Сейсенбі, 14 Мамыр 2024
Жаңалықтар 2537 0 пікір 26 Қыркүйек, 2011 сағат 09:41

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан» республикалық телеарнасының толық қазақ тіліне хабар таратуға көшуіне, «Мәдениет» телеарнасының тұсаукесеріне және «Балапан» телеарнасының 1 жылдығына арналған

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2011 жылы 26 қыркүйек күні сағат 16:00-де Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан» Ұлттық арнасының қыркүйек айынан бастап толық мемлекеттік тілде хабар таратуға көшуіне, отандық телевизия тарихындағы тұңғыш мәдени-ағарту «Мәдениет» арнасының тұсаукесеріне және «Балапан» телеарнасына 1 жыл толуына арналған мерекелік шара өтеді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев және танымал қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысады.

«Қазақстан» республикалық телеарнасының толық қазақ тіліне хабар таратуға көшуіне, «Мәдениет» телеарнасының тұсаукесеріне және «Балапан» телеарнасының 1 жылдығына арналған

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

2011 жылы 26 қыркүйек күні сағат 16:00-де Тәуелсіздік сарайында «Қазақстан» Ұлттық арнасының қыркүйек айынан бастап толық мемлекеттік тілде хабар таратуға көшуіне, отандық телевизия тарихындағы тұңғыш мәдени-ағарту «Мәдениет» арнасының тұсаукесеріне және «Балапан» телеарнасына 1 жыл толуына арналған мерекелік шара өтеді.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәулен Әшімбаев, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев және танымал қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы ақпан айында республикадағы жетекшi бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiмен өткiзген сұхбатында «Қазақстан» телеарнасына толық қазақ тiлiнде хабар беруге көшуi қажеттiгiн жүктеген болатын. Осыған сәйкес қыркүйек айынан бастап, «Қазақстан» арнасы толық қазақ тілінде хабар таратуға көшті. Жарты ғасырдан  астам тарихы бар Ұлттық арнаның жаңа дәуірі басталмақ. «Қазақстан» Ұлтық арнасы еліміздің ақпарат кеңістігінде  ұлттық санамыз бен тіліміздің болашағына жаңа серпін әкелері сөзсіз. Жаңа маусымдағы жаңа жобалар:

- «Саз толғау» музыкалық-танымдық ток-шоуы

- «Дауа» медициналық бағдарламасы

- «Алаң» пікірталас клубы

«Иман айнасы» хабары

- «Отандастар» деректі фильмдер топтамасы

- «Тәуелсіздік шежіресі» деректі фильмдер жиынтығы

«Даму» индустрияландыру ток-шоуы

- «Екі жұлдыз» музыкалық ойын-сауық шоуының 4-ші кезеңі

- «Болашақ» отандық телесериалы

- «Өзекжарды» жобасы

«Қазақстан» РТРК базасында былтыр 27 қыркүйекте «Балапан» телеарнасы ашылғаны белгілі. Құрылғанына жылдың жүзі ғана болған жаңа арна түрлі жанрдағы қызықты бағдарламалар мен әлемнің үздік анимациялық туындыларын көрсетіп, кішкентай көрермендердің көңілінен шыға білді. Аталмыш арна өскелең ұрпақты биік мақсаттарға, адами құндылықтарға жетелейтін отандық телетуындылармен әлі де қуанта бермек. Жыл бойы эфирден  «Шеберхана», «Кел, ойнайық», «Ән салайық», «Айжұлдыз», «Айгөлек, «Еркетай» «Толағай» сынды бағдарламаларымыз көрсетілсе, жаңа маусымда мынадай жаңа жобалар қосылды:

