Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 7344 15 пікір 11 Ақпан, 2020 сағат 09:51

Бекболат ағамыздың ойымен келіспеймін

"Ашық алаңда" Бекболат Тілеухан ағамыз "Ұлтжандылық өз ұлтын жақсы көру, ұлтшылдық өзге ұлтты жек көру" деп айты. Бекең менің жерлес ағам. 2-3 мәрте топ арасында кездескеніміз бар. Екі-үш мәрте сөйлескеніміз бар. Басқалай таныстығымыз жоқ. Мен ол кісіні қазақ ән өнеріне сіңірген еңбегі үшін сыйлап өтем. Бірақ, тап мына ойымен келіспеймін.

Кезінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар өздерін "ұлтшылмыз" деген. Сонда олар өзге ұлтты жек көрген бе? Заманның тар кезінде ұлтын сүйген ерлер солай айтуға қорықпаса бүгінгі біздікі не ездік?

Ұлтшылдық пен әсіреұлтшылдықты шатастырмау керек. Әсіреұлтшылдық - шовинизм. Бұны тұншықтырып отырған жөн.

Неміс немісті сүйсе, орыс орысты сүйсе, дүнген дүнгенді сүйсе, жапон жапонды сүйсе қалыпты дүние. Қазақ қазақты сүйсе неге шоршимыз? Бастысы шекарасын білу емес пе?

Өз ұлтыңа қызмет ет, өзге ұлтты кемсітпе. Қиын қағида емес. Қайталап айтамын, бір ел, бір тіл, бір тағдыр, бір мемлекет ұстанымына көшуіміз керек. Бөстәкі әңгіме, сандалбай саясаттың уақыты өтті. Мемлекеттің маскасын жылда сыпырудан шаршаған жоқпыз ба?

Айсұлтан Жақыптың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1257
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1154
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 894
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1025