Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
2635 4 пікір 7 Ақпан, 2020 сағат 13:22

Павлодарда түрмедегі азаптауға қатысты іс бойынша апелляциялық сот басталды

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы 5 ақпанда АП-162/3 колониясында 2016 жылы тіркелген азаптау оқиғасына қатысты іс бойынша апелляциялық шағымды қарай бастады.

Павлодардағы жалпы режимдегі түрмеде азаптау салдарынан қайтыс болған 44 жастағы дзюдошы Бақытжан Әбдікәрімовтің бауыры қылмыстық істегі "өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу" бабын "кісі өлтіру" айыбына алмастыруды соттан сұрады.

Прокурор сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды өтінді. Соттың келесі отырысы 6 ақпанға белгіленді.

Павлодар қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты 2019 жылы 4 қыркүйекте колониядағы азаптауға қатысты іс бойынша 14 адамды бес жылдан жеті жылға дейін соттады.

Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымдары мен Батыс елдерінің үкіметтері Қазақстан билігінен түрмелердегі азаптауға жол бермеуін бірнеше мәрте сұраған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2175
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2576
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2473
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1672