Жексенбі, 19 Мамыр 2024
2413 0 пікір 11 Ақпан, 2020 сағат 14:18

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан науқастар жоқ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты. Маминнің сөзінше, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан науқастар жоқ. 

-Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында коронавирусқа шалдыққан науқастар жоқ. Жалпы жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында. Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды жалғастыруды тапсырамын. Монополияға қарсы органдар мен Денсаулық сақтау министрлігі кейбір дәріханада медициналық маскалар мен вирусқа қарсы препараттарға бағаны жасанды көтерудің жекелеген фактілеріне назар аударуы қажет. Мәселенің мән-жайын анықтаңыздар, - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Сыртқы істер министрлігіне ҚХР аумағында қалған қазақстандықтармен тығыз байланыста болып, қажетті қолдау көрсетуі тиіс екенін баса айтты.

«Жалпы, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдер жағдайды тұрақты бақылауда ұстасын», - деді Премьер-Министр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2146
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2551
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2365
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1661