- «Санамақ» танымдық бағдарламасы

- «Жүзден жүйрік»  танымдық, спорттық, ойын-сауықтық  бағдарламасы

- «Тентегім» әзіл-сықақ бағдарламасы

- «Hello, Балапан!» оқу-танымдық бағдарламасы

- «Бауырсақ»  танымдық бағдарламасы

- «Құлыншақ» бағдарламасы

- «Балдырған» мультсериалы

Ұдайы көрерменнің үдесінен шыға білуді назарға алған  «Қазақстан» РТРК биыл «Мәдениет» телеарнасының тұсауын кеспек. 26 қыркүйектен эфирге жол тартатын мәдени-ағартуға бағытталған жаңа арна 80 % мемлекеттік тілде, 20% өзге тілдерде хабар тарататын болады. Арнаның алға қойған мақсаты: аудиторияны отандық және әлемдік мәдениеттің бай әрі мол қорымен таныстыру, Қазақстан халқының тарихи және мәдени мол мұрасын сақтап қалу, қазақ тілін, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау. Қазақ аудиториясы спутник арналары арқылы телеэнциклопедияларды, ең үздік қазақ киносын, Кеңес одағы тұсында шығарылған көркем туындыларды, деректі фильмдерді, әлемдік кинематографияның бірегей туындыларын, тарихтан және атақты тұлғалардың өмірбаянынан сыр шертетін бағдарламаларды, ғылыми-ағартушылық бағдарламаларды, опера және концерттік бағдарламаларды, телеспектакльдер мен балет қойылымдарын тамашалайтын болады. Теледүния әлеміне тәй-тәй басқан жаңа арнадан келесі жобалар жарық көрмек:

- «Ақсарай» музыкалық-танымдық хабары. Бағдарламада  еліміздің дәстүрлі және  классикалық театрларының сүбелі туындылары телетранслация арқылы көрерменге  жол тартады

- «Сол жылдар» танымдық бағдарламасы. Бағдарлама зерттеу жанрында құрылады. Негізгі кейіпкерлері: отандық мәдениеттің қалыптасуына, дамуына ат салысқан тұлғалар.

- «Өркениет» бағдарламасы. Қазақтың зиялы қауым өкілдерінің пікірталасы. Бағдарламаның негізгі арқауы: қарыштап дамыған заманауи мәдениеттің артықшылығы, жаһандану мәселелері.

- «Қыл қалам» хабары - Қазақстан суретшілерінің антологиясын ұсынады.

- «Ғасырлар пернесі» бағдарламасы. Бағдарлама барысында қазақтың ғажайып дәстүрлі музыкалық шығармалары мен түркі мәдениетінің озық өнер туындылары орындалады.

- «Алтын көмбе» бағдарламасы. Басты мақсаты - кітапқа деген сүйіспеншілікті ояту. Отбасылық командаларды сайыстыру арқылы кітап оқуды отбасылық дағдыға айналдыруға күш салу.

- «Әлі есімде» бағдарламасы. Жобаның негізгі күретамыры - қазақтың эстрадалық музыкасының тарихы болмақ.

- «Кітапхана» бағдарламасы. Негізгі өзегі - қазақ әдебиетінің танымал шығармалары мен құнды тарихи басылымдары.

- «Жүздесу» хабары. Шығармашылық иелері бұралаңы көп өнер жолындағы белестерін  баяндайдыі.

- «Абай» 5 сериялы деректі фильмі. Қазақтың кемеңгер ұлы ақыны Абайдың өмір жолы, шығармашылығы жайлы деректі фильм.

- «Қазақ даласының құпиялары» 10 сериялы деректі фильмдер циклы

- «Көкжиек» телелекция форматындағы ғылыми-танымдық жобасы

- «Мәдениет» бағдарламасы - елімізде өтіп жатқан мәдени шараларға шолу және осы саладағы жаңалықтарға кеңінен тоқталу

- «Легенды и мифы оперного» - опера және балет өнерінің саңлақтары туралы музыкалық-танымдық жанрдағы бағдарламалар циклы

- «Раскрытая партитура» хабары. Мақсаты - көрерменге классикалық музыка жауһарларын  және  еліміздегі музыкалық топтарды таныстыру.

- «Неслучайные встречи» хабары. Мәдениет жұлдыздарымен келелі әңгіме.

Жаңа арна «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының негізінде ашылып, эфирге спутник, интернет және кабельдік желі арқылы таралады.

 

Тел.: (7172) 93 08 23, 93 08 13

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1995
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2411
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1968
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1576