Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
4256 4 пікір 8 Ақпан, 2020 сағат 01:09

Тоқаев: Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады

Презизент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына қарасты Қордай ауданындағы оқиғаға байланысты пікір білдірді.

"Жамбыл облысы Қордай ауданында бұзақылық сипаттағы жаппай төбелес болды. Оны арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болған. Полиция жағдайды реттеп, өз бақылауына алды. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар жауапкершілікке тартылады", - деп жазды Президент өз Твиттерінде.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі Қордай ауданы Масанчи ауылындағы оқиғаға қатысты пікір білдірген. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазды.

"Масанчи ауылында жаппай төбелес болды. Полиция қақтығысты тоқтатты, жағдай бақылауға алынды", - делінген ведомство хабарламасында.

Жамбыл облысы ПД өкілдері азаматтарды ресми мәліметке ғана сенуге шақырып, қауесет пен жалған ақпарат таратпауды сұрады. Айта кетейік, жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарату - қылмыс, оның жазасы үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін баруы мүмкін.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2176
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2481
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1675