Жұма, 17 Мамыр 2024
Жаңалықтар 3784 0 пікір 5 Қыркүйек, 2011 сағат 17:19

Көне өркениет ордасы туризм орталығына айналады

Туризм. Бұл жақсы сала, жақсы игілік көзі. Бірақ әңгіменің ашығын айтсақ, кей өңірлерде бәсекелестікке қабі­лет­­ті туристік индустрияны құру жұмысы жоға­ры деңгейде емес. Мысалы, Оңтүстік Қазақ­стан облысында экологиялық туризмді, Түркі­с­тан мен Отырар аумағындағы тарихи-мәдени мұ­ра­­­лар арқылы танымдық саяхаттарды да­мы­­ту­ға мүмкіндік мол. Алайда, статисти­ка­лық мәліметтерге жүгінсек, туристік фирмалармен (резиденттер емес) өткен жылы елімі­зге 39 640 адам келсе, соның 324-і ғана атба­сын Оңтүстік Қазақстан облысына бұрып­ты. Дегенмен, бейресми мәлімет бойынша, өздіг­і­нен әулие аралап келетін туристер саны жы­лына 150 мыңға жуық. Ішкі туризмді алайық, өткен жылы туристік фирмалардың қызметін елімізде 157 998 адам пайдаланса, Оңтүстікке бар­ға­ны - 1309 адам. Биылғы бірінші тоқсан­да 88 адам оңтүстік өлкесіне барған. Айта кетелік, келушілердің басым бөлігі Ақмола облы­­сы мен Алматы және Астана қалал­а­рында болуды қалайды екен. Тағы бір дерек, туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны өткен жылы еліміз бойынша 459 337 болса, оңтүстікте - 6103 адам болған. Жалпы, өткен жылы туризм түрлері бойынша туристік фирмалар қызмет көрсетілген сырт­тан келушілер 9 пайызды құраса, сыртқа шы­ғушы­лар - 56, ішкі туризм 35 пайыз болған. Әрине, туристік фирмалардың көмегіне жү­гін­бей­тін­­­дер де жоқ емес.

Туризм. Бұл жақсы сала, жақсы игілік көзі. Бірақ әңгіменің ашығын айтсақ, кей өңірлерде бәсекелестікке қабі­лет­­ті туристік индустрияны құру жұмысы жоға­ры деңгейде емес. Мысалы, Оңтүстік Қазақ­стан облысында экологиялық туризмді, Түркі­с­тан мен Отырар аумағындағы тарихи-мәдени мұ­ра­­­лар арқылы танымдық саяхаттарды да­мы­­ту­ға мүмкіндік мол. Алайда, статисти­ка­лық мәліметтерге жүгінсек, туристік фирмалармен (резиденттер емес) өткен жылы елімі­зге 39 640 адам келсе, соның 324-і ғана атба­сын Оңтүстік Қазақстан облысына бұрып­ты. Дегенмен, бейресми мәлімет бойынша, өздіг­і­нен әулие аралап келетін туристер саны жы­лына 150 мыңға жуық. Ішкі туризмді алайық, өткен жылы туристік фирмалардың қызметін елімізде 157 998 адам пайдаланса, Оңтүстікке бар­ға­ны - 1309 адам. Биылғы бірінші тоқсан­да 88 адам оңтүстік өлкесіне барған. Айта кетелік, келушілердің басым бөлігі Ақмола облы­­сы мен Алматы және Астана қалал­а­рында болуды қалайды екен. Тағы бір дерек, туристік фирмалармен қызмет көрсетілген келушілер саны өткен жылы еліміз бойынша 459 337 болса, оңтүстікте - 6103 адам болған. Жалпы, өткен жылы туризм түрлері бойынша туристік фирмалар қызмет көрсетілген сырт­тан келушілер 9 пайызды құраса, сыртқа шы­ғушы­лар - 56, ішкі туризм 35 пайыз болған. Әрине, туристік фирмалардың көмегіне жү­гін­бей­тін­­­дер де жоқ емес. Осы арада айта кетелік, Туризм және спорт министрлігінің сай­тында туризм жөнінде ақпарат мүлде аз. Ба­рының өзі жаңалауды қажет етеді. Статистика агент­ті­гі­нің сайтынан алынған жоғарыдағы мә­­­лі­мет­тер оңтүстік өңірінің мүмкіндігі толық пай­­даланылмай отырғанын аңғартады.

