Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
14622 15 пікір 8 Ақпан, 2020 сағат 01:23

Қордайдағы жанжалға не түрткі болды?

Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Масанчи ауылында жергілікті тұрғындар арасында жанжал шықты деген ақпарат әлеуметтік желіге тарады.

Кейін Жамбыл облысы полиция департаменті тұрғындар арасында жанжал болғанын растаған. Аталған департаменттің тергеу басқармасы жанжалға байланысты тергеу жұмыстарының басталғанын хабарлаған. Ресми ақпаратқа жүгінсек, сотқа дейінгі тергеу Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша жүргізіледі.

Аталған жанжалға қатысты ақпаратты растаған ресми басқарма тұрғындар арасындағы төбелеске не түркі болғанын атап айтпаған. Тек, "Полицейлер жанжалды тоқтатты. Жағдай қазір бақылауда" деп мәлімдеген.

Қазір WhatsАpp желісінде түрлі видеолар тарап жатыр. Ондағы кадрлар Қордайда түсірілген деп сипатталады. Әлеуметтік желілердегі бейне жазбаларда өртенген ғимарат, сынған көліктер мен полиция көліктері байқалады.

Жамбыл облыстық полиция департаменті жұртты "тек ресми ақпаратқа сенуге, желіде тараған ақпараттарға сенбеуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылатынын" ескертті.

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2170
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2571
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2455
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672