Дүйсенбі, 20 Мамыр 2024
46 - сөз 2954 1 пікір 7 Ақпан, 2020 сағат 12:58

Халық ІЖӨ-нің өскенін "әмиянында" сезінуі тиіс

Әлемде күрделі өзгерістер жүріп жатыр. XX-ғасырдың әлеуметтік-экономикалық парадигмалары ескіруде. Біздің елімізде, Өкіметтің қызметіне баға бергенде, Ішкі Жалпы Өнімнің (ІЖӨ) өсім пайызын индикатор ретінде алады. Ал сол ІЖӨ халық арасындағы тең бөліну аспектісі сыртта қалады.

ІЖӨ, қарапайым халыққа, қолмен ұстап сезіну мүмкін емес. Кілтипан осында. Егер өткен жылы ІЖӨ 4,5% өссе, барша халық осы өсімді "кәшөлегінде" сезінуі тиіс. Ал шынында, олай болмай шығады.

Сондықтан, еліміздің даму қарқынын анықтағанда, ІЖӨ орнына, адам даму индексін негізгі индикатор жасау керек.

1) Адамның орташа өмір сүру жасы.

2) Әлеуметтік ауруларға ( жүрек- тамыр, туберкулез, обыр) шалдығу жиілігі.

3) Орташа жалақы мөлшері, жалақының жоғары- төмен өлшемдерінің тепе- теңдігі( зауыт директоры 1 млн тг, жұмысшы 70 мың тг алатын жағдай көп)

4) Жұмыссыздар саны, олардың тұрмыс деңгейі.

5) Аудан, ауылдағы жол, әлеуметтік инфрақұрылым жағдайы. (Интернет, телефон байланысы).

6) Еңбек қауіпсіздігі сақтау дәрежесі.

Сонда, біздің еліміздің әлеуметтік жағдайы, халықтың нақты тұрмыс- тіршілігі белгілі болады.

Әзірше, ІЖӨ индикаторы сылдыр су және ішуге де тот сасып кеткен...

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 2176
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2577
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 2481
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1675