Дүйсенбі, 13 Мамыр 2024
46 - сөз 4028 4 пікір 6 Ақпан, 2020 сағат 12:08

КСРО – Карл Маркс теориясының алғашқы эксперименті

Ресей социализмге дайын емес еді. Карл Маркстың социалистік экономикалық фуроры нарықтық жүйеден тиімді болғаны рас. Бірақ оны өндірістік тәжірибесі бар Германия, Англияда сынды елдерде жүзеге асырса, жоғары нәтиже берер еді. Ал XX ғасырдың басында Ресей және өзге де Кеңес құрамында болған елдер аграрлық экономикадан индустриялыққа әлі өтіп үлгермеген еді.

Революция сәтті өткеннен кейін большевиктер аграрлық экономиканы мануфактуралық түріне ауыстыруды ойлады. 1920-жылдары совет экономистері арасында дебат болған. Ол Ұлы Социалистік Дебат деп аталып, «Социалистік экономиканы қалай құрамыз?» деген сұраққа жауап іздеді.

Преоброженский есімді экономист Индустрияға инвестиция салуды ұсынды. Ал инвестицияға қаржыны бидайды экспорттаудан шығаруды немесе бидайды индустрия станоктарына айырбастауды ұсынды. Ал бидай өнімін көбейту үшін фермерлерге қаржылай қолдау жасау қажет екенін міндеттеген. Ал Шанин есімді экономист агромәдениетке инвестиция құюды ұсынады. Ол егіншілікпен айналысатын шаруаларды байыту қажет екенін айтып, ішкі нарық айналымын арттыруды меңзеген. Сосын Бухарин деген экономист агромәдениетке де, индустрияға да бірдей инвестиция құю керек екенін айтыпты.

Ал Сталин олардың үшеуін де социализмнің жауы (Преоброженскийді егіншілерге сыйақы беру ұсынысы үшін, Шанинді шаруаларды байытуды айтқаны үшін, ал Бухаринді алғашқы екі ұсынысты қолдағаны үшін) деп атуға кескен. Сөйтіп, Сталин бәрібір Преоброженскийдің ұсынысын іске асырады. Бірақ агромәдениетті коллективтерге айналдырады.

Неге коллективизация?

Жалпы социализм индивидуализмге қарағанда, коллективизмді жөн көретіні рас. Бірақ колхоздар мен совхоздар құру Карл Маркс идеясынан бастау алмаған. Оны Сталин амалдың жоқтығынан бастаған.

Мысалы, әр аймақтағы шаруаларға бидай өнімін арттыру бұйырылады. Сталин шаруалардың байығаны социализм идеясына қарсы деп, оларға тек еңбегіне сай қаражат беріп отырған. Ал адамнан еңбегінен пайда көрмегендіктен, көп өсіруге ынтасын жоғалтады. Содан кейін бидай бағасы тым төмендеп кетеді. Сосын қарапайым шаруалар бидайды үкіметке арзан бағада өткізбей өз малдарына бере бастайды. Себебі бидай арзан болғанымен, ет қымбат болған екен. Бұл дағдарысқа итермеледі және тарихта қайшы дағдарысы деген атпен қалған екен. Терминді Лев Троцкий ұсыныпты.

Сол үшін де Сталин бай кулактардың мүлкін толық тәркілеп, коллективтерге біріктіреді. Енді адамдар өз пайдасына жұмыс істемейді. Олар үкімет үшін еңбек етеді. Және олар еңбек ету үшін міндеттеледі. Демек адамдар коллективте жұмыс істейді, коллективте өмір сүреді. Жекеменшік деген жоқ, ақша деген жоқ. Шешім тек орталықта қабылданады.

Марксқа сүйене отырып, бүкіл кеңес одағы капитализмнің құлдырайтын күні жақын екенін айтып, талқылаумен болды. Бірақ социалистік экономиканың шегіне жеткендерін білмей қалды. КСРО экономикасын зерттеген ғалымдардың ойынша, социалистік жүйе теориялық тұрғыдан ойға қонымды еді. Тек менеджмент жүйені дұрыс фокуста ұстай алмағанын жазды.
Ленин өлген кезде, социалистік кеңес одағында мына 4 сұраққа жауап іздеді:

Қай социалистік экономиканы бекітеміз? (Жоспарлы экономика немесе нарықтық социализм)

Экономика саяси жүйеден бөлек дами ала ма?

Билік жүйесі орталықтандырыла ма, орталықтандырылмай ма?

Шешімді бір топ шығара ма, адамдар жиналып шеше ме?

Жалпы Лениннің қайтыс болған соң, большевиктер орынға таласты. Бұл билік жүйесінің орталықтандырылатынына, шешім тек орталықта қабылданатынына және экономика саяси жүйеден бөлек дами алмайтынына жеткізді. Осылай социалистік диктаторлық жүйе құрылған.

Жолдас Өрісбайдың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1966
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 2311
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1894
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1558