ұлттық мәдениетiн жоғалтқан ұлт  ұлт ретiнде жойылады. Жаһандану ғасырында ұлттық мәдениетiмiздi қалай сақтап қаламыз? Мәдени экспансиядан қорғанудың жолдары қандай? Көкейде сауал көп. Сол сауалдардың жауабын жаңа пән тауып беруге тиiс.

Тоты СЕРIКБАЙҚЫЗЫ, ҚазҰУ-нiң магистранты
"Түркістан" газеті

22.09.2011

0 пікір