Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
2760 16 пікір 14 Ақпан, 2020 сағат 11:55

Қазақстан батысында қорық аймағында мұнай іздеуге рұқсат берілді

Батыс Қазақстан облыстық экология департаменті «Урал Ойл энд Газ» компаниясына Кирсанов қорығы аймағында геологиялық іздестіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат берді. Бұл туралы Ербол Қуанов баспасөз мәслихатында хабарлады.

Оның айтуынша, қоғамдық тыңдау кезінде жергілікті тұрғындар мұнай іздеуді қолдап дауыс берген.

"Біз рұқсат бердік. Бірақ биыл бұл аймақта мұнай іздеу жұмысы әзірге басталмайды",- деді Қуанов.

Қазақстанда Кирсанов қорығында мұнай іздестіру жұмыстары жоспарланып жатқаны былтыр күзде айтыла бастаған. Жаңа жылға дейін қорыққа бару үшін жол жөнделіп, көпір салынған.

Кирсанов қорығы 1967 жылы түзілген. Бұл аймақта сирек кездесетін жануарлар бар.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар