Сенбі, 27 Сәуір 2024
2837 3 пікір 27 Қаңтар, 2020 сағат 15:13

Дәурен Абаев: Биыл 12 елде қазақ тілін үйрету сыныптарын ашу керек

Биыл 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-сыныптарын ашу керек. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қандастарды қолдауды одан әрі жалғастыру мақсатында биыл әлеуметтік-экономикалық қолдау шаралары кешенінің нақты пайымдауын жасау керек.

Біріншіден, Отандастар форумын және Шетелдегі қазақтардың кіші құрылтайын жоғары деңгейде өткізу қажет.

Екіншіден, 12 елде 31 қазақ тілін үйрету онлайн-кластарын және кемінде 7 елде қазақ мәдени-іскерлік үйлерін ашу керек», - деді министр.

Дәурен Абаев үшіншіден, «қандастар» мәртебесін бір терезе принципі бойынша беруге арналған қызметті іске қосу қажеттігін айтты.

«Вице-министр Марат Әзілхановқа биыл конфессияаралық және этникааралық қатынастар саласындағы барлық міндеттердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді ол.

Abai.kz

3 пікір