Дүйсенбі, 6 Мамыр 2024
Бір сауал 7425 26 пікір 3 Ақпан, 2020 сағат 13:22

«Шетелдік» көліктердің жүргізушілері кімге сеніп отыр?

Біздің елде неге екені белгісіз, заңды да дұрыс қойылған талапқа ештеңенің мәнін түсінбестен өре түрегелетін әдет пайда болған секілді. Бұл бағытта әсіресе мына жүргізушер деген қауым тым белсенді, тым айқайшыл, тым өркөкірек пе деп қалдық. Мәселен, биылғы жылдың басында осы елде шетелдің нөмірлерін тағып алып, еркін ойқастап жүрген, бұл үшін не баж салығын, не басқа да салықтарды төлемейтін әлгіндей автомомбиль иелерін осында тіркеуге қою жөнінде шешім қабылданған-ды.

Былай қарағанда әділ де қисынды шешім. Өдерінше қулық жасап, шетелден арзан көлік сатып алып, еш жерге тіркеместен, еліміздің заңды талаптарына мұрнын шүйіре қарайтын мұндай бейбастықты баяғыда тию керек еді. Осындай «еркіндіктің» кесірінен бюджет қомақты қаржыдан айырылып жүргендігін айтпағанда, жол ережелерін көп бұзатын да, жол апатына да жиі ұшырайтын да осындай «шетелдіктер» екендігі анықталды. Мысалы, тек былтырғы жылы ғана осындай «қонақтар» ғана жол ережесін өзгелерден бір мың рет артық бұзған көрінеді. Бір қызығы, не істесе де бұларға ешбір «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» жоқ. Өйткені бұлар біздің заңға бағынбайтын «құрметті қонақтар» ғой.

Енді міне осындай келеңсіздіктің тамырына балта шабуды ойластырып, белгілі бір шара қабылдауға ниет еткені сол-ақ еді, еліміздегі шофер деген қауым қатты шошынып, «Біз қарсымыз!» деген ұранмен көшеге шыға келді. Мұндай «шетелдіктер» әсересе Ақтөбе мен Орал қаларында ерекше белсенділік танытып, ұйымдаса қалғандығын қайтерсің.

Сол шоферлердің шолақ белсенділері біздің облысымызда да «бізге не істей аласыңдар?» дегендей өздерінше қыр көрсетіп бақты. Олар өткен аптаның аяғында облыстық әкімдік алдына 100 шақты жақтастырын шақырып,  өздерін еркін сезінгендіктері соншалықты «Әкім, шық!» деп айқайлап тұрып алды. Бір қызығы, әншейінде ешкімнен де айылын жия қоймайтын,  өз ақшасына алған пәтерлерінің кілтін салтанатты тапсыру мен сауда орындарын ашуға ғана келетін әкіміміз бір ауыз сөзге келместен жүргізушілер алдына лезде шыға келді. Онысымен қоймай бұларды далада суықта емес, жылы орынға - облыстық филармония залына шақырды.

Жүргізушілердің ығына жығылып, солармен тіл табысуға ұмтылу үрдісі осы залда одан әрі жалғасты. Әкіміміз алғашында: «Сіздердің көшеге бұлайша жиналуларыңыз жақсылыққа соқпайды», - деп ескерту жасауға тырысқан. Алайда олардың бірінен: «Біз бәрібір сізді бізге келуге мәжбұр еттік қой», - деген қарсы жауап естіген соң, мәселе осымен тындыға санаған болар.

Әкіміміз мұнымен де шектеліп қалмады. Мүмкіндігінше, олардың көңілін табуға тырысты. Жүргізушілердің барлық талаптарын тыңдап болған соң, олардың арасынан ынталы топ құрып, кейін депутаттармен бірге бұл мәселені талқылауды ұсынды.

- Бұл мәселені жергілікті атқарушы органдар шеше алмайды, - деді Архимед Мұқанбетов мырза. - Алайда, сіздерге көмектесуге қашанда әзірміз. Мен де сол үшін келдім. Сіздердің өтініштеріңізді талқылауға үнемі дайынбыз. Мен сіздердің өкілдеріңізбен күнде кездесуге дайынмын.

Алайда біз әкімнің мұндай белсенділік танытуының сырын мүлдем түсіне алмадық. Сонда облысымызда жүргізушілердің шетелдік нөмірлерін өздерінде сақтап қалуды шешуден басқа еш проблема қалмағаны ма? Оның үстіне бұл барып тұрған әділетсіз де заңсыз талаптар екендігі айдан анық қой. Бұл біріншіден.

Екіншіден өзелерге қолданатын заң талабы неге осы жүргізушілерге қолданылмайды? Олар неге заңда белгіленген талап бойынша митингі өткізуге алдын-ала өтініш беріп, соның шешімін күтудің орнына, улап-шулап, әкімдік алдына жиналады? Онысымен қоймай, өздеріне келген облыс әкімінің орынбасарын менсінбестен, тек әкімнің ғана шығуын талап етеді? Олар заңды белінен басқанда кміге, неге сеніп отыр? Олардың заңсыз әркеттерін тиісті құқық қорғау органдары неге қатаң ескертпейді? Мұндайда облыстық полиция департаментінің басшысы келіп, ең болмаса тәртіптің сақталуы керектігін естеріне салмайды? Бұл не деген қорқақтық? Шоферлердің бұл талабының облыс деңгейінде шешілмейтіндігін біле тұра, бұлайша жалпақтау кімге керек?

Біздіңше, бұл бой көрсетуді жай ғана дүние деп қарау - үлкен қателікке апарып соғады. Бүгін заңды жалпағынан басып шоферлер құтырады. Күні ертең «құқығымыз бұзылып жатыр» деп ойдан әлденені шығарып алып, өзгелері шығады. Ар жағын айтпай-ақ қоялық, өздеріңіз бажайлай жатарсыздар. Тек осындайда атамыз қазақтың «албасты қабаққа қарап басады» деген мақалы еске түсе беретіндігін қайтерсіз.

Жайберген Болатов

Abai.kz

26 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1531
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1395
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1145
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1159