Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3012 0 пікір 27 Қыркүйек, 2011 сағат 04:26

Қуандық Шамахайұлы. Электронды үкімет – жариялылық жаршысы

Кешегі қол жетпестей көрінген таңғажайып дүниенің бүгін-ақ қарапайым көрініске айналатынына етіміз әбден үйреніп бара жатыр. Соның бірі күнделікті өмірімізге ғарыштық жылдамдықпен еніп жатқан ақпараттық технология  игіліктері. Шындығында жүздеген шақырым жол жүріп, арып-ашып зорға бітіретін шаруамызды үйден шықпай-ақ, компьютердің түймелерін саусақтың ұшымен ғана түгендеу бір кездері өңіміз тұрмақ түсімізге енуші ме еді. Оларды алғаш осыдан оншақты жыл бұрын АҚШ-тың бірнеше ірі қалаларын аралағанда вашингтондықтардың, атланталықтардың тұрмысынан көргенімізде бұған жету қайда деп  аспандағы айға қол созғанмен тең көретінбіз. Ал, бүгінде бұл біз үшін еш таңғаларлық дүние емес. Дегенмен, өткенмен  салыстырып, ой елегінен өткізсек, расында, ғажап жетістік.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылында көз алдымызда көп дүние жаңарды. «Электронды үкімет» бағдарламасын соның бірегейіне жатқызуға әбден болатын сияқты. Бұл істің өзіндік мәні бар. Мемлекеттік қызметті, яғни, үкімет орнының ақпараттарын электрондық құралдар арқылы азаматтарға жедел жеткізу және кері байланысты ырықтандыру.

Кешегі қол жетпестей көрінген таңғажайып дүниенің бүгін-ақ қарапайым көрініске айналатынына етіміз әбден үйреніп бара жатыр. Соның бірі күнделікті өмірімізге ғарыштық жылдамдықпен еніп жатқан ақпараттық технология  игіліктері. Шындығында жүздеген шақырым жол жүріп, арып-ашып зорға бітіретін шаруамызды үйден шықпай-ақ, компьютердің түймелерін саусақтың ұшымен ғана түгендеу бір кездері өңіміз тұрмақ түсімізге енуші ме еді. Оларды алғаш осыдан оншақты жыл бұрын АҚШ-тың бірнеше ірі қалаларын аралағанда вашингтондықтардың, атланталықтардың тұрмысынан көргенімізде бұған жету қайда деп  аспандағы айға қол созғанмен тең көретінбіз. Ал, бүгінде бұл біз үшін еш таңғаларлық дүние емес. Дегенмен, өткенмен  салыстырып, ой елегінен өткізсек, расында, ғажап жетістік.

Ел тәуелсіздігінің 20 жылында көз алдымызда көп дүние жаңарды. «Электронды үкімет» бағдарламасын соның бірегейіне жатқызуға әбден болатын сияқты. Бұл істің өзіндік мәні бар. Мемлекеттік қызметті, яғни, үкімет орнының ақпараттарын электрондық құралдар арқылы азаматтарға жедел жеткізу және кері байланысты ырықтандыру.

Қазіргі таңда техника, технология жетістіктерін шеберлікпен пайдаланудың арқасында мемлекеттік органдар мен үкіметтік ұйымдар ел азаматтарымен тұрақты қарым-қатынас жасаудың тиімді жолдарын осы электронды үкімет жүйесі арқылы тапқандай көрінеді. Мұның тиімді жақтары айтарлықтай. Қажетті ақпаратты жедел береді, мемлекеттік қызмет көрсетуді тиімді етеді және шығынының аздығымен әрі ашық, жариялылығымен ерекшеленеді. Үкіметтік ұйымдардың да өзара тығыз байланыста жұмыс істеуіне елеулі ықпал ете алады. Электронды үкіметті көп адамдар тек ресми билікті бақылау деп қана сыңаржақты түсінетін сыңайлы. Ал, шын мәнінде оның басты миссиясы күнделікті тұрмыстағы қарапайым мәселелерден басталатындығын аңғара бермейтін секілдіміз.

