Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
Жаңалықтар 2508 0 пікір 27 Қыркүйек, 2011 сағат 06:13

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ. Қазақ сатқындықты көтере алмайды.

Бiз «жаңашылдықтың» әсерімен, қазіргі заман көшіне ілесуге әбден лайықты көптеген салт-дәстүрлерімізді өзiмiздiң ұлттық ділімiзбен үйлеспейтін дәстүрлермен алмастыруға ашықтан-ашық жол беріп отырмыз.

Оған мемлекеттік идеология да жеткілікті түрде мән бермеуде. Бұл ұлттық дәстүрге, төл мәдениетке деген қиянат. Аға ұрпақтың рухани күйзеліске түсетін жері де осы тұс.

Рас, өтiрiгi жоқ, ескірген, заман талабына кереғар келген кейбір дәстүрлердің сырғып қалуын түсіністікпен қабылдаймыз. Бірақ өміршең қуаты бар дәстүрлерді не себептен ығыстырамыз? Керісінше, оларға жаңа серпін беріп, айшықтандыра түскен дұрыс емес пе? Сөйтсек қана - ұлттық келбетіміз өңін жоғалтпай, өзіндік бейнесі ашыла түсетін болады.

Жаһандану заманында қазақ мәдениетінің дамуында бұдан өзге жол жоқ. Мысалы, көшпенділер - тарих еншісіне айналды дейміз. Бірақ сонымен бірге номадтық дәстүрлерге сай қалыптасатын адамгершілік қатынас қағидалары, мінез-құлықтар бүгінде толық күшін жойды дей аламыз ба? Олай дей алмаймыз. Жан дүниесіне үңіле кетсең - бүгінгі күнге дейін  әрбір қазақ көшпенді!

Сөзіміз дәйекті болу үшін сол замандарда ұлтымыздың бойында табиғи түрде қалыптасқан діл мен мінездерді саралап көрейікші:

1. Қазақ халқында табиғатқа деген ерекше құрмет: оны дәріптеу, аялау, кие тұту сезімдері терең қалыптасқан. Себебі, қазақ халқының өмірі табиғатпен тікелей байланысты, оған тәуелді, онымен етене бірлікте болған.

2.Ұлт мінезі еркіндік пен теңдікті жоғары қояды. Қазақтар бай-кедей деп бөлінгенмен, елдік мәселелер тұрғысында әскери демократиялық қоғамда өмір сүрген. Онда әрбір азамат жауынгер. Осы мағынада олардың құқықтары тең.

3.Қазақта ар мен намыс ұғымы өмірден қымбат. Ұлттық діліміздегі «Күніне мың рет өлгенше, бірақ рет өлген жақсы» деген ұстаным осыған тәрбиелеген.

4. Қазақтар үшін сатқындық кешіруге жатпайтын қылық. Мәселен, қазақ бір-бірін руы арқылы таныған. Ал өз руына сатқындық жасаған адам бөтен жерге де сіңісе алмаған, еш құрметке ие болмаған. Сондықтан өз еліңе қалтқысыз қызмет ету қасиеті дами келе, әрбір қазақты елдік сана дәрежесіне көтерген.

5. Қазақта жігіт қасиеті: өжеттік, батырлық, алғырлық, кішіпейілдік, турашыл- шыншылдық, адалдық, сөзге беріктік т.с.с. ерекше дәріптеледі. Осы шартты бұзған адамға «жігіт емессің» дегендей мін тағылатын болған.

6. Көшпенділер ананы қатты құрметтеген. Жалпы, әйел затына ана деп қарап, олардың еркіндігіне өзге елдердегідей шек қоймаған. Бетін тұмшалап, қамауда ұстамаған. Әйелге «бала туушы» деп қана қарау, әйел құқын мүліктік құққа теңестіргенде ғана мүмкін екенін білген. Еркек - үйдің шаңырағы болса, әйел - оның уықтары болған. Соған қарағанда, қазақтың «қызға қырық үйден тиым» деген мақалы қыз баланы тию, еркіндігін шектеу мағынасынан бұрын - сол ауылдағы «қырық үй» тарапынан (ол кезде ауылдың өзі соншама шамада болған) қыз балаға ғайбат сөз айтуға, оны балағаттауға, оған бөтен жаман қылық көрсетуге т.с.с. тиым салу деп ұққан жөн. Себебі, «қыз қонақ», ертең «өрісіңді ұзартатын» жан.

