Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
3192 0 пікір 28 Ақпан, 2020 сағат 12:22

Меккеге сапарлаған ондаған тәжік Дубайда тұрып қалды

Тәжікстанның кіші қажылыққа шыққан 48 азаматы Дубайда тұрып қалды. Сауд Арабиясының билігі 26 ақпанда Мекке және Медина қалаларына қажылыққа барғандарды елге уақытша кіргізуге тыйым салды.

Умраға сапарға шыққандардың туыстары алаңдап отыр. Кіші қажылықты ұйымдастырған компания әзірге пікір білдіруден бас тартты.

Тәжікстан үкіметі жанындағы Дін комитетінің баспасөз хатшысы Афшин Муким тәжік азаматтары қазір Дубай қаласында екенін, олар Сауд Арабиясы билігінің рұқсатын күтіп жатқанын растады. "Сауд Арабиясының билігі оларға кіші қажылық жасауға рұқсат берсе, онда сапарын жалғастырады. Болмаса, жауапты компаниялар оларды елге қайтарады", - деді ол.

Сауд Арабиясының билігі коронавирусқа қарсы шара қолданып, 26 ақпаннан бастап Мекке және Медина қалаларына қажылыққа шыққандарды елге кіргізуге тыйым салды.

Еске салайық, 2019 жылы 5 мыңға жуық тәжікстандық қажылыққа барып қайтты. Қажылық сапарының құны 35 мың 128 сомони ($3,5 мың) болды. Кіші қажылыққа барған азаматтар саны белгісіз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 401
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 219
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 239
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 231