Сенбі, 27 Сәуір 2024
3402 6 пікір 19 Ақпан, 2020 сағат 12:58

Болат Бақауов үй қамаққа алынды

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов үй қамаққа алынды.

Өткен айда (17 қаңтар күні), Павлодардың мамандандырылған тергеу соты күдікті ретінде ұсталған облыс әкімі Болат Бақауовты 2 айға қамау туралы шешім қабылдаған еді.

Сот процессі кезінде прокурор облыс әкімі Болат Бақауовтың ҚР Қылмыстық кодексінің 362 бабы, 4 тармағы, 3 бөлігі бойынша, яғни, «өзінің жеке бас пайдасы немесе басқа жеке тұлғаның, ұйымның пайдасы үшін қызметтік мансабын немесе билік құзыретін пайдалану» бойынша күдікті деп танылғанын айтты.

Заңда бұл бап бойынша, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, дүние мүлкін тәркілеу, өмір бойы белгілі бір қызметке тағайындалу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқынан айыру жазасы көзделген.

Ал бүгін экс-әкімге қатысты қамауға алу туралы бұлтарпас шара үй қамауына алу болып өзгертілгені белгілі болды.

Мемлекеттік айыптау күдікті Бақауовты 2 айға, яғни 2020 жылдың 16 наурызына дейін қамауда ұстауды сұраған. Прокурор өз талабында, күдікті Бақауов бостандықта жүріп, тергеу процессінің обьективті өтуіне кедергі келтіруі мүмкін екендігін айтып, уәж келтірген.

Ал Бақауов болса, өзіне тағылып отырған айыппен келіспейтінін айтқан. Павлодар обылысының әкімі өзіне қатысты соттан кепілақы төлеу арқылы үйқамаққа жіберуін сұраған. Тіпті, сотқа қатысқан әкімнің екі қорғаушысы әкімнің туыстарының 1 миллион теңге көлемінде кепілақы төлегені туралы құжатты көрсетіп, оны іс материалдарына тіркеуді сұраған.

Ал сол кезде істі Павлодар тергеу сотының судьясы Балтабек Дүнбекбаев қарап, әкім Болат Бақауовты 2 айға қамау туралы санкция қабылдаған.

Тақырыпқа тұздық: Болат Бақауов не үшін қамалды?

Abai.kz

6 пікір