Дүйсенбі, 29 Сәуір 2024
2846 2 пікір 21 Қаңтар, 2020 сағат 15:08

Ерлан Карин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Карин Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті. Ол кездесу туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

Кеше Ұлттық кеңестің бірқатар мүшелерімен кездесіп Президенттің жуырда жариялаған жаңа бастамаларын қалай жүзеге асырылатындығы туралы ақпарат бердім. Ұлттық кеңестің желтоқсан айында өткен екінші отырысы бойынша Президент әкімшілігінің жетекшісі Ерлан Жақанұлы Қошановтың қолымен арнайы Жоспар бекітілді, ол жоспарға сәйкес тиісті мемлекеттік құрылымдар жуық арада әр бастама бойынша заң жобаларын дайындау қажет. Жоспардың орындалуы Президент әкімшілігінің қатаң бақылауында. Әр аптада мемлекеттік органдардың Жоспарда бекітілген міндеттердің орындалуы туралы ақпараты тыңдалуда. Одан басқа, әріптестермен Ұлттық кеңестің аясында алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жалпы бағыты бойынша талқыладық. Ортақ түсінік бар. Алда үлкен жұмыстар күтіп тұр,- деді ол.

Abai.kz

2 пікір