2004-2007 жылдары «М­ә­дени мұра» және «Ежелгі Отырарды жаң­ғырту» мемлекеттік бағдарламалары аясында, Отырар қалажұрты­ның бірқатар ескерткіштерін (XIV ғ. жұма мешіті, XVI ғ. тұрғын үй орамы, XI-XII ғғ. тұрғын жайлары, қабыр­ға­лар, орталық қақпа және «Дарваза-и суфи» («Сопы қақпасы»), стратиграфиялық шурф, XIV ғ. моншасы) зерттеу, консервациялау және музейлендіру бойынша ауқымды жұ­мыс­тар жүргізілді. Шұ­рат ескерткіштері Көк-Мардан, Құйрықтөбе, Жалпақтөбе, Уәсиж қалашық­тары, Талтақай және Қоңыр мазараттары кешенді зерттеуден өтті. Аэрофотоқұжаттау іске асырылды, ең жаңа компьютерлік жетістіктерді пайдалана отырып өңірдің ежелгі ирри­гациясы зерттелді. 8 мыңнан астам аэросу­рет­тер түсіріліп, геоақпараттың негізі жасалды. Мамандардың айтуынша, бұл Қазақстан ар­хео­логиялық ғы­лы­мында жасалған ең ақпа­рат­ты және ау­қымды жүйе. Айта кетелік, «Мә­дени мұра» бағдарламасы аясында тари­хы­мыз бен мәде­ниетімізде аса маңызды орны бар 73 ескерткіш қайта қалпына келтірілді. Бі­рақ соның іс-жү­­­зінде жүзеге асқандары шама­лы. Яғни, кей жағдайда құрғақ уәдемен іс тындырып жа­татынымыз да жасырын емес. Бүгінгі таңда Қазақ елі археологиясының жауһары санала­тын Отырарды халыққа, туристерге толық та­­­ны­ту-таныстыру мақсатын­да қос мұражай қыз­­­мет етіп келеді. Туризмді дамытуға қосар үлесі де, ел тарихын сақтап-насихаттау, әлем­­­ге та­ны­ту мақсатында да маңызы мол нысан­­­дардың бірі - 1979 жылы қыркүйекте ашыл­ған Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейі.

Отырар өңірінің мәдени құнды мұралары сақтаулы тұрған қорық-музейдің ашылуына жергілікті ұстаз, өлкетанушы, республика­мыз­ға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Асантай Әлімов ерекше еңбек сіңірсе, мұ­ражайдың жұмысын жандандырып, мамандар даярлауда халқымыздың көрнекті қайраткері, тарихшы-этнограф, ғалым Өзбекәлі Жәнібе­ков­тің қосқан үлесі мол. Сырдария мен Арыс өзендерінің екі жағасында орналасқан мәдени ескерткіштердің әрқайсысы ашық аспан астындағы музей іспетті. Отырар аймағын­дағы ежелгі және ортағасырлық қалалар мен қалашықтар - Отырартөбе, Құйрықтөбе, Көк­мардан, Алтынтөбе, Ақтөбе, Оқсызтөбе және Арыстанбаб әулие кесене-мешіті осы өңірдің тарихында ерекше маңызды орын алатын Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан тари­хи-мәдени ескерткіштер. Сонымен қатар, Оты­рар аймағы ортағасырлық ислам мәде­ние­­тінің гүлденген шағында өмір сүрген, бү­кіл қыпшақ даласының атын әлемге әйгілі еткен философ, астроном, математик, алғашқы музыка зерттеушісі, ғұлама ғалым Әбу-Насыр әл Фарабидің еңбектері арқылы зерттеу­ші­лердің назарына іліккені мәлім. Бұл өлкенің мәдени мұрасын зерттеуде Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музей қызметкер­лері өзіндік үлес қосып келеді. Ескерткіштерді сақтау, қайта қалпына келтіру, бұрын белгісіз болып келген ескерткіштерді іздестіру, тізімге алу, рухани және заттық мәдениетімізге қатысты дүниежүзілік деңгейдегі көне қол­жазбалар мен кітаптарды, жәдігерлерді жинау, экспедиция ұйымдастыру жұмыстары қо­­­рық-музейде жақсы жолға қойылған. Архео­логия­лық және этнографиялық жәдігерлер ту­ралы ізденген ғалымдар қор сақтау бөлімінен то­лық түрде ғылыми мәлімет ала алады.

Қорық-музей директоры Пердехан Жап­­пар­құловтың айтуынша, музей экспозиция­сын­дағы көрер­мендердің назарына ұсыныл­ған археоло­гия­лық, этнографиялық көрнекі­лік­тер қор бөлімі арқылы ауыстырылып, то­лықтырылып отыра­ды. «Қордағы жәдігерлер көбейген сайын сақ­тау бөлмелері тарлық етіп келеді. Болашақта бұл бөлімге жеке ғимарат салынады деген үміттеміз», - дейді директор.