Кәрі құрлықтағы кейбір елдердің төрт-бесеуі сыйып кетерліктей кең байтақ жеріміз бар. Елді мекендеріміз Алтай мен Атырау, Арқа мен Жетісу, одан арысы Сайрам, Созақ даласына дейін жайылып, шашыраңқы орналасқан. Неше жерден көлік логистикасы мен қатынас құралы жетілдірілді десек те ел тұрғындарының әрбірі үшін жергілікті және орталық билік орындарына оп-оңай қол жеткізіп, мәселелерін шештіреді деу әбестік болар еді. Ал, еліміздің болашақ тағдырын шешетін маңызды қаулы-қарарлар Астанада қабылданатындығы белгілі жайт. Ондай маңызды мәселелерді талқылаудан, өзіндік ұсыныс, пікірлерін білдіріп үн қосудан шалғайдағы аудан, ауыл тұрғындары да шет қалмауға тиіс. Шешімнің өміршең болуына, жалпыхалықтық мүддеге сай келуіне оның да өзіндік рөлі айтарлықтай.

Осы мәселеге баса назар аударған ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі соңғы жылдары ауылдық елді мекендерді байланыс тораптарымен қамтамасыз ету, Интернет жүйесіне қосу істерін қолға алды. Ауыл тұрғындарын «Қазақтелеком» жүйесі арқылы телефон байланысымен қамтамасыз етумен қатар компьютерлендіру шарасы кезек күтуде. Үкімет орнының «Электронды үкімет» бағдарламасының көздеген мақсатының өзі осы болса керек.

Сонымен қатар азаматтардың күнделікті тұрмыстарында да көптеген қажеттіліктерге сай жергілікті және орталық үкіметтік орындарға жүгінетін жайлары жиі болып тұрады. Салық және өзге де түрлі төлемдер, санқилы құжаттар бойынша жергілікті орындарға хабарласу, құжаттар өткізу, алысып-берісу, өтініш шағымдар ұсыну секілді шешімін күткен проблемалар жеткілікті. Кейде бір жапырақ қағазға басылған, екі-үш абзацтан ғана тұратын анықтама алу үшін де ит арқасы қияннан ат арылтып, аудан немесе облыс орталығына, тіпті Астанаға баруға тура келеді. Мұның бәрі өз кезегінде қыруар уақыт пен шығынды талап ететін әуіре-сарсаңы да  көп.

Шалғай мекендер тұрғындарын айтпағанның өзінде қалада да бұл мәселенің өзіндік ауыртпалықтары мен қиыншылықтары жетіп артылады. Облыс, қала, аудан орталықтары, ірі мегополистер - Астана мен Алматыда халыққа қызмет көрсету орталықтары, жергілікті әкімдіктер, әртүрлі төлемдер қабылдайтын кассалар мен әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі тізбектелген ұзын-сонар кезектердің өзі неге тұрады. Мұның бәрі айналып келгенде, тұрғындардың қыруар алтын уақытын шығындайтын әрі жүйкелерін тоздыратын күрделі үрдістер. Осындай тұрмыстық маңызы зор проблемалардың тиімді әрі жедел шешілуіне электронды үкімет нақты қолғабысын жасамақ. Салық комитеттері кәсіпкерлердің тоқсандық есеп-қисаптарын электронды түрде қабылдайтын болғаны олардың уақыттарын үнемдеуге, дәліз бойлаған ұзын-сонар кезекті қысқартуға қомақты үлес қосты деп білеміз. Азаматтар елдің әр өңірінен үкімет блогіне хат жазып, сұрақ қойып, өтініш білдіруде. Оған құзырлы мекемелер мен министрліктер дер кезінде  жауап беретін үрдіс қалыптасты.  Жуықта жас жұбайлар некелесу жайында өтініштерін электронды түрде жолдап, куәліктерін алғанының куәсі болдық.

Президенттің «Ақорда», Үкімет пен Парламент палаталарының, министрліктер мен әкімдіктердің вэб-сайттары қабылданған заңдар мен қаулы-қарарлармен жіті танысуға, қажетті ақпараттарын дер кезінде табуларына қолайлы жағдай жасап отыр.

