Бейсенбі, 9 Мамыр 2024
Билік 2459 3 пікір 20 Ақпан, 2020 сағат 11:27

Мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевты қабылдады.

Кездесу барысында Президентке мемлекеттің ақпараттық саясатының тетіктерін жетілдіру, азаматтық қоғаммен ықпалдастықты нығайту, жастардың бастамалары мен жобаларына қолдау көрсету, сондай-ақ, диаспоралық және діни саясат бағытында жоспарланған шаралар туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылының тиімді өткізілуіне, еріктілерге қолдау көрсетудің нақты институттарын қалыптастыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға азаматтық қоғамды тартудың, «Ашық Үкімет» қағидаттарын дамытудың маңызы зор екенін айтты.

Сонымен қатар Президент қазақстандық масс-медианы қолдауға бағытталған нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1792
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1785
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1501
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1400