Отырар мемлекеттік археологиялық қо­рық-музейі «Мәдени мұра» бағдарламасының шеңберінде «Отырар жәдігерлері», «Отырар алқабы», «Отырар энциклопедиясы», «Сәдуа­қас ақын», «Тәушен», «Отырар ескерткіштері» секілді бірнеше кітаптар мен буклеттер шы­ғарыпты. Бұл да өңірді туристерге таны­туда үлкен септігін тигізетін еңбек. Сондай-ақ, қорық-музей мамандары орта­­­лы­ғы Оты­рартөбе болған 12 ескерткішті зерттеуге қатысқан. Қазба барысында жаңа компьютерлік технологиялар пайдаланылған. «Мәд­е­­­ни мұра» бағдарламасы аясында атқарылған елеу­лі еңбектің бірі - Әбу-Насыр әл Фара­­­бидің туған жері Оты­­­­рардан топырақ алып, ұлы ойшылдың Дамаск қаласындағы «Баб ас-Сағир» - «Кіші қақпа» мазаратындағы қабі­ріне салынған, ал қабір топырағы Арыстан­баб мазаратына әкелінді.

Сөзімізді жоғарыдағы жәйтпен сабақтас­тырсақ, Отырардағы «Руханият - Әбу-Насыр әл Фараби мұражайы» мемлекеттік комму­налдық қазыналық кәсіпорнының алар орны да ерекше. Мұражай биылғы наурызда аш­ылған. Басты мақсатына келсек, отандық білім, ғылым, мәдениет жүйелерін дүниежү­зі­лік озық үлгідегі деңгейде дамытуға бағыт­талған мемлекеттік саясатты пәрменді жүр­гізу бағы­­­тындағы мемлекеттік бағдарлама­лар­ды іске асыру. Сондай-ақ, еліміздегі рухани, мате­ри­алдық құндылыққа қатысты экспо­нат­тар, көне қолжазбалар, сирек кітаптар мен басылым­дарды, басқа да тарихи жәдігерлерді, адамзат­тың ежелгі өркениет дәстүрлерін Еуразия кеңістігіне таратқан «Александрия кі­тапха­насының» идеяларын одан әрі жалғас­тыра, түркі өркениетінің гүлдену дәуірінің негізін қалаған «Отырар кітапханасының» үзі­ліп қалған дәстүрлерін қайта жаңғырту мұра­жай үшін маңызды міндет. Еуразия ке­ңіс­ті­гіндегі өркениет жетістіктерін мұражайға шоғырлан­дырып, фарабитану, ғылыми аударма, әдебиет және өнер, ғылыми зерттеу бөлім­дері арқылы атқарылатын жұмыстарды кешенді түрде жү­зеге асыру да мұражай міндеті болып табыла­ды. Бұл мұражайдың тарихы те­реңде жатыр. Дегенмен, ресми мәртебе алып, ашылғаны жуырда. Игі істің басы-қасында жүрген өлке­та­нушы, этнолог-ғалым, әдебиет­та­ну­шы Абдулла Жұмашовтың айтуынша, «Руханият - Әбу-Насыр әл Фараби мұража­йы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық к­ә­сіп­ор­ны облыс әкімі А.Мырзахметовтің қау­лы­сы­мен биылғы наурызда ашылыпты. Музейге Отырар ауданы­ның әкімі Бейбіт Сыз­дықов ғимарат берген.

Елбасы Н.Назарбаев 2002 жылы оңтүстік­­те болған сапарында Арыстанбаб кесене-мешітінде болып, Арыстанбаб кітапханасына арнайы соққан. Сол жердегі Отырар руханият - Әбу-Насыр әл Фараби кітапханасы тарапы­нан қойылған көрмені көріп, жоғары баға берген екен. Сондай-ақ, Елбасы араб, парсы, көне түркі, шағатай тілінде жазылып қалған тарихымызды, ислам құндылықтарын жинап, музей ашып ел игілігіне айналдыру қажетті­гін айта көпшілікке ой тастаған болатын. «Елбасының осы пікірі музейдің ашылуына зор ықпал етті. Мұражай қорында мыңдаған көне қолжазба кітаптар, археологиялық, этно­гра­фиялық, фольклорлық жәдігерлер бар. Бұл мәдени мұралардың көпшілігі оқырмандар оқымаған, ғылыми ортаға белгісіз, яғни ғылы­ми айналымға түспеген дүниелер. Қайталан­бас біртума жәдігерлер де көп. Мысалы, фа­рабитанушы ғалым Ақжан Машанов тапсыр­ған Әбу-Насыр әл Фарабидің «Ізгі қала тұр­ғын­дарының көзқарасы» атты трактаты, «Му­зыканың ұлы кітабының» қолжазбасы, Сирия сапарында елге әкелінген әл-Фарабидің онда­ған трактаттары, Қазыхан Серікбаев тапсыр­ған Арыстанбабтағы мұсылман кітапханасы­ның қорындағы әдебиеттер, Асантай Әлімұлы тапсырған киіз үйдің оймышты ағаш есігі, Мәделінің дабылы, Құлыншақтың күмістел­ген белдігі, ұлы сазгерлер Сүгір мен Төлеген­нің, Шәмшінің музыкалық аспаптары, Қызыл жырау, Зияш, Сәдуақас, Балтабай, Қазанғап, Көпбай, Орынбай сынды ақындардың қол­жазбалары, өздері тұтынған этнографиялық бұйымдар баға жетпес құндылықтарымыз», - дейді музей директоры А.Жұмашов.