Бүгінде біртіндеп болса да электронды қызмет түрлерін пайдалану ісі қоғам өмірінде көрініс бере бастады. Әуе және теміржол билеттерін онлайн жүйесі арқылы сатып алу, кейбір тауар мен қызмет түрлеріне Интернетпен тапсырыс беру секілді жұмыстар жолға қойылып жатыр.  Осылайша, онлайн түрде көрсетілетін мемлекеттік және тұрмыстық қызмет бағыттарының арнасы кеңейе берері анық. Біздегі электронды үкімет жұмысына кейбір шетел сарапшылары да жағымды пікір білдіруде.

- Қазақстандағы үкіметтік сайттарға кіріп, өзімізді қызықтырған түрлі деректерге қол жеткізіп тұрамыз. Елдегі электронды үкімет бағдарламасы халықаралық талаптар мен стандарттардың аясында қалыпты жүргізіліп жатқандығына көз жеткізуге болады, - дейді, Монғолия мемлекеттік университетінің ақпараттық-коммуникация саласының жетекші профессоры, журналистика кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымының докторы Зүлкәпіл Мәулітұлы.

Азаматтар электронды түрде қол қойып, қажетті анықтамаларын ешбір кезекке тұрмай, кеңсе есіктерін тоздырмай жұмыс  орнында немесе үйінен шықпай-ақ ала берулеріне болатын мүмкіндікке де қол жеткізудің аулы да алыс емес.  Ел тұрғындарының Интернет қолдану өрісінің кеңеюі де салыстырмалы түрде кең қарқын алып келеді. Мұның өзі айналып келгенде, халықтың уақытын үнемдеуге, еңбегін жеңілтуге, белгілі бір шығынды азайтуға ықпал етсе, үкімет жұмысын тоңмойын бюрократтықтан, бас-аяқсыз қағазбастылықтан құтқаратын игілікті шара. Оның сыртында қоғамның жегі құрты болып табылатын жемқорлықты, сыбайластықты ауыздықтауға да өз септігін тигізеді.

Әлемдік тәжірибеге зер салсақ, үкімет қызметін көпке ортақ сипатта  жеткізу, өз жұмыстарына халықты кеңінен тарту үшін Интернетке негізделген  ақпараттық технологияны, байланыс жүйесін пайдалана отырып, мемлекеттік істі ұтымды ұйымдастыруды электронды үкімет деген  атаумен айқындайды. Электронды үкіметті қарапайым түрде түсіндірсек, қызмет түрлерін жеткізу, оған қарапайым азаматтардың араласуы, билік жүргізу деген басты үш бөліктен құрылады екен.

Қызмет түрлерін жеткізу дегенге келсек, ақпаратты тұтынушылар үкімет ісін өз бетімен дербес тауып алады дегенге келіп саяды. Сондықтан, үкімет орны ақпараттарын үйлестіруді, құрылымдары мен формасын белгілеуді, жоспарлауды, жауапты қызметкерлерін тағайындауды өз мойнына алады. Мұның өзі айналып келгенде, үкімет дәстүрлі жұмыс формасын өзгертіп, мемлекеттік қызметті халыққа жеткізудің жаңа әдістемесін жасайды деген сөз. Бұл жағдай бізде қалыптасып үлгерді деуге болады. Оған мысал ретінде ресми органдар басшыларының, министрлердің жеке блогтарының ашылып, тұрақты жұмыс істеп жатқандығын айтсақ та жеткілікті. Премьер министр Кәрім Мәсімов өз твиттері арқылы күнделікті қызметінің ашықтығын паш етті.

Қатардағы азаматтар, кәсіпкерлер қауымы үкімет орнымен қарым-қатынас жасаудың қарапайым, төте әрі тиімді жолын іздестіруі заңдылық. Мұндай қатынас негізінен үкіметтік мекемелердің құзырындағы ақпараттарға қол жеткізу, олармен қоян-қолтық араласу, өздерін мазалаған сұрақтарды ерікті түрде қойып оған лайықты жауабын алу, қоғам алдындағы жауапкершіліктерін сезініп, мақсаттарын жүзеге асыру сипатында көрініс таппақ.

