Дүйсенбі, 6 Шілде 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 41065. Жазылғандар — 13614. Қайтыс болғандар — 188
Саңлақ 1644 4 пікір 18 Ақпан, 2020 сағат 14:11

Азия чемпионатына кімдер қатысады?

Бүгін, 18 ақпан Нью-Делиде (Үндістан) күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталады. Құрлық біріншілігі 23 ақпанға дейін жалғасады.

Жарыстың бірінші күнінде кілемге грек-рим күресі шеберлері шығады.

Еліміз атынан Азия чемпионатына қатысатын грек-рим күрес шеберлері:

55 келі - Жақанша Хорлан;
60 келі - Сұлтанғали Айдос;
63 келі - Фидахметов Ернұр;
67 келі - Сатаев Әділхан;
72 келі - Магомадов Ибрагим;
77 келі - Шадукаев Тамерлан;
82 келі - Поливадов Евгений;
87 келі - Кустубаев Азамат;
97 келі - Сыздықов Әлімхан;
130 келі - Шадукаев Мансұр.

Бүгін 55, 63, 77, 87, 130 келі салмақ дәрежелеріндегі балуандар белдеседі.

55 келіде әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жаханша жарысты екінші айналымнан бастайды. Хироми Катахири (Жапония) Сардарбек Конушбаев (Қырғызстан) жұбының жеңімпазы отандасымыздың алғашқы қарсыласы болмақ.

63 келіде Ернұр Фидахметов өзбекстандық Елмұрат Тасмурадовпен кездеседі.

77 келіде Тамерлан Шадукаев те екінші айналымда кілемге шығады. Оның бірінші қарсыласы Хусейн Али Мукср Альбидхан (Ирак) мен Рабие Халил (Пәкістан) жұбының жеңімпазы болады.

87 келіде Азамат Құстыбаев Оңтүстік Кореялық Парк Хеагуенмен, 130 келіде Мансұр Шадукаев Иран балуаны Амин Мохаммадзаман Мирзазадехпен алғашқы айналымда күреседі.

Азия чемпионатына қатысатын еркін күрес шеберлері:

57 келі: Нұрислам Санаев;
61 келі: Нұрболат Абдуалиев;
65 келі: Дәулет Ниязбеков;
70 келі: Мейіржан Әшіров;
74 келі: Данияр Қайсанов;
79 келі: Ғалымжан Өсербаев;
86 келі: Азамат Дәулетбеков;
92 келі: Илизхан Чилаев;
97 келі: Әлiшер Ерғали;
125 келі: Юсуп Батырмурзаев.

Құрлық біріншілігіне қатысатын бұрымды балуандар:

50 келі: Валентина Исламова – Брик;
53 келі: Татьяна Ахметова
55 келі: Марина Зуева;
57 келі: Алтынай Сатылған;
59 келі: Мәдина Бақбергенова;
62 келі: Аяулым Қасымова;
65 келі: Гаухар Мұқатай;
68 келі: Альбина Қайыргелдинова;
72 келі: Жамилә Бақбергенова;
76 келі: Эльмира Сыздықова.

Қуаныш Қаппас

Abai.kz

4 пікір