Жексенбі, 5 Мамыр 2024
46 - сөз 4010 10 пікір 10 Қаңтар, 2020 сағат 12:28

Марқакөл ауданында халық үдере көшіп жатыр

Марқакөл ауданын ашу (ашпау) жөніндегі Өкіметтік комиссия сол өңірде жұмысын бастамақшы.
Іске сәт демекпіз.

Бұл мәселе облыс басшылығының бастамасымен емес, керісінше, ол жақтан мәселені "құйымшықтап", жабулы қазанды тұмшалап тастауға тырысу жағдайында болып отыр.

Басқа облыстарда әкімдер халықтың мүддесі үшін шырылдап жүреді.
Бір ғана мысал, Алматы облысының әкімі А. Батталов бұрынғы Нарынқол ауданын ашуды ешқандай у-шусыз, өзінің деңгейінде шешіп берді. Өйткені, өресі биік, мемлекеттік ойлау дәрежесі жоғары. Аудан ашу үшін "бәлембай миллиард" керек деп байбалам да жасамады, айқайлап жар салмады. Үкіметтік комиссия да артынып- тартынып барған жоқ. Нарынқол ауданы ашылды, қазір естуімізше, халық ақырындап көшуде. Мемлекеттік дәрежеде ойлау, ұлттық қауіпсіздік принциптерін терең түсіну дегеніміз осы!

Дәл сондай жағдайдағы Шығыс аудандарын ашу жергілікті әкімшіліктің түсінбеу "қытай қорғанына" тап болды. Ақпаратты тұмшалап, мәселені шегеріп, халықты зар - қақсатып қойды. Көтерген адам әкімшіліктің жауы, "оппозиция". Міне, олардың принципі.

Ал енді, Марқакөлге барғанда Өкіметтік комиссияның екі көзі төрт болары сөзсіз. Халық үдере көшіп жатыр, иен дала, адамдардың өмір сүру индексі төмендеп кеткен. Соқыр немесе керең болмаса, көрер көзге бәрі анық.
Қазір, Үкіметтік комиссияға зейін, ақыл, мемлекеттік тұрғыда ойлау қабілетін тілейік...

Ерлан Саировтың әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Құйылсын көшің

Бас газет оралмандарға неге шүйлікті?

Әлімжан Әшімұлы 1428
Әдебиет

«Солай емес пе?»

Ғаббас Қабышұлы 1268
Қоғам

Дос көп пе, дұшпан көп пе?

Әбдірашит Бәкірұлы 1029
Ел іші...

Ұлттық бірегейлену: Қандастардың рөлі қандай?

Омарәлі Әділбекұлы 1082