Бұл тұрғыдан келгенде, үкімет орнының негізгі мақсаты өз билігінің аясында заңдық актілерді мүлтіксіз орындауға зейін қою, құқықтық нормалар шеңберінде міндетін мінсіз атқару болмақ. Электронды үкімет ол үшін жаңа мүмкіндіктер табуға көмектеседі. Алайда, мұның бәрі бірер күнде шешімін табатын дүние емес, біртіндеп жүзеге асырылатын шаруалар.

Жалпы жариялы түрдегі үкіметті жасақтау стратегиялық жоспарлау жолымен шешімін табатын, дамудың бір сатысынан келесіге біртіндеп өтетін үрдіс екендігін әлемнің жоғары дамыған елдерінің тәжірибесі көрсетіп отыр.  Аталмыш үдеріс жоғары сатыға көтерілгенде қызметінің аясы кеңейіп, іс күрделі сипатқа көшіп, жұмсалатын шығынның көлемі ұлғайғанымен халық үшін оның маңызы мен құндылығы барған сайын артады, үкімет орны іс қызметінің ашықтығын кепілдендіретін тетіктер пайда болады. Мұндағы әр кезеңде өзіндік ерекшеліктерінің болғандығына қарамастан қозғаушы күші - стратегиялық саясат, мамандар, іс қызмет және технология деген төрт элементтен тұратындығына назар аударуға тиіспіз.

Қазақстан үкіметі алғашқы және екінші кезеңнен өтіп кетті деуге болады. Олай болса, үшінші және төртінші саты бойынша жасалатын кейбір жұмыстарға тоқтала кетейік. Мұнда негізінен технологиялық мәселелер қарастырылмақ. Апталық және тәуліктік тұрақты қызмет атқарудың инфрақұрылымының жасалуы, ақпараттың қол жетімділігі және қауіпсіздік, заңдық нормалар жүйесінің қалыптасуы. Онлайн интерфейс, қарым-қатынас менеджменті, іс қызмет реформалары мен ұйымдастырылуы, ре-инженеринг жұмыстарының жасалып бітуі.

Әрине, іс тетігін мамандар шешетіндіктен тапсырыстардың жасалуы, кәсіпкерлерге сүйену, біртұтас менеджментті қалыптастыру, мамандар әлеуеті мен қабілеттілігінің артуы, дербес қызмет көрсету шеберліктері т.с.с.

Ал, соңғы сатыда ақпараттық жаңа құрылым қалыптасып, тұтынудың тың түрі пайда болмақ. Нәтижесінде, бірлескен іс қызмет пен қарым-қатынастың (G2G  - үкімет-үкімет, G2B - үкімет-бизнес, G2C - үкімет-тұтынушы, G2E - үкімет-қызметкер) жаңа түрі мен кешенді қызметі орнығады.

Атқарушы билік қызметкерлерінің бұқарашылдығын арттыру, әмбебап қабілеттілікті игерту, шешімдердің орындалуын есепке алу мүмкіндігін кеңейту, қашықтықтан қатынасудың жаңа құралын жасау басты саясат болып табылады. Бұл өз кезегінде қаржы-қаражат ағымын үйлестіруге де айтарлық үлес қосады екен. Олай болса, электронды үкіметтің артықшылығы неде?:

Біріншіден, үкімет орнының азаматтар алдындағы жауапкершілігінің жүйесі пайда болып қалыптасады;

Екіншіден, үкімет жұмысының тиімділігі артып, шығын азаяды;

Үшіншіден, үкімет органдарынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет жеңіл әрі жедел сипатқа ие болады.

Қазақстан үкіметі бүгінге дейін онлайн жиналыстар өткізу, Парламентте үкімет сағатын белгілеп ұйымдастыру секілді істің жаңаша тетіктерін қалыптастырып үлгерген. Осының өзінен-ақ, әлем көшінен қалмай келе жатқандығкымызды айқын аңғаруға болады.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1963
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2298
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1884
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1553