Осы тәрбиеден мынадай философиялық қорытынды туындайды:

1) ауыл «жат жұртқа» барған қыздарын өз елінің елдігінің кепілі санаған;

2) жаңа түскен жас келін ел-жұртының ары мен намысына қаяу түсірмеуге, өзіне қыз кезінде көрсетілген құрметті ақтауға («ананың ақ сүтін ақтау») тырысқан.

Міне, осы асыл қасиет көшпенді қазақтарда болған. Кейін дін ықпалы артуы барысында оның мағынасы біршама өзгеріп, әйелге деген «әріптестік» қатынас біртіндеп әлсіреген. Әйел - «жеті қазынаның» біріне айналған.

7. Көшпенді халық кеңпейіл, көңілі дархан. Жаңалыққа жаны құштар. Кеңпейілдік ұлттық ділдің қайнар бастауларынан өніп шығады. Ол қасиетті қалыптастырушы - қазақтың мақал­мәтелдерімен, тыйым жораларымен өрнектелген ұлттық тәрбие.

8. Барлық нәрсе тиімділік жағына бағындырылуы тиіс. Көшпенді дәстүрде онсыз мүмкін емес. «Өтіріктің құйрығы бір тұтам» екенін жақсы білген. Сондықтан «...тіл кеспек жоқ» дейтін тура мінез қалыптастырған. Шамадан тыс шашылмаған. Еңбектің қадірін білген қазақ, оның жемісін де бағалай алған. (Бүгінгідей, арам ақшамен байығандар ұстанатын «ас та төк» принципінен аулақ болған).

9. Барымен қанағат дейтін қанағатшылдық сезім және т.с.с. Қазақтардың ондай дүниетанымы мәңгілік пен мен жеке өмір шектеулігін салыстырмалы түрде қарай келе, шектеулі өмірде шексіз байлыққа ұмтылуды ақымақтық (тойымсыздық, ашқарақтық, обырлық деген ұғымдардың балама мағынасы) деп түсінуден пайда болған. Бейнелі түрде айтсақ, қазақ мұны ғайыптан келген байлық адамның ақылына ақыл қоспайды, керісінше, оны естен тандырады деп ұққан. Сондықтан барға, яғни,  көзге көрініп тұрғанға, уысқа түскенге қанағат. Ал қазіргі шексіз байлыққа жол ашатын капитал дүниесіне енгеннен бастап қазақтың көзге көрінер азаматтары бас болып, өзгелері қош болып -  өз бойынан қанағат сезімін біртіндеп жоя бастады. Ол үлгі бүкіл қоғамға тарауда. Арты қайырлы болсын делік...

Кезінде осы аталған мінездер ұлт ділінің өзегі болған. Қазақ діліне табиғи түрде өрнектелген бұл мінездер - қазіргі заман талабымен толық үндесе алады. Осындай құндылықтарға негізделген идеологияны кез-келген алдыңғы қатарлы елдер басшылыққа қуана алар еді...

Яғни, бұл -  қазақтың көптеген рухани құндылықтары көштен қалып қоймағандығын, ыңғайын тапсақ бүгінгі мәдениетіміз бұрынғы дәстүрлерді негізге ала отырып қайта өрлеуі әбден мүмкін екендігін білдіреді.

Бірақ өкінішке орай, қазіргі қазақ қоғамы осы қасиеттерді дәріптеудің орнына - басы бүтін батысшылдыққа және орысшылдыққа қарай бой ұрып барады.

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,

Философ-публицист

«Абай-ақпарат»

0 пікір