Қорыта айтқанда, Отырардағы қос мұра­жайда елге, шетелден келген туристерге көр­се­тер, таныстырар құндылықтар жетерлік. Қа­зақ елінің ешбір ауданында дәл Отырард­а­ғы­дай 2 музей жоқ. Қос мұражайда мыңдаған экспонат бар және осындай тарихи өлке үшін екі музей көп емес. Өңірді туризм орталы­ғына айналдыру үшін Туризм және спорт, Білім және ғылым, Мәдениет министрліктері бірігіп, бірлесе көптеген шараларды атқаруы тиіс. Сөзіміздің басында айтып кеткеніміздей, туризмді дамытуға бірден-бір септігі тиетін инфрақұрылым жоғары деңгейде емес. «Ар­ыстанбабқа-түне, Қожа Ахметтен - тіле» деген нақылды иманына серік етіп «Бабтардың бабы - Арыстанбабқа» келетін сансыз саяхат­шылардың талап-тілегі көп жағдайда өз деңгейінде орындала бермейді. Мұсылман мемлекеттері, кешегі кеңестік аумақтағы Өз­бекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан тәу етіп келетіндерді құшақ жая қарсы алғанымызбен, олардың тамақтанып, демалатын орын жай­ларына келгенде аздап қысылатынымыз жа­сы­рын емес. Таяуда Арыстанбаб кесенесі жанынан, елімізге танымал кәсіпкерлер өз қаржысына жаңа мешіт салып, пайдалануға берді. 50-60 адамға арналған қонақ үйі де бар. Десек те, ол жеткіліксіз. Мысалы, 2-3 автобус жалдап, арнайы саяхаттап келген қонақтарды бір мезетте тамақтандырып жіберетін асхана, орын ұсынатын қонақ үй әлі де аздық етеді. Яғни, сапалы қызметтің барлық талабына жауап беретін қонақ үйлер мен дәмханалар әлі де жеткіліксіз. Сауран, Отырар, Яссы секілді көне қалалардың тарихы отандық және шетелдік саяхатшылардың қызығушылықтарын арттырары анық. Сол саяхатшыларыңыз көбі­не Арыстанбабта болып, Түркістаннан қай­тып жатады. Түркістанға өткен жылы 24600 адам, ішкі туризм бойынша 580900 адам барған екен. Биыл бұл көрсеткіш өсе түспесе, азаймасы анық. Міне, осы саяхатшы немесе зиярат етушілер Отырарға атбасын бұрса, ел тарихына қанығып, рухани байып қайтар еді.

Туризмді дамыту тұрғындардың тұр­мы­сына да оң әсер етері анық. Жергілікті тұр­ғындар қолөнермен айналысып, кәдесыйлар жасаса, ұлттық нақышта ою-өрнектер салын­ған бұйымдарды, тоқылған кілем-кестелерді туристерге ұсынса, ер-азаматтарымыз ат арба, түйелерін қомдап «Отырартөбе - Арыс­танбаб - Түркістан» бағыты ақылы қаты­най­­тындай жағдай туса, жұмыссыздық азай­ып, халықтың тұрмысы жақсарары мәлім. Яғни, мемлекеттің абырой-танымалдылығын, эконо­­микалық-әле­у­­меттік жағдайын арттыра­тын ту­ризмнің жергілікті тұрғындарға да пай­дасы көл-көсір. Оты­рардың туризм орталы­ғы­на ай­налған­дығын қалайтынымыз да сондықтан.

Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, журналист.

Оңтүстік Қазақстан облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2119
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2528
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2231
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1632